Руханият • 20 Қараша, 2020

Компаниялар мен студенттер арасындағы әріптестік

781 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Astana IT University қазақстандық бизнес секторды қолдауға, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған AITU Project Challenge жобасын қолға алды.

Компаниялар мен студенттер арасындағы әріптестік

Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, бағдарлама жаңартып отыру, ақпа­рат енгізуге мүмкіндігі бар нақты жағдай­ларды шешуге арналған жобалық тапсырмалар сериясынан тұрады. Ол келесідей ретпен жұмыс істейді: компаниялар университетке тапсырмалар береді, ал студенттер компанияларға өз шешімдерін ұсынады.

Astana IT University жас мамандар мен осы мамандарға мұқ­таж компания­лар арасында байланыстырушы көпір рө­лін атқарады. Жоғары білікті про­фес­сор-оқытушылар құрамы ұсы­нылған мін­деттерді шешу кезінде қатысушыларды толық қадағалап, бағыттап отырады. Студенттердің нақты жобаларды орындау мен топтық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ компаниялардың цифрлы трансформациясында елдің бизнес сек­торына көмектесуді мақсат еткен жоба келешекте бәсекеге қабілетті, нарық сұранысын болжай білетін білікті мамандар қатарын көбейтуге ұмтылады.

Жобаға қосылу үшін студенттер алдымен Moodle жүйесімен біріктірілген емтихан тапсыру мақсатында онлайн ­прок­теринг әзірлеуге міндетті. Қаты­су­шы­лар тапсырманы компьютер камерасы­мен немесе ұялы телефонмен орындай алады. Осылайша, дайын тапсырманы Moodle арқылы емтихан қабылдаушы бетіне жібереді. Бұл да жастарды инновациялық технологияны қолдануға ынталандырып, бейімдейді.

Проктордың (емтихан қабыл­даушы) емтихан тапсырушыны сәйкестендіруге және күдікті әре­кеттерді тіркеуге мүм­кіндігі бо­лады. Жүйе әр емтихан үшін жиын­тық есеп беруі керек.

Жоба бойынша жұмыс барысында студенттер командаларға бі­ріктіріліп, оқытушылардың же­текшілігімен кіріспе кезеңінде жұ­мыс істей бастады. Атап айтқанда, кейс шешімдерін презентация түрінде дайындайды.

Келесі кезеңде студенттерге Moodle платформасын прокторинг қызметіне қосу, бейнені жіберуге және қабылдауға мүм­кін­дік беретін параққа енгізу үшін код жазу керек.

Екінші кезеңде оқушылар өз жобала­рын іске қосып және ма­шиналық оқы­туға байланыс­ты сервисті қолға алады. Машина­лық оқытудың өзі емтихан тапсыратын және барлық өзгеріс пен күдікті әрекеттерді жазатын адам­ның әрекеттерінің заң­дылығын анық­тай­ды. Бұл жұмыс­тың ашықтығы мен ере­желердің бұзылмауын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта студенттердің жобалары қорытынды кезеңде. Прокторинг жүйесінің жобасы қарашада аяқталады. Қатысу­шы­лар Astana IT University жос­парына сәйкес, күзгі емтихан кезінде тестілеуден өтеді.

Үздік деп танылған команда өз жобасын одан әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП, GTS System және «Технологиялар трансфе­рі орталығы» компанияларынан AITU Project Challenge жобала­ры үшін тапсырмалар жасақталып жатыр. Осы саладағы тапсырмасы, кей­сі бар студенттермен серіктестікке әзір кез келген компания өз хаттарын университет поштасына жібере алады.