Әлемнің саяси сахнасында беделге ие тәжірибелі тұлғалар мен сарапшылар халықаралық қауіпсіздік пен жаһандық ядролық қаруға қарсы диалогты қайта бастау мәселесін көтеріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық бастамасына қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Әлемдік экономика және саясат институты бірлесе отырып, Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық қаруға қарсы диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференция өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы қарашада Астана клубының 5-ші отырысында жария еткен Ядролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбасшылар альянсын (ЖКА) құру бастамасын ілгерілету болды.
Дүние жүзі қауіпсіздігі саласында қордаланған бұл мәселені талқылауға Астана клубының Консультативтік кеңесінің жетекші мүшелері, сондай-ақ сыртқы саясат және ядролық қауіпсіздік мәселелері саласындағы бірқатар көрнекті әлем саясаткерлері мен сарапшылары атсалысты. Олардың қатарында МАГАТЭ-нің Бас директоры (1997-2009), 2005 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадей, Финляндияның бұрынғы президенті (2000-2012) Тарья Халонен, Мадрид клубының жетекшісі, Словенияның 2007-2012 жылдардағы президенті Данило Тюрк, Ауғанстан Ислам Республикасының экс-президенті (2004-2014) Хамид Карзай, «Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық науқанның» атқарушы директоры (ICAN), 2017 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Беатрис Фин, Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің вице-президенті (CFR) Джеймс Линдси, Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің (РХІК) бас директоры Андрей Кортунов, Халықаралық бейбітшілік институтының (IIP) вице-президенті, БҰҰ Бас хатшысының экс-орынбасары Ангела Кейн, Норвегиялық Нобель комитетінің мүшесі Асле Тойе және басқа да беделді спикерлер болды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс-шара қатысушыларына арнаған бейнежолдауында пандемия салдарынан болған әлемдегі тұрақсыздық, экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа тоқтала келе, адамзаттың бұл қиындықты да еңсеретініне сенім білдірді. Елбасы ядролық қарудың қаупі әлі де сейілмегенін баса айтты. «Биыл әлем трагедиялық датаны атап өтті. Осыдан 75 жыл бұрын бірінші рет ядролық қару жарылған-ды. Содан бері бірнеше буын өсіп жетіліп, Хиросима мен Нагасаки апатын естен шығара бастады. Алайда жаһандық ядролық архитектураға жүргізілген талдау бұл бұрыс әрі қауіпті жол екенін көрсетіп отыр. Біріншіден, «ядролық бестікке» ядролық қаруға де-факто ие мемлекеттер де қосылды. Олардың қатарына бұл қаруға ие болуға жақын елдерді де жатқызуға болады. Екіншіден, ядролық арсеналдың 90 пайызы тиесілі Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасы шиеленісіп тұр. Үшіншіден, Вашингтон мен Бейжің текетіресі де күрделенді. Төртіншіден, АҚШ-тың Жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарынан бас тартуы Иран мен Солтүстік Кореядағы ядролық жағдайдың түйінін шешуді қиындатып жіберді. Бесіншіден, әлемнің жетекші елдерінің жоғары технологиялы қару бәсекесі жаңа сипат алып, ғарышта да жүріп жатыр», деді Н.Назарбаев.
Сондай-ақ Елбасы өз сөзінде Қазақстан Президенті ретінде сыртқы саяси қызметінің едәуір бөлігін саналы түрде ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу идеясына арнағанын ерекше атап өтті. «Бұған бірнеше себеп негіз болды.
Біріншіден, Қазақстанда бір жарым миллион адам Семей полигонында сыналған ядролық қарудың қасіретін тартты. Әлемдегі ең ірі ядролық полигон менің Жарлығым бойынша 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім – адамзат тарихындағы ядролық сынақтарды жүргізуге қойылған тұңғыш заңды тыйым болды. Кейінірек басқа мемлекеттер де өз полигондарын жауып, сынақтарды тоқтата бастады. Осылайша біздің елдің үлгісі қолдау тауып, жаһандық сипатқа ие болды. Оның үстіне бұл шешім 1996 жылы Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың қабылдануына жол ашты. Сондай-ақ Қазақстанның бастамасымен 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады. Бұл күн жыл сайын бүкіл әлемде атап өтіледі. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін әлемдегі төртінші қуатты ядролық қару арсеналынан өз еркімен бас тартты. Тарих бұл қадамның дұрыстығын растап берді. Біз өзіміздің осы батыл үлгімізбен прогресс пен гүлденуге бейбіт жолмен жетуге болатынын көрсеттік. Үшіншіден, Қазақстан ядролық қарусыздандыру бойынша барлық келісімдерге қатысты. Осынау маңызды бастамада бізге қосылғандарға алғыс ретінде мен «Ядролық қарусыз әлем мен жаһандық қауіпсіздік үшін» сыйлығын бекіттім. Қазақстанда одан бөлек кез келген мемлекетке бейбіт атом саласын дамытуға мүмкіндік беретін МАГАТЭ банкі құрылды», деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сөз соңында Елбасы Жаһандық көшбасшылар альянсын құру бастамасына қолдау білдірген саясаткерлер мен белгілі сарапшыларға алғыс білдірді. «Ядролық қауіпсіздікті қолдайтын және ядролық қарудан азат әлемнің Жаһандық көшбасшылар альянсын құру туралы бастамамды қолдаған баршаңызға алғыс білдіремін. Альянсты құру және мақсатын айқындау жолында қабылдаған ашық мәлімдемеміз бұл бағыттағы алғашқы қадам. Жер шары ерте ме, кеш пе, ядролық қарудан бас тартып, мен ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің басты міндеті орындалатынына сенімдімін», деді Елбасы.
Алқалы жиында сөз алған халықаралық сарапшылардың бірі, Жаһандық қауіпсіздік институтының президенті Джонатан Гранофф Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтудағы ерекше маңызы мен рөлін атап өтті.
«Қазақстан мен Тұңғыш Президент Назарбаев шақырған осы іс-шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Ол кісінің бұл мәселедегі ең маңызды артықшылығы – іс-әрекетке негізделген беделі. Нұрсұлтан Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте таныстырған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде айтылған сөздер әлемдегі бүгінгі жағдайды толығымен сипаттайды. Көшбасшы елдер өзінің ядролық қару арсеналын толықтырып қана қоймай, оны жарыса жетілдіріп жатыр. Осылайша аса қауіпті қаруды қолдану ықтималдығы күннен-күнге артып келеді. Сол себепті де бүгінгі бастаманың маңызы арта түспек», деді Джонатан Гранофф.
Сарапшы Жаһандық көшбасшылар альянсын құру бастамасы үшін Елбасына алғыс білдіре отырып, адамзатты осы қауіптен біржола арылту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек екенін және бұдан маңызды мақсат жоқ екенін баса айтты.
МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры, әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Мұхаммед әл-Барадей Елбасы бастамасының табысты жүзеге асатынына сенім білдіре отырып, ұстанған идеяны нақты іске асыратын уақыт жеткенін айтты. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев айтқандай, «Сене білу – бұл жарты жолдан өту», біздің барлығымыз қарусыз әлем құрылатынына сенеміз, енді сол сенімді жүзеге асыруымыз керек. Сарапшылар ядролық қару әлемге дәл бүгінгідей қауіп төндірмегенімен толық келіседі. Себебі қазір жаңа технологияның дамуымен саланың үздіксіз дамып жатқанын көріп отырмыз. Ядролық қаруы бар елдер өзге мемлекеттерді соғыс үрейінде ұстайтыны да белгілі», деді Мұхаммед әл-Барадей.
Сарапшы ядролық қару саласындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін ірі державалардың келіссөз жүргізуге дайын болуы да маңызды екенін баса айтты.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербо қауіпсіздік мәселесіне арналған белді алаңдардың бірінде сөз сөйлеп, әріптестерімен осы талқылауға қатысудың үлкен мәртебе екенін жеткізді. Оның айтуынша, ұжымдық әрекетсіз ядролық қару мәселесін шешу мүмкін емес. Сол себепті де сарапшы осындай сындарлы диалог құруға мүмкіндік беретін алаңдардың маңызы арта түсетініне сенімді.
Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты, «Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық науқанның» (ICAN) атқарушы директоры Беатрис Фин Қазақстанның Ядролық қаруға жан-жақты тыйым салу туралы шартты ілгерілетудегі ерекше рөлін айқындады. «Осы шартты күшіне енгізу процесіне қатысатын жетекші елдердің бірі ретінде Қазақстанның атқарған керемет жұмысын тағы да бір рет атап өткім келеді», деді сарапшы.
Сессия барысында норвегиялық Нобель комитетінің мүшесі Асле Тойе Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалады. «Менің ойымша Қазақстан ұсынған мәселелердің маңызы зор. Бұл елдің мұсылман әлемі мен Батыс, Ресей мен Қытай арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етуге дайындығы көңілге үміт ұялатады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болған кезде біз бұған көз жеткіздік», деді Асле Тойе.
Халықаралық бейбітшілік институтының (IIP) вице-президенті, БҰҰ Бас хатшысының экс-орынбасары Ангела Кейн де өз сөзінде Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық еткен кезінде аса маңызды рөл атқарғанына назар аударды. «Қазақстан бұл мәселені қолдап, бастама көтермегенде дәл қазір осындай талқылау жүргізе алмас едік. Бұл мәселеде елдің мықты беделін де айтпай кетпеуге болмайды», деп атап өтті спикер.
Келелі жиында сарапшылар пікірін жалғаған Мадрид клубының президенті және Словенияның экс-президенті Данило Тюрк жаһандық қауіп-қатер туралы айта келе, әлемдегі шиеленіскен саяси оқиғаларды айқындап алу керектігін баса айтты. Оның айтуынша, біз әдетте ірі державалар арасындағы текетіреске, оны тиімді шешу жолдарына көп бас қатырамыз. Алайда орташа және шағын мемлекеттерді де ұмытпауымыз керек. Одан бөлек Д.Тюрк қазіргі өзекті мәселелерді шешуде тарих пен өткен тәжірибеге де мән бергеніміз дұрыс екенін айтты.
