Шығыс Қазақстанға газды Ресейден тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, қазір ресейлік «Газпром» ААҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Бүгінде екі жақтың ведомстволары арасында Барнаул – Рубцовск – Семей – Өскемен газ құбырын салу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Министрдің айтуынша, бұл жоба іске асырылса, 2 млн 100 мың адам көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қазақстанда «Сарыарқа» магистральды газ құбыры пайдалануға берілгенін айта кеткен орынды. Осы арқылы былтыр Қарағанды және Ақмола облыстарымен бірге елордаға көгілдір отын жеткізілді.
«Қазір Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елді мекендерді газға қосу мәселесімен айналысып жатыр. Бас шаһардағы І-ІІ жылу орталықтарында су қыздыруды газға ауыстыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде орындалып келеді. Барлығы 16 нысанды ауыстыру керек болса, оның 4-еуі газға көшірілді. Алдағы уақытта «Сарыарқа» газ құбырының 2-ші және 3-ші кезегін жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл Ақмола облысының Көкшетау қаласын, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласын газдандыруға жол ашады. Осы көзделген меже сәтімен орындалса, 800 мыңнан астам адам көгілдір отынды пайдалана алады», деді Н.Ноғаев.
Ведомство басшысының пікіріне сүйенсек, қазір елімізде газдандыру деңгейі 51,5%-ды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 53%-ға, 2025 жылға қарай 55%-ға артады деп болжануда.
Жауапты орган басшысы отандық мұнай-газ химия саласында атқарылып жатқаны жұмыстарға да тоқталды. Бұл бағыттағы өндіріс орындарының 90%-ы республиканың батыс өңірінде шоғырланған. Бүгінде салалық жобалар бойынша 15 млрд долларды құрайтын пул құрылды.
«Мемлекет басшысының мұнай-газ химияны дамыту, яғни терең өңделген өнім, қосымша құны жоғары өнім шығару жөніндегі тапсырмасын орындау бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. Мысалы, Атырау облысында ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі құрылды. Арнайы экономикалық аймақ аясында жылына 500 мың тонна полипропилен шығару өндірісі жүзеге асырылып жатыр. Бұл кәсіпорында 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады», деді Энергетика министрі.
Спикер еліміздің өзге де өңірлерінде түрлі өндірістер өз жұмыстарын бастағанын жеткізді. Айталық, Павлодар облысында жылдық қуаты 70 мың тонна полипропилен шығаруға қауқарлы зауыт іске қосылды. Алматы облысында жылына 100 мың тонна жақпа май шығаратын өндіріс орны ашылды. Шымкентте жақпа майлар, сол секілді Атырау мұнай-өңдеу зауытында ароматты мұнай өнімдерін шығару жұмысы жолға қойылды.
Биыл дизель отыны мен авиакеросин өндірісі жоспарлы түрде қысқартылып, битум өндірісі ұлғайтылды. Тұтастай алғанда, 2020 жылы 984 мың тонна битум өндіру жоспарланған еді.
«Әсіресе биыл жол құрылысы жұмыстары қарқын алды. Оның нәтижесінде жоспар асыра орындалып, 1 млн тоннадан аса битум шығарылды. Яғни алдымызға қойған міндетті орындай алдық», деді Н.Ноғаев.
Ведомство басшысының айтуынша, осы жылы 90 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Алайда пандемияның салдарынан бұл көрсеткіш 85 млн тоннаға дейін төмендетілді. Себебі әлемде экономикалық белсенділік төмендеп, мұнай және мұнай өнімдеріне сұраныс азайса керек. Сәйкесінше, мұнай өңдеу көрсеткіші 17 млн-нан 16 млн тоннаға дейін азайды.
Еліміздің бас энергетигі желтоқсанның басында ОПЕК+ мүшелері 2021 жылға арналған мұнай өндіру көлемі туралы шешімдерін жариялайтынын айтты.
«Алыпсатарлық фактор – уақытша, сол секілді биыл резервуарлардың шамадан артық толуына және жекелеген бөлімдер мен тұтас кен орындарының тоқтап қалуына жол бермеу үшін өндірісті 5 млн тоннаға азайттық. Бұл ОПЕК+ келісімі аясындағы қажетті шаралар. Бүгінге дейін келісімді ұстанып отырмыз. Сарапшылардың айтуынша, көптеген елде әзірленіп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина оң ықпалын тигізіп, экономикалық даму қалпына келеді. Әрине, әлемнің әр түкпірінде болып жатқан әскери қақтығыстарға сақтықпен қараймыз. Бірақ вакцина табылып, адамзат бұрынғы режімге оралады деп үміттенеміз», деді.
Шамамен 1-2 желтоқсанда ОПЕК+ мүшелері кеңейтілген құрамда мұнай өндіруді қысқартуды немесе одан әрі ұзарту туралы хабарлауы тиіс. Қолданыстағы келісімге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың сәуіріне дейін шикізаттың қысқартылған өнім көлемі 14% деңгейінде сақталуы тиіс.
Бұдан басқа келесі жылы сұйытылған мұнай-газды 100% электронды аукционда сату жоспарланып отырғаны айтылды.
«Қазір елімізде 3 млн 200 мың тонна сұйытылған мұнай газы өндіріледі. Соның 1,5 млн тоннасы ішкі нарыққа бағытталған. Атап айтқанда, 80%-ы сұйытылған газбен жүретін автомобильдерге, 20% көпқабатты үйлерде ас дайындауға және мұнай-газ химия саласындағы жобаларға арналған. Автомобильдік сұйытылған мұнай газды сауда-саттыққа шығару келесі шарттармен жүзеге асырылады. Барлық өнімнің 25% электронды сауда алаңдарында сатылады. Қалған 75% жергілікті атқарушы органдар ұсынған өтінімдер бойынша өңірлерге бөлінеді», деді салалық органның басшысы.
Биыл көмірсутегі шикізатына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге байланысты электронды аукциондар өткізіле бастады. Бұл Жер қойнауын пайдалану жөніндегі кодекс бойынша жүзеге асырылды.
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар