Технология • 08 Ақпан, 2021

«Цифрлы кеніштің» сиқыры

358 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Цифрландыру жобаларының экономикалық қана емес, әлеуметтік әсері де зор. Мәселен, «Алтыналмас АК» ком­паниясының «Цифрлы кеніш» бағдарламасын алайық. Бағ­дарлама өндірісте IT инфрақұрылым құрып қана қоймай, пандемия кезінде республиканың шалғай елді мекендерін жылдам интернетпен қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты.

«Цифрлы кеніштің» сиқыры

 

«Цифрлы кеніш» – өнер­кә­сіпті цифрландыру бағы­тындағы жетекші жобалардың бірі. Оны 2017 жылдан бастап республикадағы алтын өндіретін жетекші компаниялардың бірі – «Алтыналмас АК» қанат­қақ­ты режімде жүзеге асыруда. Жобаның міндеті – жаңа тех­нологиялық кен орнын құру, ондағы өндірістік цикл мен барлық бизнес-процесті толық цифрландыру. Алайда бұл механизмді іске қосу үшін ең алдымен тұ­рақты, талшықты-оптикалық ин­тернетпен қам­тамасыз етілген желілік ин­фрақұрылым құру қажет-тін. Өйткені диспетчерлік жүйе, өндірістік учаскелердегі интер­неттің үйлесімді жұмысы үшін жоғары жылдамдықты Wi-Fi кеңістігі қажет. Сондықтан Huawei компаниясы жобаның не­гізгі серіктестерінің біріне айналды.

«Цифрлы кеніш» жобасы­ның басты мақсаты – бірыңғай базалы және жүйелі IT ландшафт құру. Оның ішіне сапа­лы байланыс арналары, серверлік инфрақұрылым, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бизнесті басқаруды дамы­туға арналған техникалық қол­дау кіреді. Жоба жетекшісі, «Алты­налмас АК» АҚ IT және корпоративтік даму жөнін­дегі вице-президенті Жанар Аманжолованың айтуынша, «Цифрлы кеніш» аясында жаң­ғыртылған, диспетчерлік ор­талықтары бар IT инфрақұры­лымы сәтті құрылған.

1

– Шахталарға Wi-Fi жүргізіп, «Ақбақай» және «Ақтоғай» кен орындары жерүсті Wi-Fi-мен қамтамасыз етілді. Қияқты темір жол стансасынан «Ақбақай» кені­шіне дейін ұзындығы 125 шақырым болатын талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды. 2019 жылдың сәуір айында «Ақбақай» жобасына жоғары жылдамдықты интернет ұсыныла басталды. Сондай-ақ «Ақбақай» және «Бескемпір» шахталарында 107 жерасты Wi-Fi нүктесі орнатылды. Бұдан бөлек, «Ақтоғай» жобасы үшін карьер, орталық қойма, кен қоймасы, диспетчерлік және басқа да өндірістік учаскелерді қамтитын, жылдамдығы 300 Мб/с тұрақты сигнал беретін 23 нүктесі бар жерүсті Wi-Fi салынды, – деді Ж.Аманжолова.

«Цифрлы кеніш» жобасынан алынған алғашқы нәтижелердің бірі – шығындарды азайту. Осылайша, диірмендегі шар деңгейін өлшеген кездегі регламенттелген тоқтап тұруларды қысқарту нәтижесінде, 2020 жылы алтын шығаруды ұлғай­тудан түсетін кіріс 424,7 мың дол­ларды құрады. Idc Energy Insights болжамы бойын­ша, 2020 жылы жабдық өн­дірушілер, инженерлік қыз­мет­­тер және веб-сервистер мен IT-серіктестер арасындағы экожүйе ынтымақтастығының нәтижесінде тау-кен компаниялары инвестиция­лар­дың өтелу уақытын 20 пайыз­ға қыс­қартқан.

