АҚШ-тың жаңа сайланған 46-шы президенті Джо Байден ресми қызметіне кірісті. Осылайша, Америка тарихындағы саяси биліктің ең күрделі кезеңдерінің бірі аяқталды. Енді Президент Байденнің дәуірі басталды деуге болады.

Билік тізгіні – тәжірибелі саясаткерде
2020 жылдың әлем тарихында ең қилы кезеңнің бірі болып қалатыны сөзсіз. Оған пандемия ғана себеп емес. АҚШ-тағы президент сайлауы да өзгеше бағыт алып, елдегі демократиялық ұстанымның шайқалғанын көрсетті. Алайда әліптің арты сәтті аяқталған секілді. Сайлау нәтижесімен келіспеген бұрынғы президент Дональд Трамптың бүлігі аяқсыз қалды. Джо Байден болса ұлықтау рәсімінде демократияның үстем болғанын айтып, қиын жағдайда қалған АҚШ-тың ендігі жағдайын түзетуді өз мойнына алатынын мәлімдеді.
Биылғы президент инаугурациясының бұрынғыларынан ерекше болуына себеп көп. Ұмытыла қоймаған Капитолийдегі тәртіпсіздіктер елдегі қауіпсіздік шараларын одан сайын қатаңдата түскен. Байден дәл осы ғимарат алдында АҚШ Конституциясына сай әрекет етіп, елді ішкі және сыртқы жаулардан қорғауға ант берді.
Жаңа мемлекет басшысының саяси тәжірибесі мол. Президент лауазымына ресми кіріскен ол – жарты ғасырға жуық елдің саяси өмірінде маңызды рөл атқарған тұлғалардың бірі. 78 жастағы Байден бүгінгі жоғары лауазымына дейін 36 жыл сенатор және 8 жыл вице-президент ретінде қызмет еткен. Ол кезінде АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обамамен иық тірестіре еңбек еткені белгілі.
Батыс қоғамы үшін нәсілдік не гендерлік теңдіктің қаншалықты маңызды екенін ескерсек, жаңа президенттің орынбасары болып Камала Харристің атануы да – айтулы оқиғалардың бірі. Ол тарихта осындай биік лауазымға жеткен тұңғыш қара нәсілді әйел ретінде қалмақ. Алдағы жылдары президенттіктен де үмітті болып қалуы ғажап емес.
Биылғы ұлықтау рәсімінің жылдағыдан өзгерек өтуінің тағы бір себебі – пандемия. Әдетте даңғазалықпен өтетін рәсімге бұл жолы көп адам жинала алмады. Жұмсалатын қаражат көлемі де 100 млн-нан 44,9 млн долларға дейін қысқартылған-ды. Мерекелік рәсімге қатысқандарға келетін болсақ, жаңа президентті қолдауға экс-президенттер Барак Обама, кіші Джордж Буш пен Билл Клинтон келген. Олардың қатарында өз өкілеттігін тапсыратын Дональд Трамп болмады. Мұндай жағдай соңғы бір ғасырдан астам уақытта қайталанбаған екен. Қалай болса да, Трамптың сын мен шуға толы билігі келмеске кетті. Енді билік тізгіні Байденде.
Трамптың ақыры
Жаңа президент өз сөзінде бұл күннің тарихи ғана емес, үмітке толы екенін баса айтты. Ол өзінің басты міндеті АҚШ-ты қайта біріктіру деп санайды.
Трамптың «шикі» билігінен кейін бірлік пен ынтымақ мәселесін бірнеше рет көтерген Байден барлық америкалықтар үшін нағыз президент болуға уәде берді. Бұл оның өзіне қарсы дауыс бергендерді тыс қалдырмайтынын білдірсе керек. Дәл мұндай хабардың төркіні Трамптың өз жақтастарын асыра бағалағанынан шыққан болуы мүмкін. Жаңа президенттің соңғы қолайсыз жағдайдан кейін таразының басын теңестіруге тырысатыны да түсінікті.
Трамп та қояр емес. Ресми рәсімге дейін Ақүйден ертерек шығып кеткен ол өзі билік еткен жылдары қабылданған шешімдер мен шаралардың мүлтіксіз екеніне әлі де сенетін секілді. Бірбеткейлігі өзіне таяқ болып тиюі де мүмкін. Ол тарихта екі рет импичмент алған тұңғыш президент атанды. Соңғысында, оған 6 қаңтарда болған оқиғада өз жақтастарын тәртіпсіздікке баруға арандатты деген айып тағылды. Айыптаушылар арасында тіпті өз партияластары да бар.
Трамп төрт жылдық билігін бейбіт жолмен тапсырып, абыроймен аяқтаудың орнына, талай құқықтық мәселемен бетпе-бет келгелі отыр. Алдағы тағдыры – Сенаттың қолында. Оған алаңдайтын Трамп бар ма?
Ең бастысы – дағдарыспен күрес
Президент Байденнің лауазымға кіріскен алғашқы сағаттардағы әрекеті қандай болды дейсіз ғой? Ең алдымен, әрине Трамп әкімшілігі қабылдаған шаралардың біразын жоққа шығарудан бастады.
Ақүйдің жаңа басшысы ресми рәсімнен кейін Twitter-де «Біз бетпе-бет келген дағдарыспен күресте уақыт өткізуге болмайды» деп жазып, артынан бірқатар құжатқа қол қойғаны белгілі болды. АҚШ-тың қазіргі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы қуантарлық емес екенін ол бұрын да айтқан-ды.
Сонымен, Байден әкімшілігі қызметін коронавируспен күрестен бастады. Осыған дейін Трамп немқұрайды қараған маска тағу режімі мен қашықтықты сақтау енді барлық мемлекеттік мекемелерде міндетті болады.
Сарапшылар Джо Байден өзін күрделі жұмыс күтіп тұрғанын білетінін айтады. Ол инаугурация кезінде айтқан сөзінде алдағы басты мәселелер ретінде пандемияның өршуін, жұмыссыздықтың артуын, қоршаған орта қауіптерінің көбеюін, нәсілдік әділеттіліктің үстем болмауын және саяси экстремизмнің жандануын атап көрсеткен еді. Алдағы әрекеті де осы жоспарға сай болмақ.
Осылайша, бұрынғы президенттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы шешімі де қайта қаралды. Елде 400 мың адамның өмірін жалмаған індетпен күрес жаңаша сипат алатын секілді. АҚШ – әлемде COVID-19-дан ең көп зардап шеккен ел.
Бұдан бөлек, Байден әкімшілігінің басты назары экологияға ауып отыр. Өткен жылы байланыс үзілген Климат жөніндегі Париж келісіміне қосылу туралы жарлыққа да қол қойылды. Енді АҚШ климаттың өзгеруін қайта назарда ұстайтын болды. Бұл – дамыған елдердің бас қатыратын басты мәселесі. Бір жағынан қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі бастама болса, екінші жағынан тұрғындардың, былайша айтқанда, электораттың тілегін қанағаттандырған болады. Бұл шешімін қуаттай түскен Байден қоғамда шу тудырған Канададан Небраскаға күніне 830 000 баррель ауыр мұнай тасымалдайтын құбырға осыған дейін берілген рұқсатты қайтарып алды. 2015 жылы құбыр жүргізу туралы заң жобасына тыйым салған Барак Обаманың шешіміне Трамп қарсы келіп, жобаға келісім берген еді. Енді Байден бұл мәселеге келе салып нүкте қойып отыр.
Көші-қонға келетін болсақ, Байден Трамп әкімшілігінің дау тудырған біраз шешімін қайта қарап, мәселені оңынан шешуге тырысты. Дәл осы көші-қон бұрынғы әкімшіліктің басын ауыртқан басты мәселе болғаны есімізде. Трамп қоғамды елге нан табуға келген шетелдіктерге қарсы қойғанымен қатар, оларды шекарадан кіргізуден бас тартқан еді. Мексика мен АҚШ арасындағы «әйгілі» қабырғаны ешкім ұмыта қойған жоқ. Джо Байден бұл құрылысты да тоқтатуға атсалысты.
Одан бөлек, адам құқығы саласында әбден сынға ұшыраған АҚШ-қа әсіресе мұсылман тұрғындары басым елдерден келушілерге тыйым салу бұйрығы да күшін жойды. Сондай-ақ қабылданған басқа шешімдер нәсілдік және гендерлік теңдікке қатысты екені айтылды.
Бұл әрекеттерден Байденнің президенттікке тыңғылықты дайындықпен келгенін байқаймыз. Әрине, ресми қызметіне кіріскенше жаңа сайланған көшбасшы мен оның топ мүшелерінің үш айға жуық уақыты болды. Мамандар Трамптың өз билігін саяси көзқарастарына сай емін-еркін қолданғанын айтады. Олар Байденнің осы «қателіктерді» қалай және қашан дұрыстай бастауы маңызды мәселе болғанын алға тартады. Жаңа президент те көп күттірмеді. Сынға көп ұшыраған, ең даулы мәселелердің түйіні бірден тарқағандай.
Ендігі кезек – заң жобаларын жүзеге асыру. Демократтар басым Сенат пен Өкілдер палатасының келісімін алу демократ Байден үшін қиынға соқпас.
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыда нәрестесін тастаған «көкек ана» іздестіріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:39
Руханият • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар