2013 жылғы 7 қазан, Астана, Үкймет Үйі
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2014 жылға арналған лимиттері туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 210-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2014 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 7 қазандағы №1062 қаулысына қосымша
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2014 жылға арналған лимиттері
Р/с
№ Жергілікті атқарушы орган Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге Жергілікті атқарушы орган
борышының жергілікті бюджет кірістеріне пайыздық қатынастағы борыш лимиті
1 2 3 4
1 Ақмола облысы 8 005 431,7 19,0
2 Ақтөбе облысы 16 208 364,2 19,9
3 Алматы облысы 10 865 946,2 10,4
4 Атырау облысы 11 500 404,7 8,7
5 Шығыс Қазақстан облысы 29 068 786,9 37,9
6 Жамбыл облысы 8 047 877,1 22,6
7 Батыс Қазақстан облысы 14 930 221,2 33,1
8 Қарағанды облысы 10 577 259,3 9,2
9 Қостанай облысы 7 212 688,1 14,2
10 Қызылорда облысы 13 309 495,3 38,2
11 Маңғыстау облысы 12 665 723,1 13,6
12 Павлодар облысы 10 004 481,8 13,7
13 Солтүстік Қазақстан облысы 9 380 236,0 34,6
14 Оңтүстік Қазақстан облысы 23 167 181,9 29,8
15 Алматы қаласы 30 473 981,2 11,1*
16 Астана қаласы 15 391300,0 11,3*
Ескертпе:
* республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы борышының ең жоғары лимиті меншікті кірістері көлемінің 45%-нан аспауы тиіс.