11 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1326

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 9 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін  астықтың сатып алу бағасын белгілеу туралы

«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
1) мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін:
ҚР СТ 1046-2008 (2 кесте - техникалық талаптар) 3-сыныпты жұмсақ бидайдың (Triticum aestivum L.) бір тоннасына 28000 (жиырма сегіз мың) теңге (ҚҚС төлушілер үшін) және бір тоннасына 25000 (жиырма бес мың) теңге (ҚҚС төлемеушілер үшін) мөлшерінде;
2) мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін:
ГОСТ 28672-90 2-сыньшты арпаның бір тоннасына 20000 (жиырма мың) теңге (ҚҚС төлеушілер үшін) және бір тоннасына 17857 (он жеті мың сегіз жүз елу жеті) теңге (ҚҚС төлемеушілерге) мөлшерінде;
3) мемлекеттік тұқым ресурстары үшін:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаздық жұмсақ бидай және арпа тұқымдарының репродукциялары мен егіс стандартының сыныптары бойынша сатыл алу бағасы белгіленсін.
2. «Мемлекетгік астық ресурстарына жеткізілетін астыктың сатып алу бағасьш белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қазандағы № 1250 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 72-73, ст. 1054-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1326 қаулысына қосымша

Жаздық жұмсақ бидайдың және арпаның сорттық тұқымдарын сатып алу
бағасы (1 тоннаға теңге)

Дақылдың атауы

I репродукция II репродукция Ш репродукция
1-сынып 2-сынып 1-сынып 2-сынып 1-сынып 2-сынып
Бидай 53 650 48 667 50 439 43 500 44190 41750
Арпа 47 964 44 100 42 400 40 500 39 200 38 750

 

Соңғы жаңалықтар