Бүгінгі немерелерді аяймын. Бұрын немерелерді ұлағаты әр ісі мен сөзінен көрінетін қазыналы қариялар әлдилеп, небір аңыз, әфсаналар айтып, бабалар ерлігімен өр етіп, кісіге зәбір жасауға болмайды деп шапағат пен мейірге тәрбиелейтін. Олар «аташка» мен «әжека» емес, ата мен әже еді. Немерелер де қазіргідей гаджетке емес, солардың аузына қарайтын.

Ата көргенім жоқ, олар «халық жауы» деп атылып кетіпті. Ал нағашы әжемнің жасы 90-ға таяп қайтты. Ұзатылғанша, 6 ұлдың ортасындағы байдың қызы, кейін байдың келіні болған әжем сол байлық бастарына сорға бітіп, төркіні шетел ауып, ал келген жұрты «халық жауы» атанып, мал-мүліктен адаланып, бәлшебектің құқайын көргендіктен: «Дүние деген – дос емес пендеге. Ниетің дұрыс болса, құдай жалбарынған жанның алақанын құр тастамайды. Сендер сол жарылқағанының белгісісіңдер, әйтпесе жесір қалып өкімет қудалаған күнде жетілемін деп ойладым ба? Мейірім мен адалдық, обал мен сауаптың не екенін біліп, соны бағалап өсіңдер» дейтін. Әжемнің көл-көсір мейірі біз түгілі ауылдың бар баласына жететін.
Әжемнің қолындағы ұлы көрші ауылдың мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болғандықтан, біздің үйде көп жатпайды. Ең әрі кеткенде бір ай, әйтпесе 15-20 күннен асқан емес. Сонда әжең келгенде жайлауға шыққандай боласың. Шешеңе ұрысқызбайды, барып ойна деп жіберіп, ойыннан көп жүріп қалдым ба деп қорқып келсең: «Қайбір оңып келді дейсің бұл пәтшағар, ойыннан шаршады ғой, мә, тез тамағыңды іш» деп аузыңа ең бір дәмділерді салатын. Ал кешке әжемнің жанында арқасын қасып жатып, ол айтқан әңгімелерді тыңдайсың. Басынан өткендерін, өмірде қандай адамдардан жақсылық көргендерін, жамандық жасаған жандардың кейін жаман болып, тіпті өзінің аяғанын айтатын. «Тек жақсылықты ойла, жақсылық жаса, сонда екі дүниеңде де өкінбейсің, бәрі алдыңнан шығады», дейтін. «Әже, жамандық жасаған ол кім» десең, айтпайды. «Қайтесің, құлыным, оны біліп, ол да жетіскеннен жасамаған болар. Қой, одан да саған ән айтайын ба» деп, жіп-жіңішке даусына салып ән бастайтын. Тыңдап жатып қалай ұйқыға кеткеніңді де білмей қаласың.
Көрші тұрған Қатира әжем де керемет аңқылдаған кісі еді. Соғысқа жары аттанғанда екі қыз, бір ұлмен қалған. Сонда 30-дан енді асқан екен. Қатира әжем сонау заманда ұзатылғанда, алтынды кебіс киген Төлебай байдың ерке қызы болыпты. Астың да, киімнің де, бұйымның да тек асылын ұстап, бұлғақтап өскен байдың қызы қарғадай үш баламен майданға жары аттанғанда, жұмыстың ауыры, жеңілі деп қарамастан, колхозда бел шеше еңбек етеді. Бәрі майданға, бәрі соғысқа деп, елде ішер ас, киер киім жоқ қиын күндерде әжем түйе сауады. Сонда екі қыздан кейінгі Қойшанына сауған сүттен беруге қорқып, көз ала беріп түйенің бауырына тосып, тез-тез еміп алғызады екен. «Ботамен бірге түйе емген ботам» дейтін сол Қойшаны жалғыз болмасын деп, қызы Күлшайды ұзатқан соң бір ұлын бауырына басқан. Осы екі ұлы дегенде жанын үзіп беретін, жарықтық. Сол екінші ұлы Қатира әжемнің ақ Нұрланы – менің сыныптасым. Әжеме тартқан мейлінше ақкөңіл. Мектеп бітіргенімізге 40 жылдан асса да, күніге сыныптастар чатына шығып, амандық сұрап, жаңалықтарын айтпаса асы батпайды. Сыныптас ұл-қыз оған «уатсаптың директоры» деп ат қойып алған. Сол Нұрлан айтады: «Әжем менің әрі әкем, әрі анам ғой. Ондай кісі сирек. Маған үнемі «балам, абыройды жылдар бойы қасықтап жинайсың, ал төгілуі әп-сәтте, сондықтан төгіп алма» деп отыратын. Негізі үлкен кісі тәрбиелеген адам қоғамшыл болып жетіледі, мен де немерелеріме әжем тәрізді тәрбие бергім келеді», дейді.
Баяғыда «Тоғысқан тағдырлар» деген алғашқы ұлттық телехикаят түсірілгенде, тамаша актриса Ғазиза Әбдінабиева ойнаған әжені немерелері «әжека» деді. Сол бәле бүгінде жалпы халыққа жайылып кеткендей. Есік алдына шықсаң, әжесіне «әжека», атасына «аташка» деп жүрген немерелерді көргенде, жүрегіңді осып түскендей әсерде қаласың. Аташка мен әжеканың да балдырғанға шүлдірлеп жатқаны. «Балаға ертегі айтасыз ба, неге аташка болғансыз» десең, «Өй, бұлар қазір ертегі тыңдамайды, мультигін де соткадан көреді. Оның тілін менен артық біледі», дейді аташка мен әжекалар.
Бүгінде өзі де телефонына қарағыштап, немеренің тәрбиесін гаджет билігіне беріп қойған ата-әже көп. Тіпті әуезді ата-әжеден құлаққа жат әжека, аташка деген аты жаман сөзге де құлақтары да үйренген. Ойың он санға кеткенде, кейінгі заманға тәрбиесін адам емес, телефон қолға алған, «аташкалайтын» ұрпақ тәрбиелеп беріп жатқандай көрінеміз. Көңіл соған қатты алаңдайды.
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 18:18
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасарлары лауазымына ұсынылған кандидатуралармен келісті
Парламент • Бүгін, 17:40
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Бүгін, 17:27
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:14
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 17:06
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Бүгін, 17:00
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:54
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Бүгін, 16:41
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Бүгін, 16:36
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Бүгін, 16:32
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Бүгін, 16:32
Елордада 18 қаңтардан бастап ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді
Қоғам • Бүгін, 16:28
Антикор Сапар Нұрашевтың ұсталғанына қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 16:15
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 16:10
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Бүгін, 15:41
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:27
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Бүгін, 15:16
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Бүгін, 15:08
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыратын курс ашылады
Аймақтар • Бүгін, 14:59
Әлеуметтік желі арқылы жарылғыш зат сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:47
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Бүгін, 14:30
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгеге 40-тан астам жобаның қаржыландырылуы мақұлданды
Экономика • Бүгін, 14:20
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 14:05
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Бүгін, 13:46
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Бүгін, 13:38
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 13:00
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Ұқсас жаңалықтар