Аймақтар • 07 Ақпан, 2021

Ақмола облысының жолдарында 800-ден астам көлік тоқтап тұр

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласы бағытындағы жолда, Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау, Қостанай бағытына қарай шыға берісте 800-ден астам жеңіл және жүк автомашинасының кептелісі орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының жолдарында 800-ден астам көлік тоқтап тұр

«Сағат 13.15-те Щучинск қаласы бағытында 300-ге жуық автомашинадан тұратын автокөлік құралдарының колоннасы полиция қызметкерлерінің және жол қызметтерінің жетегімен жолға шықты. Сонымен қатар 500 автомашинадан жасақталған колонна Нұр-Сұлтан қаласына шықты. Сағат 15.30-да Щучинск және Нұр-Сұлтан қалаларына автокөліктердің кіруіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта Қостанай облысының автожолында автомашина кептелісі жоқ», деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында автожолдар жабылған болатын. Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз.

Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті зерделен жөн.