Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлаған

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлаған, - деп хабарлайды Egemen.kz

Үй тазалаушы әйел үй иесінің 6 мың долларын ұрлаған

«Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында үй шаруашылығына жалданып, сол үй иелеріне тиесілі ақшаны ұрлады деген күдікті әйелді ұстады. Тергеу барысында әйелдің бұл үйге бір жыл жалданып жұмыс істеп, одан соң өз еркімен жұмыстан шыққандығы анықталды. Жұмыс берушілерден шағым болмаған. Керісінше, жұмыстан шығып кеткеннен кейін біраз уақыт өткен соң, үй иелері оны бір күнге үйінде жұмыс істеуге шақырады. Үй күтушісі өз жұмысын атқарып, пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, 6000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты ұрлады деген күдік келтірілді», делінген Нұр-Сұлтан ПД хабарламасында.

Ақшаның жоғалғанын үй иесі бір айдан кейін ғана байқаған. 

«Полиция 31 жастағы, бұрын сотты болған әйелді ұстады. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Әйел ақшаның көп бөлігін жұмсап үлгерген. Оның елордада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», деп толықтырды баспасөз қызметі.