Әлем • 07 Ақпан, 2021

ДДСҰ-ның маска тақпау туралы жаңа мәлімдемесі жалған

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде ДДСҰ-ның жалған мәлімдемесі талқыланып жатыр. Онда ұйым мамандары «енді маска тағу қажет емес» деп мәлімдеген,  деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ-ның маска тақпау туралы жаңа мәлімдемесі жалған

Осындай «дәйексөз» жазылған скриншот 25 қаңтарында жарияланған.

Шын мәнінде, ДДСҰ мамандарының ешқайсы мұндай мәлімдеме жасамаған. Интернетте тарап кеткен скриншот Principia Scientific International конспирологиялық ресурсынан шыққан және ДДСҰ-ға еш қатысы жоқ.

Сайтта контекстен алынған дәйексөз де келтірілген, шындығында, ол ДДСҰ-ның 2020 жылы 1 желтоқсанда шыққан Mask use in the context of COVID-19 құжатынан алынған. Онда «сайма-сай қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін жалғыз бір масканы тиісінше қолдану жеткіліксіз» делінген.

Бұдан әрі түпнұсқа құжатта COVID-19-тың алдын алу бойынша қолды жиі жуу және әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты басқа нұсқаулар берілген. Құжатта маска тағудың тиімдігін көрсететін зерттеулердің нәтижесі де келтірілген. Бұл осы құжатты қолдана отырып, жасалған алғашқы манипуляция емес.