Айта кетейік, Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің қатысуымен бұған дейін барлық өңірдің қоғам өкілдерімен, экобелсенділермен аймақтардағы экологиялық ахуал бойынша 17 онлайн-кездесу өтіп, оларға 25 мың қазақстандық қатысқан. Олардың ұсыныстары ескеріле отырып, нәтижесінде қоршаған орта ахуалын жақсарту жөніндегі нақты шараларды көздейтін 17 Жол картасы дайындалды.
«Өңірлердегі негізгі экологиялық проблемаларға атмосфералық ауаның, беткі сулардың ластануы, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейінің төмендігі мен қоқыс алаңдарының толып кетуі, сонымен бірге тарихи ластану орындары жатады. Он қалада ластану индексі жоғары, яғни 7 мен 10 көрсеткіштерінің арасында. Олар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш қалалары», - деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.
Жол карталары толық жүзеге асса аталған қалалардағы ластану индексі орташа деңгейге төмендейді. Мысалы, Зұлфұхар Жолдасов Алматы қаласының экологиясын жақсарту үшін 20 іс-шара қарастырылғанын мәлімдеді.
«Негізгілері – ЖЭС-1 мен ЖЭС-3-ті және жеке секторларды газға көшіру, қоғамдық көліктерге біртіндеп дизел отынымын жүруге тыйым салу, жасыл желектер аумағын 1427-ден 1928 гектарға дейін жеткізу және жел режимін зерттеп, соның нәтижесі бойынша қаланың архитектуралық келбеті Ережесін өзгерту, құрылыстардың Бос жоспарына түзетулер енгізу жұмыстары. Осы шаралардың нәтижесінде қалдықтар көлемі 144 мың тоннадан 79 мың тоннаға немесе 44%-ға дейін азаяды. Сонда ластану индексі жоғары 8 көрсеткішінен 6-ға түседі», - деді З.Жолдасов.
Жол карталарындағы іс-шаралар 2024 жылға қарай Ақтөбе мен Атырау облыстарындағы атмосфералық ауаның ластану индексін жоғары 7-ден 5-ке, Шығыс Қазақстан облысында 7-ден 6-ға, Қарағанды облысында 9-дан 6-ға түсіреді.
«Жол карталары Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 15%-дан 30%-ға дейін жеткізуге, 24 жаңа полигондар салуға және толып кеткен бес 5 полигонды қалпына келтіруге және жоюға, ежелден ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға, 7 жаңа кәріздік тазарту кешендерін салуға және 12 кәріздік тазарту кешендерін қайта жаңғыртуға, елді мекендерде 15 млн. және орман алқаптарында 2 млрд. ағаш отырғызуға мүмкіндік береді», - деді Зұлфұхар Жолдасов.
Тікелей эфирде әр өңірдің Жол картасы жеке-жеке талқыланып, барлық өңірлік департамент басшылары қоршаған орта жағдайын жақсарту жөніндегі жоспарларын таныстырды. Зұлфұхар Жолдасов қоғам өкілдерінің - экобелсенділерің қатысуымен Жол карталарының орындалуын бақылайтын Экологиялық кеңес құруға, іс-шараларды өз мерзімінде жүзеге асыруға тапсырма берді.
Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Facebook парақшасындағы тікелей эфирдегі жиында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өңірлік жетекшілерімен облыстардағы экологиялық ахуалды жақсарту бойынша Жол карталары талқыланды.
Басылым • Бүгін, 08:48
Бас қалаға арналған балалар байқауы
Байқау • Бүгін, 08:45
Қоғам • Бүгін, 08:42
Жас экологтердің озық жобалары
Жоба • Бүгін, 08:40
Ғылым • Бүгін, 08:38