Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық мұражайында қазақтың ұлттық жиһаз түрлерінің бірнеше үлгісі сақтаулы тұр. Олардың ішіндегі ең құндысы – Амангелді батырдың қолбаласының үйіне тиесілі болған төсек ағаш пен асадал. Бұлар ХХ ғасырдың бас кезінде Қостанайдың Қарабалық өңірінен қыз жасауының бір бөлігі ретінде келген.

Аталмыш жиһаздардың мұражайға келуіне белгілі этнограф, мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков себепкер болған екен. Сол кезде Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарып тұрған қайраткер 1973 жылы мәдениет ошағының ашылуына тікелей ықпал етіп, музей мүліктерінің басын құрау үшін көп еңбек сіңіргені белгілі.
Ал аталмыш асадал мен ағаш төсектің тарихы жайында кейінірек Өзбекәлі ағамыз: «Бұларды музейге алғызудың өзі оңайға соққан жоқ еді. Олар Амангелді сарбаздарының аттарын баққан, батырдың қолбаласының мүлкі болатын. Аупартком хатшысы Қ.Алматов арқылы сұратқанымда, оның жесірі «қараң қалғырлап» маңына жуытпапты. Жолым түсіп Торғай поселкесіне өзім келгенде, Алматов мені «жаман сөз айтып қалса, ұятқа қаласыз» деп ол әйелмен жолықтырғысы келмесе де, амалсыздан ертіп баруға мәжбүр болды. Мені машинаға қалдырып өзі үйге сүңгіп кетті. Бір екі минут өтпей-ақ, бір әйел далаға шығып маған қарады да, үндеместен қайтадан үйіне кіріп кетті. Мен де іле-шала үйіне енгенде әйел төсек ағаштың жанында көзіне жас алып тұр екен. – Сіз мені айыпқа бұйырмассыз, – деп бастады ол сөзін, осы төсекте шалым төрт жыл жатқан еді. Бұдан бес жыл бұрын дүние салды. Оның көзіндей болып қалған мүлкімді қалай қиып берейін. Әйтсе де қарағым «ел үшін» деген екенсің, ала ғой. Бірақ орнына жылтыратылған бір шкаф, бір төсек алып берсін. Мен болсам, ертеңге қалдырсақ айнып кетер деп, магазиннен сұрағанын дереу сатып алып келуді өтіндім. Оны әкелген машинаға үйдегілерді тиеп алып, рахметімді айтып, кете бердік», – деп жазады.
Шамамен ХIХ ғасырдың аяғына жататын, аты-жөні белгісіз ұстаның қолынан шыққан бұл асадал мен төсекағаш қазақтағы ағаш шекпесінің бұрын еш жерде кездеспеген бірегей үлгісі болып саналады.
– Асадалдың қапсырма есігінде ою желісінен күн шұғыласына малынып, гүл шоғы шиыршық атып, көтеріліп келе жатқандай болып көрінеді. Мұның мәні ұстаның шексіз қозғалыс, мәңгілік өмірді ғана емес, әлемдегі өзара тепе-теңдік пен үйлесімнің реттелген тәртіпттегі шексіз өрнегі арқылы бейнелегенінде. Сонымен қатар қазақ ою-өрнегінде сирек кезесетін, келер ұрпаққа бақыт пен жақсылық тілеудің көне белгісі, ежелден келе жатқан ниет нышаны – қырғауылдың бейнесін пайдаланғанында жатыр. Асадалдың суырмаларында құпияға толы әлем кеңістігінің белгісі – шеңбер, алыс қашықтыққа меңзейтін ерсілі-қарсылы жол, әуе толқыны, бұлт, жаңбыр бейнеленген. Кеңістік белгісі – шеңберге келіп тірелетін мазмұндық тұтастықты құрайтын жапырақтар арқылы дүниенің құрылымы, жер бетіндегі өмір келбеті көрсетілген, – дейді музейдің ғылыми қызметкері Терек Рауан.
Музей қызметкерінің түсіндіруінше, асадал – тамақ пен ыдыс аяқ сақтауға арналған кебеже тектес ыдыс. Ол мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Алдыңғы бетінде топсамен бекітілген бір кейде екі жармалы есігі және суырмасы болады. Асадал сәнді болу үшін оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды немесе сүйекпен өрнектеп әшекелейді. Асадалдың үйдегі орны қазан-аяқ жақ. Ал төсекағаш – адамның жатып тынығуы үшін пайдаланылатын үй жиһазы. Ел арасында «төсекағаш», «төсағаш» , «кереует», ал кейбір көркемдік ерекшеліктеріне қарай «сырлы төсек», «күмістелген төсек», «сүйектелген төсек», «оюлы төсек» деп те атайды.
Қостанай облысы
Жалған ақпарат таратқан жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Мемлекеттік бақылаудың осалдығынан халық зардап шегуде - сенатор
Парламент • Бүгін, 11:40
Батыс Қазақстан облысындағы су тапшылығы қашан ретке келеді?
