Елорда • 30 Қараша, 2020

Ақылды жобалар – қолайлы қозғалыс кепілі

334 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Жол-көлік оқиғаларының деректеріне сәйкес, Алаш тасжолы мен Уәлиханов көшесі және Сейфуллин көшесі мен Уәлиханов көшелері қиылыстары жол-көлік оқиғалары жиі болады. Сейфуллин көшесі мен Уәлиханов көшесі қиылысындағы сол жақ бұрылыстарға тыйым салу және екі қиылыста да маршруттық автобустар үшін бөлінген бұрылысты енгізу, сондай-ақ диагональды жаяу жүргіншілер өткелін жайластыру туралы шешім қабылданды.

Ақылды жобалар – қолайлы қозғалыс кепілі

Қиылыста диагональды ауысуды ен­гізу­дің нәтижесінде көлік-жаяу жүр­гін­ші қақтығысы мәселесі шешіліп, бұл жаяу жүргіншілердің соқтығысу жағдайларын едәуір азайтты.

«Сонымен қатар көлік құралдарының қиындықсыз бұрылуы осы қиылыста айналмалы қозғалыстың өткізу қабілетін арт­тырды. Сол жақ бұрылыстарға ты­­йым салу және қоғамдық көлікке бө­лінген бұрылысты ұйымдастыру арқы­лы қиылыстардың өткізу қабілеті мен қоғамдық көліктің өткізгіштігі артты. Маңызды факторлардың тағы бірі – жүр­­гізуші құрамының біліктілігін көтеру. Мәселен, біліктілікті арттыру орталығында түрлі бағдарламалар бо­­йынша 7,5 мыңнан аса жүргізуші мен 2,5 мың ЖАТЭЖ (кондукторлар) кон­сультанттары оқытылды. Мар­шрут­тық желі бойынша жүргізілген жұ­мыстың нәтижесі бойынша автобус та­сымалдау қызметінің сапасы артты. Жүр­гізушілер арасындағы «жарыс», аял­дама пункттерінде ұзақ тұру, аялдама пункттерінен тоқтамай өтуі, жүр­гі­зу­шілердің дөрекілігі сияқты бұзу­шы­лықтар іс жүзінде нөлге дейін азайтылды. Қоғамдық көлікті пайдаланатын тұрғындардың үлесі 50%-ға дейін артты. Автобус паркі 80%-ға жаңартылды. 400-ден аса ескірген автобус пайдаланудан шығарылды), 838 жаңа автобус сатып алынды, оның 100-і электробус­тар», дейді City Transportation Systems компаниясының мамандары.

Сатып алынған автобустар елорданың климаттық жағдайларына бейімделген (қос әйнектеу, күшейтілген жылыту және ауа баптау жүйесі), автобустардың едені төмен және мүгедектерге арналған пандустары бар, барлық жүйемен жаб­дық­талған: бейнебақылау, диспетчерлеу, ақпараттандыру және жол ақысын төлеудің электронды жүйесі. 2018 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап қоғамдық кө­лік­тің барлығы жолақысын төлеудің элек­трон­ды жүйесіне көшті.

Әлемнің жетекші қалаларының үлгісімен азаматтарды қолма-қол ақша­сыз есеп айырысуға көшуге ынталандыру бойынша 2018 жылғы 21 шілдеден бастап сараланған тариф енгізілді. Онда қолма-қол ақшамен төлеу, қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеуге қарағанда екі есе қымбат болды. Осы ретте көлік картасымен төлеуден басқа, төлемнің баламалы түрлері іске қосылды. Бұл – SMS-хабарламалар, QR-кодтар, түрлі қосымшалар арқылы төлеу. Бүгінде жол жүрудің қолма-қол ақшасыз төлемінің үлесі 100%-ды құрайды, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 97%-ға тең болды. Бұл жүйені енгізу оң нәтиже берді, оның арқасында тасымалдаушылардың шығыс пен кірістер сомасының ашықтығын арттыруға, барлық жүргізушіні кәсіп­орын­дар штатына көшіруге және жол жарыстарынан құтылуға, кестелердің сақ­талуын арттыруға мүмкіндік туды. Пандемия кезеңінде штаттағы жүр­гі­зушілердің нақты саны 1 425 адамды құрайды, бұл – 2018 жылмен са­лыс­тыр­ған­да 30%-ға артық.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, бұл жүйе көлеңкелі айналымның үлесін барынша қысқартуға, салық түсімдерін 40%-ға ұлғайтуға және бюджеттік қар­жы­лан­дыруды жоспарлаудың нақты тетігін алуға мүмкіндік берді. Жолақысын тө­леу­дің электронды жүйесін енгізу, қыз­мет көрсету және талдау жүргізу үшін компанияның базасында арнайы бө­лім­ше жұмыс істейді. Сонымен қатар олар жеңілдік санаттары бар азаматтарға ар­нал­ған карточкаларды беру мен қызмет көр­сету жұмыстарымен айналысады.

