11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1055

284 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

2013 жылғы 4 қазан, Үкімет Үйі
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидаларын және мөлшерлемелерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағына және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары;
2) Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2013 жылғы 4 қазандағы №1055 қаулысымен бекiтiлген

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-тармағын және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы
11-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қағидаларда сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу тәртібі белгіленеді.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы алу тәртібі
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырған кезде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген мөлшерлемелер бойынша алынады.
4. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру:
1) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат негізінде сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырған кезде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат негізінде сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырған кезде;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат негізінде сыртқы (көрнекi) жарнаманы ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырған кезде жүргізіледі.
5. Төлемақы сомасы Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі, ауылдық округтердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырған жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төленеді.
Бұл ретте алынатын төлемақы мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы орган белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат құжатында белгiленген, бiрақ күнтiзбелiк бiр ай үшiн төлемақы мөлшерiнен кем емес төлемақы мөлшерлемелері мен жарнама объектiлерiн орналастырудың нақты мерзiмi негiзге алына отырып айқындалады.
Егер осы Қағидалардың 7-тармағында өзгеше көзделмесе, күнтiзбелiк бiр ай үшiн жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлеуге жататын төлемақы сомасы келесi айдың 25-күнінен кешiктiрiлмей төленедi.
Төленген төлем сомалары қайтаруға жатпайды.
6. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жарнама объектiлерiне орналастыруға құқық беретін тиiстi рұқсат құжаты болмаған кезде, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру төлемақы сомаларын жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына төлеуге негіз болып табылады.
Бұл ретте төлемақы төлеушiлер рұқсат беру құжатынсыз сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру фактісі анықталған кезден бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген бір күнтізбелік айға айқындалған мөлшерлемелер бойынша төлемақы төлейді.
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде жергiлiктi атқарушы органдарға жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлемақы сомасын жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызуды растайтын құжатты табыс етедi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2013 жылғы 4 қазандағы №1055 қаулысымен бекiтiлген

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
2. Мынадай жерлерде орналастырылатын жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері:
1) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте жарнама объектісінің ауданы және орналастыратын жері негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с
№ Жарнама түрлері Жылжымайтын объектілерге төлемақы мөлшерлемелері (бір жағы үшін) (АЕК)
1 2 3
1. Ауданы 2 ш.м дейін сілтемелер, маңдайшалар, ақпаратты қалқандар (бір объекті үшін) 0
2. Лайтбокстар (сити-форматтағы) 1
3. Ауданы мынадай болатын жарнамалық-ақпараттық объектілер:
1) 2-ден 5 ш.м дейін 1
2) 5-тен 10 ш.м дейін 2
3) 10-нан 20 ш.м дейін 5
4) 20-дан 30 ш.м дейін 5
5) 30-дан 50 ш.м дейін 10
6) 50-ден 70 ш.м дейін 15
7) 70 ш.м астам 25
4. Шатырүсті неонды жарнама құрылғылары (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер):

1) 30 ш.м дейін 10
2) 30 ш.м астам 10
5. Палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, жалаушалардағы, штандарттар­дағы жарнама:

1) 5 ш.м дейін 0
2) 5-тен 10 ш.м дейін 0
3) 10 ш.м астам 1
6. Уақытша тұрпаттағы дүңгіршектер мен павильондардағы жарнама:

1) 2 ш.м дейін 0
2) 2-ден 5 ш.м дейін 0
3) 5-тен 10 ш.м дейін 1
4) 10 ш.м астам 2
7. Жарнамалық жайма құрылғылар (штендерлер) 1


2) көлік құралдарында жарнама объектісінің ауданы және орналастырылатын жері негізге алына отырып белгіленеді:
Р/с
№ Жарнама түрлері Ауданда тіркелген жылжымай­тын объектілерге төлемақы  мөлшер­лемелері (бір жағы үшін) (АЕК)
1 2 3
1. Көлік құралының сыртқы жағындағы жарнама (бір көлік құралы үшін):
1) автобустарда, троллейбустарда, трамвайларда, жүк машиналарында, арнайы автомобильдерде (1,5 тоннадан астам жүк көтеретін), өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерде 2
2) шағын автобустарда, таксилерде, жеңіл автомобильдерде (1,5 тоннаға дейін жүк көтеретін) 1
2. Автокөлік құралына орнатылған құрылғылардағы жарнама (панно, қалқандар, лайтбокстер және т.б.), бір жағы үшін:
1) 2 ш.м дейін 1
2) 2-ден 5 ш.м дейін 5
3) 5-тен 10 ш.м дейін 10
4) 10-нан 20 ш.м дейін 10
5) 20-дан 40 ш.м дейін 20
6) 40 ш.м астам 25

Соңғы жаңалықтар