Британ-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманның Ұлыбританияның танымал баспасында жарық көрген «Ұлт атасы: Әлем адамы. Көшбасшылық тарихы» кітабының тұсаукесері конференцияның елеулі оқиғаларының бірі болды.
Автор туындының тұсаукесерінде Тұңғыш Президенттің басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен өзгерістеріне өз көзімен куә болғанын айта келе, Нұрсұлтан Назарбаевты «ядросыз әлемнің нағыз қорғаушысы» деп сипаттады.
«Осы кітапты жаза отырып, мен бұл – ядролық сынақтардың кесірінен халқының басынан өткен қорқынышты жағдайлар бүкіл адамзат үшін ескерту екеніне сенетін адамның шынайы миссиясы екенін түсіндім», деді Руперт Гудман.
Конференция жұмысы Астана клубының Консультативтік кеңес мүшелерінің Альянс жұмысын әрі қарай қолдау қажеттілігі туралы әлемдік көшбасшыларға арналған Ашық үндеуін (Open Call) қабылдауымен аяқталды.
Мажарстанның мерейі үстем болды
Спорт • Кеше
2020 жылы қанша кәсіпорын жабылып қалды?
Қазақстан • Кеше
Футбол • Кеше
Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 7 жаңа медициналық нысан салынуда
Аймақтар • Кеше
Алматыда коронавирустық жағдай күрделене түсті
Аймақтар • Кеше
Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі
Қоғам • Кеше
Теңгеге әсер ететін факторлар нақтыланды
Қаржы • Кеше
4 080 педагог біліктілік тестілеуден өтеді
Аймақтар • Кеше
Сыбайлас жемқорлық жасаған 15 басшы жауапқа тартылды
Қоғам • Кеше
Шымкентте ТОП-10 инвестициялық жобалар іске асады
Аймақтар • Кеше
Қор биржасы 2020 жылды қортындылады
Қаржы • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды?
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Аймақтар • Кеше
ЕО вакцинация төлқұжатын енгізе ме?
Медицина • Кеше
Елордада заңсыз орнатылған жарнама объектілері анықталды
Елорда • Кеше
Қазақстан Әзербайжаннан қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды
Қазақстан • Кеше
Қоғамдық көліктерде жол ақысын 4 тәсілмен төлеуге болады
Елорда • Кеше
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға қамалды
Аймақтар • Кеше
Қар барысының терісі: Туризм академиясының президенті сынға қалды
Қазақстан • Кеше
Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov-та 6 қызмет іске қосылды
Қазақстан • Кеше
Былтыр Қызылордада 2181 азамат «Бастау» жобасын онлайн оқыды
Аймақтар • Кеше
Қызылорадада биыл 98 тұрғын үй салынады
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановтың үй қамауындағы мерзімі ұзартылды
Қоғам • Кеше
Елордалық жігіт көпірден секіріп өлмек болған
Елорда • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова Социалистік Еңбек ерін құттықтады
Аймақтар • Кеше
2020 жылы қазақстандықтар қанша алтын құйма сатып алды
Қазақстан • Кеше
Елордада көпірден секірмек болған жігіт аман қалды
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Президент • Кеше
Жамбыл облысында алғаш рет ауылда мұз айдыны ашылды
Аймақтар • Кеше
Ордабасыда құны 1 млн теңгеден астам күркетауықтарды ұрлап кеткен
Қазақстан • Кеше
Атырауда ішімдік ішкен 20-ға жуық жасөспірім ұсталды
Аймақтар • Кеше
WhatsApp бөтен адамға ақпарат беретіні рас па?
Технология • Кеше
20 қаңтар: Жетісайда егін маусымы басталды
Аймақтар • Кеше
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан • Кеше
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Экология • Кеше
Үржарлық полицейлер қалың қармен күресті
Видео • Кеше
Алматыдағы метро басшысы тағы ауысты
Тағайындау • Кеше
Жақынына жанашыр болған жетісулықтар
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды
Аймақтар • Кеше
Кәсіпкерлердің құқын бұзу дерегі кемімей тұр
Қоғам • Кеше
Түркістанда машина жасау саласына инвестиция тартылады
Аймақтар • Кеше
Қызылордада былтыр иттердің көмегімен 192 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 5 кило есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Алматының тағы 50 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізеді
Аймақтар • Кеше
Маңғыстау облысында жұмыссыздық деңгейі 5% құрады
Аймақтар • Кеше
Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
Руханият • Кеше
Германия карантинді 14 ақпанға дейін ұзартты
Әлем • Кеше
Сицилияда тұрғын үйлер 1 еуродан сатылып жатыр
Әлем • Кеше
Ұрылар 3 млн теңгенің мүлкін қолды еткен
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар