2013 жылғы 12 қазан, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №37 бұйрығына өзгеріс
енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына және «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» № 37 бұйрығына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6826 болып тіркелген, 2011 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тексеру парағының нысаны, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті белгіленген заңнама тәртібімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр М.ҚҰЛ-МҰХАММЕД.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 12 қазандағы №234 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 37 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану
саласындағы тексеру парағының нысаны
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы ________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ______________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) _____________________________________
Субьектінің орналасқан мекенжайы _____________________________________
№ Талаптар тізбесі Иә Жоқ
1 іс жүргізуге қойылатын талаптардың бұзылуы
2 көрнекі ақпараттар мәтіндерін орналастыру тәртібінің сақталмауы
3 азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілінің сақталмауы
4 құжаттама жүргізу тілінің қамтамасыз етілмеуі
5 актілердің мемлекеттік тілде қабылданбауы
Тексерудің аяқталу мерзімі: 20 жылғы « ____»______________
Тексеруді жүргізген(дер): ___________ ___________ __________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
___________ ___________ ___________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бақылау субъектісінің басшысы:
__________ ___________ ___________________
(лауазым) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8898 болып енгізілді.