Спорт • 13 Қараша, 2020

Келесі қарсылас – Израиль

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Еуро-2022 додасының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрама­сының соңғы қарсыласы анықталды. Екі ойын қорытындысы бойынша Кипрден басым түскен Израиль ойыншылары Қазақстанмен бір топта өнер көрсететін болды.

Келесі қарсылас – Израиль

Футзалдан Қазақстан құрамасы бұған дейін Мажарстан және Беларусьпен бірге 5-топта ойнайтыны белгілі болған еді. Айта кетейік, 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетуінің арқасында Қазақстан құра­масы автоматты түрде Еуро-2022 іріктеуінің үшінші топтық кезеңіне жолдама алған болатын. Еуро-2022 іріктеу кезеңінің топтық ойындары 6 желтоқсанда басталып, 2021 жылдың 14 сәуірінде аяқталады. Іріктеу матчтары биыл бірінші рет «үй – қонақ» жүйесінде өтеді.

32 команда 8 топқа бөлініп, 15 жолдама үшін бақ сынайды. Топта бірінші орын алған сегіз құ­рама және екінші орындағы ең үздік алты команда Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Сондай-ақ соңғы жолдаманы топта өзгелерге қарағанда нашар ойнап, бірақ екінші орын алған екі команда өзара сарапқа салады. Еуропа чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландта өтеді.