Кәсіпқой бокс • 12 Қараша, 2020

GGG – үздік үштікте

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой боксшылардың статистикасын жүргізетін BoxRec интернет ба­сылымы боксшылардың салмақ дә­ре­жесінен тыс (P4P) рейтингін жариялады.

GGG – үздік үштікте

Әйгілі басылымның өткен айдағы рейтингінде көш бастаған мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұл жолы үздік ондық­тың тізімінен шығып қалды. Сөйтіп бірінші орынға британиялық Тайсон Фьюри көтерілді. Екінші орынға америкалық Эррол Спенс жайғасса, үздік үштікті отандасымыз Геннадий Головкин түйіндеді.

Рейтингтің кейінгі орындарына Деонтей Уайлдер (АҚШ), Теренс Кроуфорд (АҚШ), Энтони Джошуа (Ұлыбритания), Мэнни Пакьяо (Филиппин), Александр Поветкин (Ресей), Сергей Ковалев (Ресей) және Шон Портер (АҚШ) орналасқан.