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Роман Скляр жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
Үкімет • Бүгін, 11:35
Қырғызстанның жаңа президенті ресми түрде қызметіне кірісті
Әлем • Бүгін, 11:35
Жандарбек Бекшин вирус жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылатынын айтты
Коронавирус • Бүгін, 11:30
Депутат Д.Нұржігіт Әділет және Экономика министрліктеріне сауал жолдады
Парламент • Бүгін, 11:13
Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтөбе облысында болды
Медицина • Бүгін, 11:11
Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді
Әлем • Бүгін, 11:10
Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты
Спорт • Бүгін, 11:09
Алматы облысында ірі көлемде балық аулаған браконьер мұз үстінде ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Алматының жаңа ықшамаудандарында сегіз мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:56
Украинада Лениннің соңғы ескерткіші құлатылғаны рас па?
Әлем • Бүгін, 10:55
Алматыда ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабық болады
Аймақтар • Бүгін, 10:52
Алматыда кинотеатрлар жұмысына тыйым салынды
Қоғам • Бүгін, 10:51
Экология министрі ұжымға жаңа вице-министрді таныстырды
Тағайындау • Бүгін, 10:36
TikTok желісінде олқылықтар табылды
Технология • Бүгін, 10:29
Электронды еңбек биржасында 925 мың бос жұмыс орны орналастырылды
Қоғам • Бүгін, 10:17
Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданындағы құрылыс жұмыстарын тексерді
Аймақтар • Бүгін, 10:06
WhatsApp-та қауіпті вирус тарағаны белгілі болды
Технология • Бүгін, 09:54
Норвегия 29 қаңтардан бастап шекараны жабады
Әлем • Бүгін, 09:50
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 09:46
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Самалтау» әнін украин тілінде орындады
Руханият • Бүгін, 09:36
Алматыда обырға шалдыққандар көбейген
Медицина • Бүгін, 09:32
Әлеуметтік ұтқырлықтан ұтып тұрмыз ба?
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Шымкенттегі әскерилер заңсыз құрылған лаңкестер тобының күшін жойды
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Экология • Бүгін, 09:19
Ауыл шаруашылығында қандай мамандықтар қажетсіз боп қалады?
Экономика • Бүгін, 09:14
Пневмониядан өткен тәулікте 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:10
Алматыдағы үй кезегіне қатысты заңсыздық әшкере болды
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Коронавирус жұқтырған 274 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Қазақстанда 1163 адам ем-дом алды
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 1413 адамда коронавирус анықталды
• Бүгін, 09:02
Қазақстан Чехия нарығына 45 өнімді экспорттайды
Экономика • Бүгін, 09:01
Жоғары оқу орындарына талап қатайтылады
Пікір • Бүгін, 08:58
Биыл – «Жарқыраған мың күндік» жылы
Оқиға • Бүгін, 08:51
Руханият • Бүгін, 08:50
Аймақтар • Бүгін, 08:47
Үндістан да Еуроодаққа үміт артады
Әлем • Бүгін, 08:44
Ресейлік вакцинаға сұраныс көп
Пікір • Бүгін, 08:42
QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады
Коронавирус • Бүгін, 08:40
Парламент • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:30
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Қоғам • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:25
Заманауи заңдар дамуға серпін береді
Пікір • Бүгін, 08:20
Асыл тұқымды шаруашылықтардың мүмкіндігі артады
Парламент • Бүгін, 08:18
TLab өнімі вирусқа қарсы талдау жасайды
Технология • Бүгін, 08:13
Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет
Оқиға • Бүгін, 08:12
Аустралияда вирус жұқтырғандар тіркелмеді
Әлем • Бүгін, 08:12
60 мыңға жуық құжат электронды форматқа көшірілді
Технология • Бүгін, 08:11
Бразилия Үндістаннан вакцина алдырды
Әлем • Бүгін, 08:11
Инфрақұрылым деректері цифрлануда
Технология • Бүгін, 08:10
Ақтаудың ажарына көлеңке түсірген ескі үйлерді неге жаңғыртпаймыз?
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Гонконг тұрғындары – үйқамақта
Әлем • Бүгін, 08:10
Әдебиет • Бүгін, 08:08
Мораторийге өзгеріс енгізуге қарсы
Қаржы • Бүгін, 08:08
Әдебиет • Бүгін, 08:06
Бөтен немесе адамдар қалай құбылады?
Әдебиет • Бүгін, 08:05
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтінім берер кезде нені ескеру керек?
Экономика • Бүгін, 08:05
Қаражат тарта білу де бір өнер
Қаржы • Бүгін, 08:05
Экономика • Бүгін, 08:04
Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері
Таным • Бүгін, 08:03
Нейро-мониторинг көп қауіптің алдын алады
Медицина • Бүгін, 08:01
Пікір • Бүгін, 08:01
Екпе салу – қауіптің алдын алу
Коронавирус • Бүгін, 08:00
Ұқсас жаңалықтар