– «Цифрлы кеніштің» жұ­мысы қатаң шектеулер кезінде бір күнге де тоқтаған жоқ. Пандемия және карантин режімі кезінде учаскелерді қашықтан басқара алдық. Карантин енгізілгеннен кейін кен орнына бару немесе қызметкерлерді шығару мүмкін болмағаны белгілі. Алайда жедел іске қосылған жүйелер ар­қылы жұмысты бас кеңседен басқарып, бақылай отырып, қа­шықтан жұмыс істеу режіміне көшірілді. Ал қызметкерлер сол жерде отырып-ақ отбасымен хабар алмасуға мүмкіндік ал­ды. Сапалы интернет байланысы барлық жүйенің үздіксіз жұ­мысын қамтамасыз етті. Оларды бақылау да үзілген жоқ. Сөйте тұра, компанияның барлық қызметкері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Олар әлі де осы режімде еңбек етіп жатыр, – дейді Ж.Аманжолова.

Жобадағы негізгі қиындық­тың бірі – нысанның халық аз қоныстанған ауданда орналас­қаны. Жоба басталғанға дейін жергілікті тұрғындар мен әлеу­меттік инфрақұрылым нысандары мүлдем байланыссыз болды. «Ақбақай» және «Ақто­ғайдағы» инфрақұрылым ая­сын­да компания жақын маң­дағы елді мекендер үшін де ин­тернет арналарын таратты. Осылайша, жергілікті тұрғындар айтарлықтай әлеуметтік қолдау­ға ие болды. Сонымен қатар әкім­діктер, медициналық пункттер, балалар мекемелері және тағы басқа нысандар да интернетпен қамтамасыз етілді. Пандемия кезінде білім беру мекемелеріне бара алмайтын жастар мен мектеп оқушыларына қашықтан білім алуға мүмкіндік берілді. Байланыс операторлары желі жүргізуге құлшыныс танытпағандықтан, мұның бар­лығын компания өз есебінен жасады.

Ж.Аманжолованың айтуынша, іске асырылған барлық шаруа ең алдымен адамның қол ең­бегін жеңілдетуге, күнделікті опера­цияларды алмастыруға ба­ғытталған. Сонымен қатар өнер­­кәсіптік қауіпсіздікті жә­не жергілікті жерлерде ең­бек жағ­­дайын қорғауды да қам­тамасыз етеді. Мысалы, «Ақ­бақай» және «Ақтоғай» кеніш­терінде смартфон/планшеттің көмегімен еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қор­ша­ған ортаны қорғау және та­ғы басқа салалардағы ереже бұзу­шылықтарды тіркеуге әрі қада­ғалауға мүмкіндік беретін нұс­қау модулі іске қосылды. Бола­шақта компанияның стратегиясы де­рек­терді талдау және олардың негізінде шешімдер қабылдау жұмысын қамтымақ.

Болжам бойынша 2022 жылға қарай тау-кен кәсіпорындарының 30 пайызы 5G, LTE, спутниктік және тіркелген желілер арқылы үйлестірілген стратегияларын әзірлейді және инвестициялайды деген жоспар бар. Сондай-ақ осы уақыт ішінде ірі тау-кен өндіруші компаниялардың 60 пайызы цифрлық өндірістік инновациялық орталықтарға ие болады деп күтілуде. Бұл болжамдардың бар­лығы да «Алтыналмас АК» жобаларының стратегиясында көрсетілген. Бұл шығындарды 20 пайызға қысқартып, кен өндіру комп­ания­ларының барлық са­ласын­дағы барлау, өндіру, тасы­мал­дау, ұсақтау, қайта өңдеу, қал­­дықтарды басқару және түпкі­лікті өнім шығару сияқты опе­ра­циялық жұмыстардағы жағ­дайды жақсартуға мүмкіндік бе­реді деп болжанып отыр.

«Алтыналмас АК» компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесінде әлемде көптеген компаниялар R&D-ға (ғылыми-зерттеу қызметіне) инвестиция салатыны анықталды. Жер-жаһандағы 2 500 ірі компанияның 51-і Industrial Metals&Mining секторына кіреді. Сөйте тұра, R&D шығындары бойынша тізімдегі алғашқы 20 компания Қытай Халық Республикасына тиесілі. Олардың шығындарының ең жоғары көрсеткіші кірістің 5 пайызын құрайды. «Алтыналмас АК» R&D шығындары 2018 жылғы 1,21 пайызға тең болса, 2020 жылы көрсеткіш 3,07 пайызға дейін өсті. Алдағы уа­қытта көрсеткішті арттыру трен­ді жалғаспақ.