Бүгінде халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірде жұрт мал жаятын жер таба алмай жатқанда, елдің солтүстігіндегі жайылымы мен егістік жері мол ауылдарда тұрғындардың қатары сиреген. Қашанда қазақ «Бос жатқан жер жау шақырады» деп етек-жеңін қымтап отырған.

Ақын Ғафу Қайырбеков Қайнекей туған Дүбірге арнаған өлеңінде:
«Дүбірде бар екі ши,
Маңайында жыра көп.
Біздің әулет – екі-үш үй
Жайлар еді жылда кеп.
Жалғыз қазық – мына жұрт
Мен дүниеге туған жер.
Жалғыз тұтам шуда жіп
Кіндігімді буған жер.
Туған жермен байлаған
Кетпестей ғып кіндіктен,
Бар ма екен, – деп ойланам
Мықты нәрсе сол жіптен!» деп толғанады.
Кіндік қаны ауылда тамған жан үшін алтын бесік – ауылға жетер жер жоқ. Ауыл – береке, ауыл – ағайын, ауыл – парыз-қарызы жоқ араластық, ауыл – көршіге келген қонақтың өзін қолқалап қонаққа шақырар кеңпейіл, ауыл – бірі отын-шөп түсірсе де, соғым сойса да еш шақырусыз қаумалап келіп, қауқылдаса жүре оп-оңай біте қалатын көп жұмыс, не керек көл-көсір қазақы пейіл.
90-ыншы жылдары азат ел енді аталған шақта ауылдардың басына зілдей ауыр қиыншылық түсті. Жұмыс жоқ, жарық жоқ, шаруашылықтар жекешеленіп, бар мал бартерге түсіп, қажет тауар қат болып, екі қойың бір кір сабынның бағасына кетіп, халық әбден титықтады. Амал жоқ, «қой, бүйтіп отырып, қары қалың алты ай қаһарлы қысы бар далада, бір жарамды техникасы жоқ жолсыз ауылда қалуға болмас» деп шамасы келгені қалаға, әйтпесе қала маңындағы ауылдарға үдере көшті. Әсіресе бұл қиындық Торғай, Жезқазған сынды облыстары жабылып қалған аймақтардың тұрғындарына тіпті ауыр тиді.
Туған жерін, алтын бесігі – ауылын тастап босқан халық өз күндерін өздері көрді. Оларды «еее, байғұстар-ай» деп аяған не үкімет, не сол ауылдың, ауданның билігі болмады. Жаңадан қоныстанған жеріне кірігіп кету де қиынға түсті. Сырттан көшіп келген деп кеудеден итерсе де кектенбеді. Көнтерілі халық шыдады, қолын жайған жоқ, қылмысқа барған жоқ, бұрынғысынан қалған аз-маз тұяғын өсіріп, біреуден ілгері, біреуден кейін күй кешті. Қазір сол заманда көшіп келген жас балалардың өзі үйлі болды, олардың балалары да үйленді, немере сүйіп отыр. Сіңді, орнықты. Бірақ бір кездері қимай-қимай тастаған ауылдары жайлы көп ойлайды. Олардың біразы болашағы жоқ ауылдардың тізіміне енген болуы да мүмкін. Баласы шығандаған соң мектебі де жабылуы мүмкін, ал мектеп жабылса...
Сонда бұған кім кінәлі? Ауылды тастап көшкен өздері ме, әлде жағдай туғызбаған, сол кездегі Үкімет тартқызған қиындық па? Соңғысы тәрізді. Бірақ сол ауылға кіндігінен байланып, ауыл десе елеңдеп тұрар, қазір татар дәмін алыстан тауып жүрген перзенті ретінде өзі не істей алады? Сол кезде бір үй болып ауылдан кетсе, қазір бір өзіне қарасты 10 шақты шаңырақ бар екен. Қалада, ауылда тұрақты жұмыспен емес, күнделікті қолға тигенімен, адам тасып, қатты-қайырым жұмыс істеп, базарда арба сүйретіп жүрген біраз жас бар. Оқығанының өзі мамандығымен жұмысқа тұруы қиын.
Енді осы заманда, бір кезде жұртта қалған ауылына ат арытып алыстан емес, сол көшкен үйдің әр отбасы қазіргі он шақты өзінен тараған ұрпағынан бір-бір шаңырақтан ауылға қайта қондырса қайтеді? Үкіметке де алыстан әкелгенше беретін көмегін сол өз ауылына қайта барғысы келгендерге бөлсе, жеңілге түсер еді, әрі олар орнығып, қайтадан көшсек деген желкөңілге де берілмес еді ғой. Бір реттік жәрдем мен көшу пұлын, сосын жан басына берер қаражатын ұстатса, баспана болса, қала мен ауылдағы жұмыссыздың саны да азаяр еді.
Оның үстіне қанша дегенмен өз ауылың ғой, көзкөргендер де қарап қалмас. Қазір ауыл тұрғындарында мал басы баршылық. Өйткені бар тіршілігі, ішіп-жемі, киім-кешегі, баласын оқытуы – бәрі сол малдың арқасы болғандықтан, туыстың, ауылдастың бәрі мал өсіреді. Сол малдан туысың, иә ауылдасың екі-үш жылға бірнеше қой-ешкі, бір сиыр, бір жылқы беріп, төлін сен ал, сосын берген малымды қайтарарсың десе, соның төлімен де біраз малдануға болады. Сүтін, майын, құрт-ірімшігін айырып, содан қалаларға сатуды ұйымдастыруды жолға қойса, тұрмыс тез-ақ түзеліп кетер еді. Осындай жұмыстар қолға алынса, үкімет те, жергілікті билік те ұтар еді ғой. Әрі Үкімет өзінен кеткен қателікті өзі жөндесе, қандай ғанибет!
Бұл – бір арман айтылған. Мұны тек ауылы алыс, алдағы тағдыры неғайбыл, жабылып қалудың қаупі бар, басына бұлт үйірілген ауылдан шыққандар ғана түсінеді. Қайнекей туған екі-үш үйлі Дүбір түгіл, бір кездері іргелі елдің бесігіне айналған Торғайдың көп ауылының тағдыры бүгінде қиын күйде. Оны ойлайтын кім бар?
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Өскеменде балабақша тәрбиешісіне қатысты іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Ұқсас жаңалықтар