Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ермек Момбаев облыс аумағында су басудың орын алуы Шу, Талас және Аса өзендерінің арналарында су деңгейінің көтерілуі және тау бөктеріндегі елді мекендерде еріген қар мен жаңбыр суларынан болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс аумағында 156 гидротехникалық құрылғылар орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте 36, коммуналдық меншікте 110 нысан бар.
Сонымен қатар, облыстың елді мекендері мен шаруашылық нысандары үшін қауіп төндіруі ықтимал 14 су қоймасы бар екен. Олардың қатарына «Теріс-Ащыбұлақ», «Тасөткел», «Қақпатас», «Ақкөл», «Ынталы», «Қарақоңыз» су қоймалары және Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан «Киров» су қоймасы және тағы да басқа нысандар кіреді. «Бұл су қоймалары бөгеттерінің бұзылуы болған жағдайда 234 мыңнан астам тұрғыны бар 72 елдімекенді су басу қаупі туындайды. Сонымен қатар, су тасқыны мен еріген қар суларымен су басуы ықтимал болатын 38 елді мекен анықталды. Соңғы 5 жыл ішінде су тасқынымен және жерасты суының көтерілуімен байланысты 7 оқиға орын алған. Оның салдарынан Қордай, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандарында 104 тұрғын үйдің ауласы, 25 тұрғын үйдің ғимараты су астында қалған және Жамбыл ауданынан өтетін республикалық маңызы бар автокөлік жолының 515 шақырымында жолды су шайып кету қаупі төнген», дейді Ермек Момбаев.
Бүгінде су тасқыны қатерін азайту мақсатында «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасында облыстың елді мекендерін су тасқынынан және еріген қар суларынан қорғау үшін 26 учаскеде жағалауды қорғау жұмыстарын жүргізу жоспарланыпты. Ал, 2017-2020 жылдары жергілікті бюджеттен бөлінген 192,2 миллион теңгеге 25 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Жуалы, Қордай сияқты бірқатар аудандарда орналасқан өзендер мен су қоймаларына жөндеу, тереңдету жұмыстары жүргізілген. Сол сияқты, Тараз қаласындағы тұрғын үйлерді, аулаларды және көшелерді су басу оқиғаларын болдырмау мақсатында «Қапал», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Сеңкібай», «Үшбұлақ», «Түйте», «Базарбай» каналдарының арналары тазартылып, «Шалғай Қарасу» және «Тайвань» алқабындағы каналдары тазаланған. «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары аясында 142 шақырым дренаж және суару каналдары, 185 шақырым арық желісі, темір және автомобиль жолдарында 145 көпір және 789 су өткізу құрылғылары тазартылып, 5 гидротехникалық құрылыстар мен 19 реттеуші құрылғыларға жөндеу жүргізілді», дейді департамент бастығы. Сондай-ақ, ол Шу-Талас бассейндік инспекциясы мен «Қазсушар» РМК филиалы «Тасөткел» және «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймаларынан су ағызу мониторингін жүргізуде екенін, Шу-Талас бассейндік инспекциясымен бірлесіп Қырғыз Республикасының Су шаруашылығы және мелиорация департаментімен өзара іс-қимыл жүргізілуде екенін жеткізді.
Айта кетейік, су тасқыны салдарын жою үшін жұмылдырылатын күштер мен құралдар топтамасының құрамында 631 адам, 53 бірлік техника бар. Сондай-ақ, 10 жүзу құралдары мен 41 мотопомпа жасақталған.
Жамбыл облысы
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар