2013 жылғы 21 қыркүйек Астана, Үкімет Үйі
«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілгей Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2013 жылғы республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1 -қосымшада:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11. Дьюар ыдысы Көлемі 35 литр.
Дьюар ыдысы Көлемі 6 литр.
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
15. Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау
қондырғысы (ДҚ) Автомашина, сыйымдылығы 500-600 литр УАЗ 390945 шассиіндегі дезинфекциялау қондырғысы (ДҚ) мынадай негізгі бөліктерден тұруы тиіс: цистерна, дезинфекциялық сұйықтықтарға арналған бактар, керек-жараққа арналған жәшіктер, жұмыс ерітіндісін қыздыру жүйесі, қысым құбыры, қабылдау-тарату құбыры, компрессорлық қондырғы.
».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.