Технология • 28 Қаңтар, 2021

Инфрақұрылым деректері цифрлануда

860 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер қатынастарын цифрландыруды тапсырған болатын. Сондай-ақ Президент аумақтық және кеңістіктік дамыту тәсілдерін қайта құруға назар аударған-ды.

Инфрақұрылым деректері цифрлануда

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Ондағы мақсат – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінің ашықтығын әрі айқындығын қамтамасыз ету. Бұған қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді жол – бизнес-процестер мен мемлекеттік қызмет­тер­ді цифрландыру. Бұл ретте қала құрылысы кадастрының қыз­метін цифрландыру өте маңызды.

– Өйткені барлық жылжы­майтын мүлік нысандары, жер үсті және жер асты ком­муни­ка­ция­­лары туралы ақпа­ратты жи­нау­дың, өңдеудің, тір­кеудің, сақ­таудың және ұсы­нудың бірыңғай жүйесін қам­тамасыз ету – қала құ­­рылысы кадас­трының міндеті. Оны цифр­ландыру нысандарды жобалау, салу, пайдалану және кәдеге жарату процесін мони­торингілеуге, өңір аумағында құры­лыс салуды ұтымды жос­пар­лауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа нысандарды инженерлік желілерге қосуды жоспарлауды, қолданыстағы коммуникациялардың қуатын ұлғайтуды едәуір жеңілдетеді әрі құрылыс жұмыстарын жүр­гізу кезінде желілердің апат­тық жағ­дайы төмендейді, – деп хабар­лады Индустрия және инфра­құрылымдық даму министрлігі. 

Белгілі болғандай, министр­лік инфрақұрылымдық дерек­тер­­ді қалыптастыруды 2018 жылдан бастап бірыңғай авто­маттандырылған ақпараттық жүйе­де жүзеге асырып келеді. Елді мекендердің құрылыс­тары мен инженерлік коммуни­кацияла­рын түгендеу арқылы цифр­ландырады. Түгендеу жұ­мыс­тарының жүзеге асыры­луына қарай қала кадастры жү­йесі сумен жабдықтау, кәріз, су бұру, электрмен жабдықтау, бай­­ланыс, газбен жабдықтау, жы­лумен жабдықтау, көшені жа­рықтандыру, жол қозғалысын ұйым­дастыру желілері және басқа да нысандар бойынша цифрлы де­ректермен толтырылады.

– Бүгінде цифрлы мәлімет­тердің шамамен 48 пайызы (244,5 мың гектар) қалалық кадастрдың деректер базасына енгізілді. Цифр­ландырылған аумақ дерек­терінің 10 пайызын (54 мың гек­тар) жақын арада жергілікті ат­қарушы органдар ұсынатын бо­лады. Аумақтың қалған 42 пайызын (234 мың гектар немесе 172 елді мекен) 2025 жыл­ға дейін «Нұрлы жер» мем­лекеттік бағ­дарламасы аясында цифр­ландыру жоспарланған, – делін­ген министр­ліктің хабарламасында.

Инфрақұрылымдық дерек­тер­дің барлығы мемле­кет­­тік қа­ла құрылысы кадастры­ның ашық контурына – Бірың­ғай гео­ақпараттық инфрақұ­ры­лым­дық деректер платформасына ен­гізіледі. Аталған платформа 2020 жылы қанатқақты режімде іске қосылған болатын. Жоба оң нәтиже көрсеткен. Бі­рың­­ғай геоақпараттық ин­фра­құ­рылымдық деректер плат­формасы мемлекеттік ор­­гандардың салалық ақпа­рат­тық жүйелерімен, өңірлік гео­порталдармен, сала­лық ка­дас­трлық және басқа да ин­фра­құрылымдық қызметтер жү­йе­сімен интеграцияланатын болады. Бүгінде 5 өңір (Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыс­тары) геоақпараттық жүйесімен тестілік интеграция жүргізілген.

– Платформада сәулет, қа­ла құрылысы және құрылыс қыз­метінің барлық қолда бар, салынып жатқан, жобаланатын жерүсті және жерасты нысандары есепке алы­нып, елді мекен аумақтарының дамуына мониторинг жүргізілмек. Қол­­даныстағы инженерлік желі­лер жаңғыртылған, өзгер­ген­ не жаңадан салынатын аудан­­­дар­дың жобалық құ­жат­та­масы жаңар­тыл­ған жағ­дай­­да, ақпарат міндетті түр­де Бірыңғай геоақпараттық ин­­фра­құры­лым­дық деректер плат­фор­­масына келіп түсетін болады. Осы­­лайша, платформаның дерек­­қорына тиісті ақпаратты енгіз­­бейін­ше бірде-бір өзгеріс мүм­кін бол­майды, – деп хабарлады ми­нистр­­лік.

Бірыңғай инфрақұрылымдық плат­форма жобалау және құ­ры­­лыс процесінің ашықтығын, әлеуетті инвестициялық жобалар­ды іске асыруды, бюджет қаражатын иге­руді бақылау мен тиімділігін қам­тамасыз ету құра­лына айналмақ.