21 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №712

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ.А.Бозымбаевты Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 желтоқсан. №712

01-Бозумбаев К.А. фотоҚанат Алдабергенұлы БОЗЫМБАЕВ

1969 жылы туған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мамандығы – экономист, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

Академияны бітіргеннен кейін мамандығы бойынша жұмыс істеді, кейін Алматы қаласы әкімінің аппаратында, республиканың Экономика және сауда министрлігінде еңбек етті. «Қазтрансойл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компанияның жиынтық-қаржы департаментінің бастығы, вице-президенті, Қазақстан Республикасы Энергетика, индус­трия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің директоры болды. Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» акционерлік қоғамының президенті қызметтеріне тағайындалды.

2009 жылғы қарашадан – Жамбыл облысының әкімі.

Соңғы жаңалықтар