«Қызыл аймақтағы» облыстың орталығы – қала ішінде жүретін қоғамдық көліктердің жағдайы алаңдатады. Көліктер таза емес, өте ескі, тозған, ауасы тар. Мысалы, №152, 153, №115, №2 секілді басқа да бағыттағы қоғамдық көліктердің санитарлық жағдайы сын көтермейді. Шағын автобусқа кірген адам сол бетте-ақ ауру жұқтыруы мүмкін. Өйткені автобус іші өте тар, адам лық толы. Бір-біріне өте жақын қашықтықта иін тіресіп тұратын адамдардың жай демалуының өзі қиын.

Бұл жағдайды тексеріп жүрген мониторлық топтар да көрінбейді. Бетпердесіз жүретін қала тұрғындары аз емес. Кейбір шағын дүкен сатушылары «азық-түлік, заттарымыз өтсе болды» деп тұра береді, бетпердесіз кіргендерге назар да аудармайды.
– Облыс әлі күнге дейін «қызыл аймақта» қалып отыр. Мысалы, 22-28 қаңтар аралығында 1 596 адам КВИ жұқтырса, 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында 1 693 адам індет жұқтырғаны белгілі болды. 5 ақпандағы жағдай бойынша 225 науқас тіркелді. Эпидемиялық ахуал әлі де күрделі болып отырған соң облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері шектеу шараларын тағы бір аптаға ұзартты, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Ғизат Әбешов.
Біз ылғи осылай құрғақ мәлімет беруге үйренгенбіз. Көп мәселе сөз жүзінде, отырыстар өткізу қалқасында қалып барады. Неге «қызыл аймақта» қалып отырмыз деген сұраққа не облыстық әкімдік, не облыстық денсаулық сақтау басқармасы әлі бір жөні дұрыс жауап берген емес.
Өңірімізде індеттің таралуына қатысты жағдай әлі де күрделі деген сөз бақылаудың жоқтығын, мониторингтік топтардың дұрыс жұмыс істемеуін аңғартады. Себеп те аз емес. Бірақ өңір тұрғындары неге ауыруда, індет неге кең таралуда деген түпкі мәселеге үңілмей, эпидемиялық жағдай оңала қоймас.
Енді өңіріміздегі эпидемиялық ахуалдың жақсармай тұруы салдарынан осының алдында бекітілген қатаң шаралар енді 16 ақпанға дейін ұзартылды. Қазір тұрғындар әдеттегідей «Павлодар-Ақсу» бағыты бойынша ғана автобуспен екі араға қатынай алады. Ал басқа ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалына тыйым салынады.
Жаңа қаулы бойынша тағы да бірқатар шара қабылданды. Бірақ сөз жүзінде үйреншікті әдет болып бара жатқандай. Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану орындары кешкі сағат 20.00-ге дейін ғана адамдарды қабылдай алады. Сенбі-жексенбі күндері тек жеткізу қызметі жұмыс істейді. Бұл талап сауда орындарында орналасқан тамақтану орындарына да қатысты.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында ХҚО-ға бару үшін алдын ала кезекке жазылу қажет. Облыстағы эпидемиялық жағдай күн тәртібінде, осы мәселеге орай күнделікті облысы әкімдігінде арнайы штаб отырыс өткізілуде. Күнде жиында «қызыл аймақтан» шығу барысы талқыланады.
Өңірде індет жұқтырғандардың жалпы саны 10 ақпандағы соңғы мәлімет бойынша 15 607-ге жетті. Қазіргі апталық өсім көлемі 1,9 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарда 676 науқас ем алуда, 24 науқас жан сақтау бөлімінде болса, бір науқастың жағдайы өте ауыр. Тағы 7 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Ал ауыр халдегі науқастардың көпшілігі облыс орталығындағы №4, №1 емханалардан, 3 науқас Тереңкөл ауданынан, жергілікті темір жол ауруханасынан, Екібастұздағы №3 емханадан, Шарбақты, Май, Павлодар аудандарынан жеткізілген.
Қазір өңірде тұрғындарды вакциналау шарасы жүргізілуде. Облысқа вакцинаның екінші партиясы 2 аптадан соң келеді. Бұған дейін Спутник V препаратының 1 200 дозасы облыстық аурухана қоймасына жеткізілген. Өңірде 1-3 ақпан аралығында 530 медицина қызметкері індетке қарсы екпе алды.
«Облысқа 1 200 доза вакцина жеткізілген. Кестеге сай 530 екпе салынды. Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалалары мен аудандарда 22 егу кабинеті жұмыс істейді. Аудандарда егу жұмыстары аяқталды. Бірінші кезекте науқастармен тікелей жұмыс істейтін инфекциялық стационарлар мен жедел жәрдем мамандары, сүзгі кабинеттерінің медицина қызметкерлері тізім бойынша өтеді. Олардың барлығы өз еркімен вакцина алуға келісім берген және ешкім де мәжбүрлеген емес», делінген жергілікті денсаулық сақтау басқармасының мәліметінде.
Павлодар облысы
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар