Саясат • 04 Ақпан, 2021

60 мыңнан астам өтініш түсті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеткілікті шектен асқан қаржыны алу бойынша уәкілетті операторлардан 60 079 өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі «Отбасы банк» арқылы жолданған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 59 337 өтініш қабылданған.

60 мыңнан астам өтініш түсті

БЖЗҚ-ның хабарлауынша, жалпы сомасы шамамен 240,5 млрд теңге болатын 43 737 өтініш өңдеуге қабылданған. Бұл келіп түскен өтініштердің 80 пайыздан астамын құрайды. Сондай-ақ 15 600 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылданбаған.

Екінші уәкілетті оператор – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан да өтініштер қабылдануда. Бес күн ішінде оператордан 742 өтініш келіп түскен. Оның 650-і өңдеуге қабылданып, 92 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеді.

Осылайша,  25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында БЖЗҚ  243,8 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 44 387 өтінішті өңдеуге қабылдады. Өтініштердің орташа сомасы шамамен 5,5 млн теңгеге тең. 

Негізінен, өтінімдер (80 пайыз) алынатын соманы дұ­рыс көрсетпегендіктен қабыл­данбаған. Яғни сұратылған қаржы қолжетімді сомадан асып түскен. Екінші жағынан (19 пайыз) сома дұрыс көрсетіл­ме­гендіктен, өтінімдер қайта беріл­ген. Сонымен қатар қордан жинақ ашпаған немесе бірреттік зейнет­ақы төлемін алуға құқығы жоқ адам­дар да өтініш берген. Әл­бетте, олардың өтініші қабылдан­байды.

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.