Елордада азаматтардың 6 санаты, сон­дай-ақ көлік картасы бар 18 жасқа де­йін­гі барлық балалар тегін жол жүруге құ­қылы.

Бүгінде елорда көшелерінде жалпы ұзындығы 77 шақырымды құрайтын 24 учаскеде бөлінген жолақтардың қаң­қасы қалыптастырылды. Арнайы жо­лақ­тарды енгізу тиімділігі орта есеппен кемінде 14%-ды құрады. Жедел жәр­дем көліктері, өрт сөндіру және төтенше жағдайлар техникасы, сондай-ақ ресми такси қызметтерінің машина­ла­ры белгіленген жолақтарда еркін жүре алады. Бұл аталған қызметтердің көлік құралдарының қатысуымен болатын ЖКО санын айтарлықтай азайтуға және көмекке келу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Интеллектуалды көлік жүйесінің 2-кезегін жүзеге асыру аясында аялдама пунктіне автобустардың келу уақыты туралы ақпараттандырудың 186 таблосы орнатылды.

Сонымен қатар 6 қолжетімді қосым­ша­ларда автобустардың орналасқан же­рін онлайн режімде көруге болады. Олар – 2GIS, Astrabus, Яндекс транспорт, Senim, SmartAstana, BusTime сияқты танымал қосымшалар. Маршруттық желілер мен автобустардың тұрақты жаңғыртылуын, цифрлы технология­ларды енгізуді, үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, қаланың ЖҚҰ өзгерістерді ескере отырып, көлік мамандарына біліктілікті арттыру орталығында тиісті оқыту жүргізілуде.

Оқытудың негізгі мақсаты – жүр­гі­зушілердің мәдениетін, олардың кә­сі­билігі мен қызмет көрсету сапасын арт­тыру, көлік саласындағы білімді өзектендіру. 2020 жылы 635 жүргізуші және 393 басқа да қоғамдық көлік мамандары (1 028 адам) оқудан өтті.

«iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығы – елорданың коммуналдық кәсіпорындарының барлық байланыс орталықтарын біріктіретін және қала тұрғындарымен үнемі байланыста болатын, 24/7 режімінде жұмыс істейтін бірыңғай жүйе. Соның арқасында елорда тұрғындарынан өтініштері мен ұсыныстары талданады.

Спорт мәдениетін дамыту мақсатында 2014 жылдан бастап елордада Astana Bike велопрокатының жобасы іске асырылды. Осы жылы бұл жоба CTS компаниясының басқаруына берілді, оның шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілді. Дәлірек айтсақ, Velobike.kz ресми сайт қайта жасалды, сайтта тікелей онлайн тіркеу, онлайн толтыру және төлеу функция­­­­­лары 24 сағаттық режімде енгізілді, iKomek операторлары тартылды, мониторинг үшін ТБО камералары мен КБД қызметкерлері жұмылдырылады. Осы жаңалықтардың барлығы бұл қызметтің айтарлықтай өсуіне ықпал етті және нәтижесінде пайдаланушылар саны 2 есе өсті. Іске қосылған сәттен бастап жүйеде 14,2 мыңнан аса жаңа пайдаланушы тіркелді, 14 мың абонемент сатып алынды, ал велосипедті пайдаланушылардың жалпы жүріп өткен жолы 1,6 млн км құрады.

Келесі жылы велостансалардың санын 25 бірлікке, ал велосипедтерді 300 бірлікке ұлғайту жоспарлануда.