Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды.

Жаңа мектепке – Абай есімі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары облыс орталығында жаңадан салынған 1200 орындық мектеп-гимназияны аралап көруден басталды. Бұл жерде Президент білім ордасындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, бастауыш сынып оқушылары оқитын кезекші сыныптарды аралады.
Сонымен бірге Мемлекет басшысына заманауи құралдармен жабдықталған кабинеттер, STEM-зертхана, робот-техника және зияткерлік бөлмелер, мектеп телестудиясы мен медиастудия көрсетілді. Мектепте сабақтан тыс ұйымдастырылатын үйірме жұмыстары үшін ART-студия және хореография залы салынған. Жалпы, бұл мектеп – үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге игі ықпалын тигізетін нысан. Мұнда жақын жерлердегі қазақ мектептерінен 900 оқушы ауыстырылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мектеп-гимназияға Абай Құнанбайұлының есімін беру жөніндегі ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді. Білім ұясы ұлы ақын әрі ойшылдың мұраларын зерттеу, насихаттау орталығына айналады деген сенім бар. Мектеп базасында қалалық қана емес, облыстық іс-шаралар да өткізіп тұруға арналған 700 орындық акт зал бар. Оның іші Абай шығармашылығымен безендірілген.
Президент облыста пандемия кезіндегі оқу үдерісінің қалай ұйымдастырылып жатқанына қызығушылық танытты. Қазіргі таңда өңірдегі 504 мектепте 204 мың шәкірт, соның ішінде, бірінші сыныптың 22 мың оқушысы білім алып жатқаны хабарланды. Сондай-ақ өңірдегі оқушы саны 300-ден аспайтын 279 мектеп штаттық режімде жұмыс істейді. Мұндай білім мекемелерінде 29 мыңға жуық оқушы оқып жүр. Бастауыш және бесінші сынып оқушылары үшін 6166 кезекші сынып ұйымдастырылған. Бұл сыныптарда 77 мыңнан астам бала оқып жатыр. Айта кететін бір жайт, білім беру мекемелерінің бәрінде санитарлық режім барынша күшейтілген.
Спорт – мықты денсаулық кепілі
Қазақстан Президенті Қарағанды қаласындағы жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір мезгілде 650 бала жаттыға алады.
Нысанның инфрақұрылымы әлемнің ең озық стандарттарына сай келеді. Мұнда 11 корт бар, оның 7-уі – жабық. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене шынықтыру жұмыстарына арналған залдар бар.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтың техникалық жабдықталуы туралы егжей-тегжейлі баяндалды. Атап айтқанда, орталықта ATP/WTA Challenger деңгейіндегі әлемнің үздік 100 ойыншысы қатысатын халықаралық және республикалық теннис жарыстарын өткізуге, сондай-ақ отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасалған.
– Қала өміріндегі осындай маңызды нысанның пайдалануға берілуімен құттықтаймын. Біз қазір бұқаралық спортты дамы-
туды мақсат етіп отырмыз. Мына спорт орталығы барлық балалардың үлкен тенниспен шұғылданып, денсаулығын күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл – көпжақты әрі ыңғайлы нысан. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Жәмішұлы Өтемұратовқа ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.
Орталықтың жалпы көлемі 7,8 мың шаршы метрді құрайды. Онда мәжіліс залы мен 2 кафетерий және қонақүй кешені бар.
Шаһар шаруашылығын дамытудың үздік әлемдік тәжірибелеріне сәйкес теннис орталығының айналасындағы 1,5 гектар аумақ толығымен абаттандарылып, көгалдандырылған. Нысан құрылысына жеке инвесторлар 2,4 млрд теңге көлеміндегі қаражат салған.
Қазақстанның теннис федерациясы орталықты әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, операциялық басқару қызметін үйлестіреді.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті Үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты. Жаңадан ашылған спорт нысанында 18 үстелге арналған ойын залы, 9 теннис үстелі орналасқан жаттығу залы, медицина және массаж кабинеттері, жаттығу залы, әкімшілік ғимараты, төрешілер мен бапкерлердің бөлмелері, мәжіліс залы мен VIP-орындар бар.
Заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы оқу-жаттығу жұмыстарын сапалы өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ел спортшыларының шеберлігін шыңдауға ықпал етеді. Орталықта күніне 400 адам үстел теннисін ойнай алады.
Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың, дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың санын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Президент аталған орталықтың салауатты өмір салтын насихаттауға, аймақтағы үстел теннисімен шұғылданатын адамдардың қатарын арттыруға және оны дамытуға зор ықпал етеді деп сенім білдірді.
– Бұл тек жаттығып қана қоймай, халықаралық жарыс өткізуге барлық жағдай жасалған әдемі орталық екен. Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекке, Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері Эльмира Әлиеваға алғыс айтқым келеді. Болашақта үлкен жеңіске жетесіздер деп үміттенемін. Көп жаттықсаңыздар, жетістік те мол болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Орталық құрылысына Қазақстан Республикасының Үстел теннисі федерациясы 1 млрд 950 млн теңге қаржы жұмсаған.
Биыл Қарағанды облысында 85 спорт нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Балама энергия – маңызды бағыт
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аялдаған нысаны «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы болды. Бұл жерде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвестицияларды тарту, сондай-ақ, Қазақстан мен Германияның бірлескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндап берді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысына техникалық газ өндірумен айналысатын «ЛиндеГаз Қазақстан» ЖШС-ның, күн электростанциясы бағытында қызмет ететін «ҚазСолар-50» ЖШС-ның, жылу өткізбейтін құбырлар өндіретін «Изоплюс» ЖШС-ның және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС-ның жетекшілері өз зауыттарының жұмысы және өнім өндіру көлемін ұлғайту жөніндегі жоспарлары жайында ақпарат берді. Бұдан бөлек бүкіл әлемде қалыптасқан экономикалық ахуалды ескере отырып, пандемия кезіндегі жұмыс жағдайы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен қайырымдылық істері туралы егжей-тегжейлі баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазсолар-50» компаниясының өкілімен әңгіме барысында жаңартылатын энергия көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына назар аударды.
– Балама электр энергиясы бағытын қолдаймын. Жолдауда біртіндеп көміртек пайдалануды азайту саясатын жүргізу керек екенін айттым. Бұл бағыттың болашағы зор. Бүкіл әлем аталған бағытта дамып жатыр. Мен Германияға барғанымда осы тақырыпта неміс компанияларының жетекшілерімен сөйлестім. Жалпы, олармен ынтымақтастыққа назар аудару керек деп санаймын. Күн электр энергиясы болашақта бірқатар проблеманы шеше алатын қуатты көзге айналады. Ол сонысымен тартымды, – деді Президент.
Содан кейін Президент канадалық заманауи технология бойынша жылына жезден жасалған 30 млн бұйым шығаратын Steel Manufacturing ЖШС-ның өндіріс аумағын аралап көрді.
Дайын өнім шетелдерге экспортталады
Сапар барысында Президент Қарағандыдағы YDD CORPORATION ЖШС-ның ферроқорытпа зауытында болып, ондағы болат, шойын қорыту кезінде металдардың механикалық және коррозиялық төзімділігін жақсарту үшін қолданылатын жоғары сапалы ферросилиция (FeSi75) өндірісімен танысты.
Бүгінгі күнде табысты жұмыс істеп тұрған зауытта Мемлекет басшысына өндіріс процесі мен өндірісте, құрылыста, кеме, әуе көліктерін және автомобиль жасауда қолданылатын дайын өнімдер көрсетілді.
Кәсіпорынның акционерлері Е.Нығматулин, А.Кемертелидзе және Ж.Аппаз аталған жобаның жергілікті және жаһандық сұранысты қамтамасыз ететінін айтты. Атап айтқанда, мұнда өндірілген ферросилиция Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына шығарылады.
Аталған зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады.
Кәсіпорынның өнімі сапасы жағынан ең жоғары әлемдік талапқа сай келеді. Пандемия кезінде компания өнімнің сатылу аумағын 15 елге арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге үлес қосты. Қазіргі таңда зауыт өз өнімін әлемнің 37 еліне экспорттайды.
Компания COVID-19 пандемиясының бірінші толқыны кезінде жұмыс кестесін вахталық әдіске көшіріп, барлық қажетті жағдай жасағанының арқасында қазіргі өндіріс көлемін сақтап қалды.
Сонымен қатар Президент өндірісті басқару орталығын аралап көріп, Qaz Qarbon ЖШС-ның жаңа жобасымен танысты.
– Бұл өте қажетті және жақсы жоба. Құтты болсын. Қазақстанды индустрияландыруға қомақты үлес қосқанын айтпағанның өзінде, ел экономикасының маңызды активі саналады. Өндірісті жылдам көріп шықтық. Бірақ бұған қатысты үлкен жоспарларымыз бар. Бақылап, көмектесіп отырамыз, – деді Мемлекет басшысы.
Кәсіпорын жұмысына ризашылық білдірген Президент еңбек ұжымына табыс тіледі.
Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарын Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургия комбинатында түйіндеп, алпауыт кәсіпорындағы мырышпен және алюминиймен қаптау цехының жұмысымен танысты.
Металлургиядағы көшбасшы кәсіпорын
Бұл цехта мырышпен қапталған орамды және табақша өнімдерін өндіріледі. Оның жалпы өндірістік қуаты жылына 700 мың тонна өнім шығаруға жетеді.
Кәсіпорынның атқарушы директоры Вадим Басин Президентке өндіріс процесін ұйымдастыру және жабдықтау жұмысының қағидалары туралы айтып берген соң, Мемлекет басшысы цехтың дайын өнімдері мен жұмыс жүктемесін қарап көрді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Наир Биджу Мемлекет басшысына кәсіпорынды одан әрі дамыту перспективасы, жаңа кокс батареясы құрылысының жоспары, экологиялық қалдықтарды азайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар жайында мәлімет берді.
Кәсіпорындағы еңбек ұжымымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның қазақстандық металлургиядағы көшбасшы кәсіпорын екенін атап өтті.
