Әлем • 06 Ақпан, 2021

ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті 2021–2022 жылдарға арналған жоспарға қол қойды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоспар бірлескен жобалар мен іс-шаралардыжүзеге асыруды көздейді. Сондай-ақ, ЕАЭО заңнамасы мен ТМД нормативтік базасын үйлестіру тәсілдерін әзірлеу, оның ішінде ЕАЭО мен ТМД-да әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілердің жобалары арасындағы қайшылықтарды жою бойынша консультациялар жоспарланған. Сонымен қатар, құжат ЕАЭО мен ТМД жұмысына жастарды, қоғамдық бірлестіктермен бизнес қауымдастықты тартуды қарастырады, –деп жазады  Egemen.kz.  

ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті 2021–2022 жылдарға арналған жоспарға қол қойды

ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумға 2018 жылдың 27 қарашасында қол қойылды. Онда тауарларды сәйкестендіру, мемлекеттік сатып алу, тұтынушылар құқығын қорғау, цифрлы экономика, салық саясаты және әкімшілендіру, сыртқы сауда, бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу, сондай-ақ санитарлық, ветеринария арқылы тауарларды кедендік реттеу, бақылануы және таңбалануы саласындағы ынтымақтастық көзделген. және санитарлық-карантиндік фитосанитарлық шараларды қамтиды.

Меморандум ЕАЭО және ТМД органдарының өкілдеріне ЕЭК және Достастық органдарының сайттарында өткізілген сараптамалық топтарды ңотырыстарына, сондай-ақ Комиссия алқасы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың және ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді.