2013 жылғы 8 қазан, Астана, Үкімет Үйі
«2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері
(лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату
жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 730 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық ставкаларын арзандату жөніндегі субсидиялау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Субсидиялауға ішкі банктік лизинг, ішкі толық лизинг, ішкі таза лизинг жатады.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын:
«жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып энергия шығаруға арналған қондырғылар мен отандық және шетелдік өндіріс желсорғылары;».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.