Жануарларға қатыгездік көрсеткендердің 2 жылға дейін бостандығы шектелуі мүмкін. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.

«Адамдар тарапынан жануарларға қатыгездік не үшін жасалатыны түсініксіз. Бұл ақтауға келмейді. Күн сайын әлеуметтік желілерде ақылға сыймайтын әрекеттер жарияланып жатады. Аққуды тұншықтырып, итбалықты ұрып, итті қорлап жатқанын көрдік. Бұған ұқсас фактілер көп. Сондықтан жазаны күшейту қажет», деді М.Мырзағалиев.
Бұл ретте министрлік Қылмыстық кодекстегі 316-шы, яғни «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша жазаны күшейтуді ұсынды.
«Айыппұл ұлғаяды және бас бостандығын шектеу жазасы енгізілуі мүмкін. Заң жобасы таяуда Мәжіліске жолданды. Бұған қоса депутаттар және жануарларды қорғаушылармен бірге Жануарларды қорғау туралы заң жобасы әзірленді. Оның жүзеге асырылуы жануарларға мейрімділікпен, жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз етеді. Түрлі санаттағы жануарларға қарау бойынша жалпы және арнайы талаптар бекітіледі. Сонымен бірге жануарларға жасалған кез келген қатыгездік әрекетке қатысты жауапкершілік ілеспе заңда қарастырылған», деді министр.
Жаңа құжатта жабайы, үй, қызметтік және ауыл шаруашылығы жануарларына жасалатын қатыгездіктің алдын алу шаралары толық қамтылған. Сол секілді жануарларға ветеринарлық көмек, тиісті күтім жасау, ойын-сауықтық мақсатта пайдалану ережелері бекітіліп, қатыгездікті насихаттауға тыйым салынған.
Ведомство басшысы жаңа Экологиялық кодекс қабылданған соң еліміздегі қоршаған ортаға қатысты ахуалдың қалай өзгеретінін айтты.
«Экологиялық кодекс Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қағидаттарына сай келеді. Бұл құжатты қабылдар алдында екі жыл бойы экологтермен, сарапшылармен, қоғам өкілдері және бизнес-қауымдастықпен тығыз жұмыс істедік. Кодекс 40-50%-ға өзгерді», деді министр.
Қабылданған құжатқа сәйкес экологияға зиян келтірген заңды немесе жеке тұлға қоршаған ортаны бастапқы күйіне келтіруге міндетті. Атмосфералық ауа, су мен топырақтың ластануы проблемасын шешу үшін өндіріске Озық қолжетімді технологиялар қағидаты енгізіледі.
«Бірінші кезеңде мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, химия және электр энергетикасы салаларына қатысты 50 ірі кәсіпорынды Озық қолжетімді технологияларға ауыстыру жоспарланған. Осы 50 кәсіпорынға жалпы ластанудың 80%-ы тиесілі. Еуропа елдері осы тетікті енгізу арқылы 15 жыл ішінде шығарындыны 94%-ға төмендетті. Оны енгізген кәсіпорын эмиссия төлемдерінен босатылады. Егер енгізбесе, эмиссия төлемдері еселене түседі», деді ведомство басшысы.
Экологиялық кодексте қоғам өкілдерінің қоршаған ортаға әсерді бағалаудың барлық кезеңдеріне қатысуына ерекше мән берілген. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға түсетін экологиялық төлемдердің 100%-ын табиғатты қорғау шараларына бөлуге міндетті екендігі көрсетілді. Тұрмыстық қалдық мәселесін шешу үшін Waste to energy технологиясы арқылы қоқысты энергетикалық мақсатта кәдеге жарату көзделмек. Заңсыз қоқыс полигондарын жою мақсатында қалдық шығаратын көліктерге GPS қондырғыларын міндетті түрде орнату мәселесі қарастырылған.
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Тағайындау • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс жариялады
Қазақстан • Кеше
Илон Маск 100 миллион долларға конкурс жариялады
Әлем • Кеше
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары сабағын онлайн оқиды
Аймақтар • Кеше
Елордалықтар «Saqtandyry» жүйесін жаңартып отыруы тиіс
Медицина • Кеше
Маңғыстау облысында арқар атқан азамат ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тұрғын үй нарығын белгісіздік күтіп тұр
Қазақстан • Кеше
Әділет органдарында жемқорлық 67 пайызға азайған
Қоғам • Кеше
Шымкентте еркіндікте жүрген арыстан табылды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады
Ауа райы • Кеше
Семейде бозбалалар зейнеткерді өрттен құтқарды
Аймақтар • Кеше
Жол апаты: Балқашта 2 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар