2013 жылғы 16 қазан, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 25-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. БАЙМЕНОВ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 16 қазандағы № 06-7/144 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
№ п/п Дербес деректердің атауы
1 Тегi
2 Аты
3 Әкесiнiң аты
4 Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері
5 Ұлты
6 Жынысы
7 Отбасылық жағдайы
8 Азаматтығы туралы мәліметтер
9 Білімі
10 Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы
11 Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi
12 Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы
13 Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
14 Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)
15 Қолы
16 Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган
17 Шет тiлдерiн бiлуi
18 Дипломатиялық дәрежесi
19 Байланыс деректер:
тіркелген және тұрған мекен жайы;
байланыс телефондар;
электрондық пошта
20 Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi
21 Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары
22 Арнайы тексеру нәтижелерi
23 Мемлекеттiк қызметшiнiң ант берген күнi
24 Сотталу туралы мәлімет
25 Тәртiптiк жазалар туралы мәлiмет
26 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазалар қолданылғаны туралы мәлiмет
27 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет
28 Әрекет қабiлеттік туралы мәлімет
29 Мемлекеттiк лауазымдар атқаруға тыйым салу туралы мәлімет
30 Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
31 Аттестациядан өткен күнi және нәтижелерi
32 Қайта даярлау (қайта мамандану) және біліктілігін арттыру курстарынан өткен күні
33 Атқарып отырған лауазымы, санаты туралы мәлімет
34 Еңбек жолы туралы мәлімет:
қабылданған, бостылған күні;
лауазымы, жұмыс орны;
ұйымның орналасқан жерi
35 Жұмыс орнындағы мінездеме
36 Ұсынымхаттар
37 Денсаулығы туралы мәлімет
38 Тестілеудің нәтіжелері:
заңнаманы білу туралы;
мемлекеттік тілді білу туралы;
логикалық тест;
жеке тұлғалық және басқарушылық біліктілігінің деңгейін анықтау туралы
39 «А», «Б» корпусының кадр резервіне алынғаны туралы мәлімет
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8922 болып енгізілді.