Қоғам • 11 Қаңтар, 2021

Тұрақтылық үшін дауыс берді

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалпы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мә­ліметінше, өңірде 532 сай­лау учаскесі құрыл­ған. Олардың 138-і Пав­ло­дар қаласында, 65-і Екі­бас­тұзда, 40-ы Ақсуда және 289-ы аудандарда. Сайлау учаскелерінде қосымша онлайн-сервис ашылды, мақ­сат – азаматтардың тұр­ғы­лықты жері бойынша бе­рілген ақпаратты тексереді.

Тұрақтылық үшін дауыс берді

Облыс орталығындағы №59 сай­­лау учаскесі №1 мектепте орна­ласқан. Эпидемиялық жағ­дайға байланысты сайлау учас­келерінде санитарлық қауіпсіздік сақталған.

Біз де ертеңгілікте келген кез­де көргеніміздей, сайлаушылар отбасылармен бірге, ерлі-зайыптылар, көршілер, кәрі-жасы аралас қала тұрғындары келіп, сайлау тәртібі бойынша дауыстарын берді.

– Аяз да басылды, қар жауып, жылылық келді, ал біз бір-бі­рімізді сайлауда көріп, қуанып қал­дық, – дейді қарт сайлаушылар.

Дауыс беру саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер бойынша жүзеге асырылатыны белгілі. Осы учаскеде алғашқы болып дауыс берген зейнеткер, тыл ардагері Алевтина Березкина «Бүгін қазақстандықтар үшін маңызды күн. Әр сайлау өткен сайын келіп дауыс береміз. Не үшін? Елімізде тыныштық болсын, осы мақсат үшін дауыс береміз, – дейді әжей.

Облыс орталығындағы №7 мектепте орналасқан №55 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы Еркінбек Мәкешовтің айтуынша, тұрғындар көптеп келді.

– Біздер қатты аяз болып, кете ме деп едік, қар жауып, аяз түсіп, сайлаушыларға үйден шы­ғуға табиғат та мүмкіндік берді, – дейді Еркін Мәкешов. – Сондықтан, сайлау жоғары дәрежеде өтеді деп сенеміз.

Ал, №28 сайлау учаскесінде Лермонтов, Нұрсұлтан Назарбаев, Павлов көшелері бо­йында тұратын тұрғындар дауыс берді. Сондай-ақ, кәмелет жасына толып, алғаш рет дауыс беретін 11 жас тіркелсе, ертең­гілік алғашқы болып дауыс бе­руге зейнеткер Дәуіт Рақым­ға­лиевтер отбасы келді.

Сайлау учаскесінің төр­а­йымы Тілеулес Қалиеваның айтуынша, таңғы 7-ден ашылған уақыттан бастап бірінші сағатта 50-ден аса сайлаушы келіп дауыс берген. Осы учаскеге тір­кеулі 1816 тұрғынның 32-сі ден­­саулықтарына байланысты өз үйлерінде дауыс берді. Олар­дың мекен-жайына комис­сия мүшелері 12-ден бастап бюлле­теньді жеткізді.

 

Павлодар облысы