2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша елімізде 467 623 кәсіпорын тіркелген. Былтыр ел аумағындағы ұйымдар саны 21 мыңға көбейіпті. Әсіресе, көтерме және бөлшек сауда, автомобиль және мотоцикл жөндеу, құрылыс, сондай-ақ түрлі қызметтер ұсыну саласында ұйымдар саны артқан.

2020 жылдың өзінде 36 286 жаңа кәсіпорын тіркелсе, 15 281 кәсіпорын жабылып тынған. «Elim маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер институты» 2020 жылдың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасап, 2021 жылға болжамын жария еткен. Институт талдауды жеті негізгі сала – кәсіпорын, экономиканың жетекші салалары, экспорт және импорт, өндіріс, ауыл шаруашылығы, ЖІӨ, инвестиция, экономикалық болжам бойынша жасаған.
Талдауды жасаған сарапшылар Ерболат Кекчебаев, Гүлнәр Жакупова және Русланбек Сүлейменовтер 2020 жылы ел дамуындағы басым бағыт ретінде тау-кен өндірісі мен өңдеуші өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын атайды. Тау-кен өндірісінде 481 компания, өңдеуші өнеркәсіпте 1612 кәсіпорын, ауыл шаруашылығында 1675 ұйым ашылған. 2020 жыл мұнай мен валюта үшін аса жайсыз жыл болғаны белгілі. Отандық сарапшылар Қазақстан экономикада табысқа жетуі үшін жер қойнауын пайдалану мен ауыл шаруашылығына басымдық беру керек екенін ежелден айтып жүр. Институттың осы зерттеуі бұл ойды растай түскендей. Ауыл шаруашылығы ұйымдары Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында көптеп ашылған.
«Халықтың шамамен 45 пайызы ауылдық жерлерде өмір среді және экономикалық белсенді халық табысының 30 пайызы ауыл шаруашылығы секторында жұмыс істеу арқылы қалыптасады. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің дерегінде еңбекке жарамды 8,5 млн адамның 2 миллионы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді» делінген зерттеуде.
Зерттеуде Қазақстанға ең көп тауар импорттаушы елдің Ресей екендігі жазылған. Былтыр қазан айында Ресей 1 216 928,8 мың доллардың тауарын жіберген. Екінші орында – Қытай. Олар 665 845,8 мың доллардың өнімін тасымалдаған. Корей Республикасы 546 830,9 мың долларға тауар жеткізген. Өз кезегінде Қазақстан Қытай, Ресей, Италия елдеріне жиі экспорт жасаған. Еуроодақ елдеріне жалпы 1,6 млрд доллардың тауарын экспорттапты.
Өндіріс бойынша зергерлік бұйымдар өндірісі көш бастайды. Сонымен қатар 2020 жыл киім, тоқыма, металл рудасы, жиһаз, сусын, автокөлік, тамақ өндірісіне серпін берген. Керісінше, электр және химиялық өнеркәсіп өнімдері, табиғи газ, қағаз, былғары өндірісі минус көрсеткішке ие.
«Elim МӘЗИ» маркетингтік компаниясының талдауына сүйенсек, 2020 жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция 450 076 млн теңгені құраған. Алғашқы жарты жылдықтағы тікелей шетелдік инвестиция көлемі 3 034,9 млрд доллар болған. Инвестицияның көбі АҚШ (673,3 млрд доллар), Нидерланды (667,1), Гонконг (492,6), Ұлыбритания (284,1), Кипр (165,1), Түркия (136,0) елдерінен келген.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар