Қоғам • 22 Желтоқсан, 2020

Жастарды қолдау – өзекті мәселе

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы елордалық жас сайлаушылармен кездесті. Кездесуде партияның сайлау­алды бағдарламасында қамтылған өзекті мәселелер кеңінен қозғалды.

Жастарды қолдау – өзекті мәселе

Іс-шара жаңа технологияға жүгініп Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын KBT Store компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, ақжолдық Азат Сембинов басқарады.

Өз сөзінде Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдас­тарын алғаш рет сайлауда дауыс беру құқығына ие болуымен құттықтады.

Партия көшбасшысы сайлауалды бағдарлама туралы айтып, бизнесті қолдау және әлеуметтік әділеттілік бөлімдеріне ерекше тоқталды.

«Ақ жол» партиясы Қазақ­станды мүмкіндіктер мемле­кетіне айналдыруға ұмтылуда. Қазақстанда өмір сүру және жұ­мыс істеу, отанымызда жүріп даму перспективалары жастары­мыз үшін кез келген басқа елдерге қарағанда әлдеқайда тар­тымды болуы тиіс», деді А.Пе­руашев.

Ол өз сөзінде партияның жас­тар­ды қолдау жөніндегі баста­маларына ерекше назар аудар­ды. Атап айтқанда, «Ақ жол­дың» отбасылардың ипотекала­рын субсидиялау, ауылдарға қолжетімді спорт кешендерінің қа­жеттілігі, балалар мен жас­тар­ға арналған тегін спорт секциялары, жұмысшы жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй салу туралы ұсыныстарын алға тартты.

Партия басшысы жастарды әрбір кезекті баланың дүниеге келуін кезең-кезеңімен ынталандыру керек деген пікірде. «Ақ жол» партиясы бірінші бала туған кезде және одан әрі әрбір келесі бала туғанда 25%-ға субсидиялап, 4-ші бала дүниеге келгенде отбасының ипотекасын 0%-ға дейін төмендете отырып, көп балалы отбасы санатына ауыстыруды 2012 жылдан бастап көтеріп келеді.

Кездесуде қалаларға көше­тін ауыл жастарын қолдау үшін әкімдіктердің шағын өнді­рістерге, білім беру мекеме­леріне және әлеуметтік инфра­құ­рылымға арналған үй-жайлары бар ықшам әлеуметтік тұрғын үй­лер­ді жаппай салынуы мәсе­лесі де айтылды.

– Мұндай тұрғын үй қара­пайым және арзан болуы керек, сондықтан жастар қалада бейімделіп, білім алып, жұмыс істей бастайды, аяққа тұрып, өздеріне ыңғайлы жағдай жа­сауға мүмкіндік алады, – дейді партия төрағасы Азат Перуашев.

Кездесу барысында Қазақ­станның болашағы жастарды қолдау бүгініміз бен ертеңіміз үшін өте маңызды мәселе екені кеңінен сөз болды.

Өз кезегінде жиынға қаты­су­шы жастар да толған­дырған сауалдарын қойды.

Осыған дейін өңірлердегі кәсіпкерлер мен өндіріс орындарын аралаған «Ақ жол» пар­тия­сының сайлауалды үгіт-насихат тобы елордалық жастарды назарға алды.