Агроөнеркәсіп кешенінің аяққа тұруына сүт өндірісі де өзіндік үлес қосып отыр. Жалпы, осы сүт өндірісінің дамуы нарыққа дайын өнім шығарудан бөлек, мал шаруашылығының өркендеуіне де серпін беретіні анық. Бұған қоса сүт зауыттары отандық өндірістегі жұмыс үдерісінің үдеуі мен адамдардың еңбекпен қамтылуына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Демек, аймақтардағы сүт өндірісінің болашағы айқын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүт дайындау ісіне орасан үлес қосып отырған өңірдің бірі – Алматы облысы. Қазір Жетісуда 82 тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Мұнда 25,7 мың бас сауын сиыр бар. Биылғы 6 айда ғана 6 ферма іске қосылып, Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарындағы сүтті сиырдың саны 2 400 басқа көбейген. Ал жылдың соңына дейін тағы 6 сүт фермасы ашылып, мұндағы сауын сиырдың саны 2 000 басқа жетпекші.
Жалпы, өткен сегіз айда облыста 547,5 мың тонна таза сүт өндіріген болса, оның 89 мың тоннасы жоғарыда айтқан тауарлы-сүт фермаларының дайындаған өнімі екен. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда өскен. 2019 жылы аймақ бойынша 788,2 мың тонна сүт сауылса, фермалардың жылдық үлесі 87,2 мың тонна болыпты. Бұйырса, биыл жетісулық сауыншылар 816,7 мың тонна ағарған дайындауды жоспарлаған. Ал мұндағы сауын фермаларының үлесі 92 мың тонна болмақ.
Айтпақшы, сүт өнімдерін дайындауда алыс аудандарда орналасқан шағын өндірістердің қарқын алу қуантады. Мәселен, Сарқан ауданындағы "Ақбұлақ-Продукт" сүт зауыты қазір нарыққа 15 түрлі өнім шығарып отыр екен. 2008 жылы қайта жаңғыртылып, екінші тынысын ашқан өндіріс тәулігіне 80 тоннадан астам сүт өңдеуге қауқарлы. Зауыттың пастерленген табиғи сүтіне, шалап, құрт, сары май, қаймақ, айран мен ірімшік сияқты өнімдеріне сұраныс жоғары.
"Бұл іске 2008 жылы ден қойдық. Әуелі зауытты заманға сай жабдықтауды ойлап, жаңа құрал-жабдықтар сатып алдық. Алғашында сүттен 3 түрлі өнім шығардық. Қазір оның саны он бестен асты. Әрине, мемлекет қолдауын сезініп отырмыз. Биыл зауыт өндірген табиғи сүтке, сары майға және қатты ірімшікке 80 млн теңге субсидия алдық. Нәтижесінде, зауыттың өндірісін көлемін арттыруға қол жеткіздік. Жақында 17 млн теңге тұратын компрессор сатып алдық. Енді өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа өнім түрін шығаруды жоспарлап отырмыз", дейді "Ақбұлақ-Продукт" сүт зауытының директоры Бауыржан Қалимолданов.
Қазір зауыт өз өнімдерімен Сарқан ауданын толықтай қамтып, көрші аудандардың да сұранысын өтеуге көшкен. Ал Алматы қаласының тұрғындары бұл зауыттың тұрақты тұтынушылары деуге болады. Енді аудандағы зауыт тұтыну нарығына пастерленген табиғи сүті, шалап, құрт, сары май, қаймақ, айран, қатты ірімшіктен бөлек тәтті йогурт пен Голланд ірімшігін де шығармақ. Бұған негіз бар, дайындық та жеткілікті. Сұраныстың артатына да сенім мол.
Жалпы, "Ақбұлақ-Продукт" сүт зауытының өнімінде жасанды құрғақ қоспа жоқ, шикізат көзі табиғи сүттен алынады екен. Қазір қажетті сүтті ауыл-аймақтың тұрғындарынан сатып алуда. Биыл басшылық зауытқа қарасты шаруашылықтың іргесін кеңейтіп, асыл тұқымды сауын сиыр асырауға бет бұрған. Яғни, Сарқан ауданында тағы бір тауарлы-сүт фермасы салынатын болады. Бұл жаңа жұмыс орынының ашылуына жол ашпақ. Ал бүгінде зауытта 67 адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Орташа жалақы 100 000 теңге екен. Зауыт басшылығы озық технологияны меңгерген жас мандарды жұмысқа тартуды дәстүрге айналдырыпты. Биыл аудандағы зауытқа 12 жас маман келген. Демек, ел ішіндегі өндірістің адымы ұзарып, өнім көлемі арта түсетініне сенім мол.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар