Жылдан аса адамзатты үрей құшағында ұстаған СОVID-19 вирусына қарсы екпе жұмыстары үшінші мегаполисте де басталды. Бұл үшін қалаға 1 мың доза вакцина жеткізілді. Шаһардағы медицина қызметкерлері індетке қарсы вакциналауға белсене қатысып, көпке үлгі көрсетті.

Коронавирусқа қарсы ерікті түрде вакцина салу науқанына алғашқылардың бірі болып қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Шаһар басшысы Шымкент қалалық №3 емханада екпе алдында дәрігерге тексеріліп, қарсы көрсеткіштер анықталмаған соң, ерікті түрде екпе ектірді.
«Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы қалалық қан орталығындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылып, дүйсенбі таңғы сағат 06:00-де 4 емханаға жеткізілді. Егу үшін қаладағы емханалардың базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылған.
Ерікті түрде вакцина егу үшін медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылған. Сонымен қатар медицина қызметкерлері үшін вакциналау бойынша семинар-тренингтер өткізіліп, қажетті медицина қызметкерілерінің барлығы оқытудан өтті. Вакциналауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакциналау алдында дәрігерлер тұрғындарды міндетті түрде тексеруден өткізеді. Бүгінгі таңда қалада төрт емхана базасында екпе егілуде. Қалалық №6 емхана сол төрт базаның бірі.
Бірінші кезекте емхананың 6 медициналық қызметкері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаеваның хабарлауынша, пунктке таң азанымен «Спутник V» вакцинасының 250 дозасы жеткізілген. Алғашқы күні бұл базадан қаладағы 4 денсаулық сақтау мекемесінен 50-ге тарта медицина қызметкері вакцина алады деп жоспарланған.
«Алдымен денсаулығымды тексертіп алдым. Дене қызуым, қан қысымым барлығы қалыпты жағдайда болып, рұқсат етілді. Жарты сағат СОVID-19-ға қарсы екпе егуден кейінгі күту залында мамандардың бақылауында болдым. Қазіргі жағдайым жақсы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Қазіргі таңда коронавирустан сақтанудың бірден-бір жолы – осы екпе болып тұр. Осы кезге дейін дертке қарсы өзге де вакциналарды үзбей алып жүрдім. Сол үшін аса қорқынышты болған жоқ. Өзімді, отбасымды, айналамдағы адамдарды сақтаудың, қорғаудың жолы осы болғандықтан азаматтық міндетімді орындадым, – деді алғаш болып індетке қарсы екпе ектірген бас дәрігер Айгүл Қылышбаева.
Бүгінгі таңда қалада төрт емхана базасында екпе егілуде. Сол базаның бірі – қалалық №6 емхана. Алғашқы кезекте емхананың 6 медициналық қызметкері ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Қалалық №6 емхана базасы вакциналауға алдын ала дайындалып, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Екпе алатын медициналық қызметкерлер бірінші дәрігерлік тексеруден өтіп, өз келісімін жазбаша қалдырады. Сосын екпе жүргізіліп, арнайы күту залында жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болады. Айта кетерлігі, медицина мамандары вакциналау – коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң локдаун енгізбеудің жалғыз баламасы деген ойды ортаға салады.
ШЫМКЕНТ
Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Үкімет • Бүгін, 15:13
Түркістан облысындағы үш ауданда 6 көше, 48 ауланы су басты
Оқиға • Бүгін, 15:01
Қазақстанда криптоиндустрияның алғышарттары әзірленіп жатыр
Қоғам • Бүгін, 14:55
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:37
Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:36
LRT жобасы қашан аяқталатыны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:23
20 жыл бұрын банкротқа ұшыраған кәсіпорын қызметкерлері төлемдерін ала алмай жүр
Саясат • Бүгін, 14:09
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Ұқсас жаңалықтар