– Мұнда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің еңбек жолын бастаған. Біз өндіріс қуатын арттыруды мақсат етіп отырмыз. Маған жаңа инвестициялық жобалар, өндірісті жаңғырту, әлеуметтік жағдайды жақсарту жайында баяндады. Кәсіпорынның алдында тұрған міндеттер аз емес. Сондықтан оны ретіне қарай шешу керек. Ол жайында бұған дейін Премьер-Министрмен сөйлестім. Жаңа облыс әкімімен де бірқатар мәселені талқыладық. Барлық мәселені ақырындап шешу қажет, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесудің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия зауытының еңбек ұжымына жұмыстарына табыс тіледі.
Қарағанды облысы
Мемлекеттік бақылаудың осалдығынан халық зардап шегуде - сенатор
Парламент • Бүгін, 11:40
Батыс Қазақстан облысындағы су тапшылығы қашан ретке келеді?
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Роман Скляр жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Үкімет • Бүгін, 11:35
Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті
Әлем • Бүгін, 11:35
Жандарбек Бекшин вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылатынын айтты
Коронавирус • Бүгін, 11:30
Депутат Д.Нұржігіт Әділет және Экономика министрліктеріне сауал жолдады
Парламент • Бүгін, 11:13
Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе облысында болды
Медицина • Бүгін, 11:11
Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді
Әлем • Бүгін, 11:10
Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты
Спорт • Бүгін, 11:09
Алматы облысында ірі көлемде балық аулаған браконьер мұз үстінде ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Алматының жаңа ықшамаудандарында сегіз мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:56
Украинада Лениннің соңғы ескерткіші құлатылғаны рас па?
Әлем • Бүгін, 10:55
Алматыда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабық болады
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Экология министрі ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды
Тағайындау • Бүгін, 10:36
TikTok желісінде олқылықтар табылды
Технология • Бүгін, 10:29
Электронды еңбек биржасында 925 мың бос жұмыс орны орналастырылды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 10:06
WhatsApp-та қауіпті вирус тарағаны белгілі болды
Технология • Бүгін, 09:54
Норвегия 29 қаңтардан бастап шекараны жабады
Әлем • Бүгін, 09:50
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 09:46
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады
Руханият • Бүгін, 09:36
Алматыда обырға шалдыққандар көбейген
Медицина • Бүгін, 09:32
Әлеуметтік ұтқырлықтан ұтып тұрмыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Шымкенттегі әскерилер заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Экология • Бүгін, 09:19
Ауыл шаруашылығында қандай мамандықтар қажетсіз боп қалады?
Экономика • Бүгін, 09:14
Пневмониядан өткен тәулікте 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:10
Алматыдағы үй кезегіне қатысты заңсыздық әшкере болды
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Қазақстанда 1163 адам ем-дом алды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 1413 адамда коронавирус анықталды
• Бүгін, 09:02
Қазақстан Чехия нарығына 45 өнімді экспорттайды
Экономика • Бүгін, 09:01
Жоғары оқу орындарына талап қатайтылады
Пікір • Бүгін, 08:58
Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы
Оқиға • Бүгін, 08:51
Руханият • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Үндістан да Еуроодаққа үміт артады
Әлем • Бүгін, 08:44
Ресейлік вакцинаға сұраныс көп
Пікір • Бүгін, 08:42
QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады
Коронавирус • Бүгін, 08:40
Парламент • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:33
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Қоғам • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Заманауи заңдар дамуға серпін береді
Пікір • Бүгін, 08:20
Асыл тұқымды шаруашылықтардың мүмкіндігі артады
Парламент • Бүгін, 08:18
TLab өнімі вирусқа қарсы талдау жасайды
Технология • Бүгін, 08:13
Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет
Оқиға • Бүгін, 08:12
Аустралияда вирус жұқтырғандар тіркелмеді
Әлем • Бүгін, 08:12
60 мыңға жуық құжат электронды форматқа көшірілді
Технология • Бүгін, 08:11
Бразилия Үндістаннан вакцина алдырды
Әлем • Бүгін, 08:11
Инфрақұрылым деректері цифрлануда
Технология • Бүгін, 08:10
Ақтаудың ажарына көлеңке түсірген ескі үйлерді неге жаңғыртпаймыз?
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Гонконг тұрғындары – үйқамақта
Әлем • Бүгін, 08:10
Әдебиет • Бүгін, 08:08
Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы
Қаржы • Бүгін, 08:08
Әдебиет • Бүгін, 08:06
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Әдебиет • Бүгін, 08:05
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтінім берер кезде нені ескеру керек?
Экономика • Бүгін, 08:05
Қаражат тарта білу де бір өнер
Қаржы • Бүгін, 08:05
Экономика • Бүгін, 08:04
Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері
Таным • Бүгін, 08:03
Нейро-мониторинг көп қауіптің алдын алады
Медицина • Бүгін, 08:01
Пікір • Бүгін, 08:01
Екпе салу – қауіптің алдын алу
Коронавирус • Бүгін, 08:00
Пікір • Бүгін, 08:00
Күрделі операциялар да қолдан келеді
Медицина • Бүгін, 07:58
Ұқсас жаңалықтар