11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1114

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 18 қазан, Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1232 және «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., 46, 582-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функцияларында:
111), 126) және 138) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«111) ақпараттандьфу саласындағы ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
«126) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалардың әзірленуін ұйымдастыруды жүзеге асыру;»;
«138) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіруді жүзеге асыру;»;
2) «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«оларды дамытуға қатысу қүқығымен ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар