Жұрттың кәсібінің түріне орай әңгімелері де өзгеріп отырады. Қысқы ауылда аға буынның өткен жаздағы ағын су тапшылығының себебін айтып, арық-атызды тазалауға ерте кірісу қажеттігін жастарға тапсырғанын естідік. Көкөністі көптеп өсіретін ауылдағылар коронавирус биыл да кедергі болмас па екен деп алаңдайды. Енді бір ауылда қарияның ата-бабадан келе жатқан асыл дінімізді ардақтап, дәстүр мен діннің сабақтастығын ұлықтап, жастарға имандылық иірімдерін насихаттап отырғанына куә болдық. Ауылда артық әңгіме жоқ, көбінесе ертеңгі тірліктің қамы айтылады.

Сурет «Егемен Қазақстанның» архивінен алынды
Ауылда тұрады демесеңіз, қазір тұрмысы мен табысы қаладағылардан кем түспейтіндердің қатары қалыңдап келеді. Яғни жұмыс істеймін деген адамға ауылда да мүмкіндік көп. Кәсібін аяққа тұрғызып алғанша мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер де баршылық. Қайтарымсыз грантқа ие болғандар, өз ісін одан әрі өркендету үшін жеңілдетілген жолмен несие алушылар аз емес. Мысалы, Түлкібас ауданында 600-ден астам тұрғын мемлекеттен қайтарымсыз грант алған. Оның 98-і үй іргесіндегі жерін жылыжайға айналдырса, қалғандары да берілген жеңілдікті тиімді пайдаланып, бизнес-жоспарларын жүзеге асыруда.
Арыс қаласының тұрғыны Жадыра Дүйсенхан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алған. Кәсіпкер құрылысшыларға қолғап тігумен айналысады. Бүгінде отбасылық бизнесін ұлғайтып, төрт адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылының «Аруана» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында 19 млн теңге көлемінде төменгі пайызбен несие алып, 10 түйе сатып алған. Екі жылда Ойсылқара тұқымын бес есе көбейткен. Шаруа қожалығының басшысы Бақытгүл Қасымбекова көпшілік түйе сүті мен етінің емдік қасиетін сезінгендіктен, сұраныс та артқанын айтады.
Кентау қаласына қарасты ауылдарда түйе шаруашылығымен айналысатындардың қатары былтыр отыз пайызға артқан.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде 150 мыңға жуық кәсіпкер тіркелген. Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 24,4 млрд теңгеге 246 жоба қаржыландырылса, 5 млрд теңгеге 29 жоба мақұлданып, жүзеге асыру жұмыстары қолға алынған. Одан бөлек, 6 млрд теңгеден астам қаржыға тағы 27 жобаны іске қосу көзделіп отыр.
Таудан бастау алатын Сайрамсу өзенінің қос қапталына қоныстанған ауыл көп. Мысалы, өзен жағалай орналасқан Төлеби ауданы Көксәйек ауылдық округіне қарасты Қазақстан, Жіңішке, Алтынбастау және Көксәйек елді мекенінде 2 500-ге жуық түтін бар, тұрғындар саны 13 300-ден асады. Аудан әкімдігінің деректеріне жүгінсек, тұрғындардың 7650-і экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтар санатына жатады. Жалпы жер көлемі – 21 631 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 15 600 гектарға жуықтайды. 9 мың гектардан астам алқапқа егін егілсе, 1739 гектары – жайылым. Суармалы алқап 1 200 гектардан асады. Бау 158 гектар болса, өндірістік аумақ 56 гектарды, ал үй жанындағы бау-бақша көлемі 269 гектарды алып жатыр.
Ауылдарда табысы тұрақты мұғалім мен денсаулық саласы қызметкерлерінен бөлек, жақын маңайдағы мекемелерге қатынап жұмыс істейтіндер аз емес. Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкентке барып-келіп жұмыс істейтіндер де жеткілікті. Ауылда кәсіп ашып, шаруасын дөңгелетіп жүргендер де баршылық.
«Ауылда тұрып, жұмыс жоқ деу ақылға сыймайды, дейді ауыл әкімі Айтжан Қабылбеков. – Пандемияға байланысты біраз кәсіпкерлік нысандардың жұмысы едәуір баяулап, кейбірінің жұмысы тіпті тоқтап қалғаны да рас. Алайда талпынған жастарға әр уақытта екі қолға бір күрек табылады. Мысалы, жергілікті кәсіпкер Ерлан Әділбековтің наубайханасы бар. Кәсіпкер Әбдіжан Әскеров әйелі Лолахан екеуі аудан орталығында бір айдай оқып, көктемде нан пісіріп, сатуды жолға қойды. Ұнды аудандағы «Ақ маржан» диірменінен алады. Тәулігіне 300-ге дейін нан пісіреді. Үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұндай наубайхана Көксәйекте бірнешеу. Бәсекелестік күшті. Сондықтан нанның сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Орталық болған соң мұнда жеңіл автокөліктерге сервистік қызмет көрсететін нысандар да жеткілікті. Біреуі шина жөндеумен шұғылданса, екіншісі мотор майын ауыстырады. Келесісі жүріс бөліктерін жөндейді. Қаладағыдай көлік жуатын орындар да ашылған».
Көксәйекте 5 отбасы 555 мың теңгеден қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін ашқан. Оның бірі қаржыны дүкен жұмысын жақсартуға жұмсаса, екіншісі тігін машиналарын алып, арнайы цех ашпақ. Үшіншісі, базардан мал сатып алып, бордақылауға қойған. Сауын сиырлары да бар. Сауған сүттерін «Фудмастер» компаниясына өткізеді. Бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықаралық стандартқа сай өнім шығарып, еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде.
Көксәйектіктердің бос уақытын тиімді пайдалануына да жағдай жасалуда. Ауылда көлемі 30х50 метр болатын футбол алаңы биыл пайдалануға берілмек. Бұл үшін аудан бюжетінен 13 млн 234 мың теңге бөлініпті. Балабақша жанынан бүлдіршіндер ойнайтын алаңша жабдықталған, 100 орынды бастауыш мектеп ғимараты пайдалануға берілген.
Ауыл әкімі үлгі ете айтқан тағы бір кәсіпкер Қазақстан ауылындағы Қамбар Наралиевтің жанар-жағармай стансасы бар. Ал Жомарт Аманжолов қылшық жүнді қой өсіруде. Уақ малды семіртіп, сойып сатады. Еркебай Ережепов Сайрамсу өзенінің жағасынан 2 гектар жер алып, шабақ, балық өсіруді көздеп отыр.
Былтыр ауылдық округ бойынша 800 млн теңге инвестиция тарту жоспарланған екен. Алайда індетке байланысты кей кәсіпкерлер бизнес-жоспарларын жүзеге асыра алмапты. Дегенмен өткен жылы 650 млн теңгенің жұмысы атқарылған.
Сарыағаш ауданында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуы басты назарда. Бұл орайда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шарасына қатысқан. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына білім алуға 2 мыңға жуық азаматқа жолдама беріліп, «Бизнес Бастау» жобасы аясында білім алған. Онлайн форматта оқыған 200-ге жуық азаматқа сертификат табыс етілген. 100-ден астам сарыағаштық 513 мың теңгеден шағын несие алса, 9 азамат жаңа жұмыс орнын ашыпты. Жаңа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін 847 азаматқа 470 млн теңге мемлекеттік грант бөлінген. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 200 тұрғынды әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына – 420, қоғамдық жұмысқа 1200 адамды орналастыру жоспарланған. 200 азаматқа мемлекеттік грант берілмек.
Руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке мен байлықтың бастауы – ауылда бүгінде төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп жүргендер қатары көбейе түскен. Бұл орайда мемлекеттік бағдарламалардың ықпалы мол. Нарық талабына бейімделе алмай, істің көзін таппай, басқа да себептермен тұрмысын нашарлатып алғандардың да бары жасырын емес. Дегенмен ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің қайнар көзі іспетті.
Түркістан облысы
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Ұқсас жаңалықтар