Венгрияның Дебрецен қаласында басталған додада ұлттық құраманың төрт боксшысы жұдырықтасады. Атап айтқанда, Жазира Орақбаева (51 кг), Назым Ищанова (57 кг), Айжан Хожабекова (60 кг) және Дариға Шәкімова (69 кг).
Айта кетерлігі, әйелдер арасындағы бәсеке 13 ақпанға дейін жалғасады.