«Тозбасты ұста соқпайды, өлместі Құдай жаратпайды», дейді халық. Шынында да, өзекті жанға күні жеткенде, уақыты соққанда өлімнің келетіні ақиқат. Ислам дінінде, мыңжылдықтардан бері келе жатқан қазақтың әдет-ғұрпында қайтыс болған кісінің кәдесін атқарудың өзіндік тәртібі бар.
Марқұмды қара жердің қойнына берген соң да межелі уақыттармен жалғасып жататын рәсімдердің көп екені тағы белгілі. Дегенмен, өлімнің аты өлім, ажалдың аты суық. Бұл жерде жасы келіп қайтқан кісінің өлімін «тойға» жатқызуға тағы болмайды. Қазақы танымда бұл дүниеден көшкен пенденің абыройына, атына кір келмейтіндей әрекеттер жасалады. Шамасына қарай ұрпағы марқұмның атынан садақа таратып, Құран бағыштап жатады. Ал мұндай жағдайда қарыздануға, тыраштанып ысырапшылдыққа баруға дініміз рұқсат етпейді.
Кеңестік кезеңді көзімен көрген бүгінгі кейбір қариялар адам қайтыс болғанда көп жағдайда қасиетті Құран аяттарының оқылмағанын, сол кездегі идеологияның оған қарсы болғанын айтады. Тіпті көп ауылдарда жаназа намазына адам келмейтіндіктен, оларды үй иелері ақша беріп шақыртқанын да естиміз. Сол нәрсенің салқыны бүгінгі қоғамда әлі де бар. Мәселен, қазіргі кезде кейбір қаралы үйдің адамдары сол ауылдағы, көрші ауылдардағы әр атаның ұрпақтарын шақырып, оларға шамасына қарай бес-он мың теңгеден ақша қояды. Ол ақша марқұмды қара жерге аманаттаған соң, бейіт басында сол келген адамдардың бәріне тегіс үлестіріледі. Сөйтіп топырақ салуға келген адам қалтасына бес-он теңге салып қайтады. Алайда, осы «дәстүр» қаншалықты дұрыс?
Қаржылай мүмкіндігі бар адам қайтыс болған ата-әжесіне, әкесіне, болмаса шешесіне арнап ақша қояды. Ал елдің бәрінің жағдайы бірдей емес. Сонда жағдайы төмен адам не істейді? Амал жоқ, қарызға батады, шашылады, төгіледі. Себебі көпшіліктің «көштен қалмау» үрдісі мерейлі тойда ғана емес, топырақты өлімде де осылай қылаң береді. Мұның тағы бір шарты – қайтыс болған кісі немере сүйген болса, міндетті түрде ақша қойылуы керек. Жас болса, ақша қойылмайды. Яғни көпшіліктің көкейінде қалыптасқан пікір бойынша, ұрпақ өрбіткен адамның өлімі де «той». Мұндай «жазылмаған заң» қазіргі кезде Жамбыл облысының бірқатар ауылдарында кездеседі. Әркімнің ниеті өзіне белгілі, бірақ марқұмның жүзін топырақ жасырған соң қабір басында ақша алуға таласқан талайды көзіміз көрді. Мұндайда адам өліге топырақ салуға емес, ақша алуға ғана келе ме деген суық ойдың сумаң ете қалатыны шын.
«Шариғатымыз бойынша жаназа намазды да, басқа намазды да Алланың разылығы үшін оқу керек. Жаназа намазына Алланың разылығы үшін қатысу керек. Ал біреу ақша беріп жатыр деп, соны алу үшін ғана жаназаға баратын болса, оның ниеті, жаназа намазы қабыл емес. Мұндай ниетпен баруға болмайды. Ал қайтыс болған кісіге тек топырақ салу үшін баратын болса, әңгіме басқа. Қазіргі кезде ауылдарда адамдар сөзден қашып, әр атаның баласына ақша тарату дейтін амалға барып отыр. Көбінің ниеті – сол ақшаны алу. Мұның дұрыс еместігін ауылдардың кейбір тұрғындары да, имамдар да айтып келеді. Егер сол ақшаны қайтыс болған кісінің атынан туыстары садақа ретінде беретін болса, ол жақсы. Бірақ садақа алуға лайықты адамдар бар. Садақа өз иесіне жетуі керек. Мәселен, жаназаға ақша алуға келетін адамның біреуінің мың қойы, біреуінің отыз қойы болуы мүмкін. Ол адам садақаға мұқтаж емес. Мысалы, ауылдарда жағдайы төмен, жетім, жесір кісілер бар. Сол тізім бойынша қайтыс болған кісіге сауабы тисін деп беруге болады. Өзім де ауылдарға барып, осы мәселе бойынша жиындарға қатыстым. Егер ақша қоймаса, басқалардан ұят болады дейді кейбіреулер. Бұл шариғатымызда «рия» деп аталады. Бұл амал қабыл етілмейді. Яғни Алланың разылығы үшін емес, адамдардың сөзіне бола мұндай әрекетке бару дұрыс емес», дейді Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Бахтияр Амантайұлы. Расында да кейбір азаматтар ақша тарату талай жылдан бері қалыптасып кеткен үрдіс екенін айтады. Бірақ өлімге бата оқырға қайғырып емес, есеппен барудың өзі өте ұят жағдай ғой. Алайда бұл ұят жайт болса да, жалғасып келеді.
Имамның айтуынша, жерлеу рәсімінен алған ақшаға біреу арақ-шарап алып ішуі де мүмкін. Сонда әлгі үй иесі де сол адамның ішімдік ішуіне себепші болады екен. Бұдан басқа да түрлі жағдайлар бар. Бір ауылда ақсақалдар осы мәселе бойынша бәтуаласа алмай, екіге бөлініпті. Бір тарап ақша берілмесін десе, екінші тараптан берілсін деген. Содан бір кісі қайтыс болғанда, имамдар мен ақша берілуін құптамайтын ақсақалдар сол қаралы үйге барып, ақша бермеңдер дейді. Оған екінші жақ көнбейді. Содан қариясы қайтыс болған үйдің балалары ақылдаса келе, ақша қойылмаса ұят болады деген тоқтамға келіп, ақыры ақша қояды. Дегенмен мұндай жағдайдан тыйылмаса болмайтынын бәрі де айтады. Айтылады, бірақ көп жағдайда орындала бермейді.
Жамбыл облысы
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады
Экономика • Бүгін, 15:47
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Бүгін, 15:41
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Бүгін, 15:38
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:31
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Бүгін, 15:26
Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды
Білім • Бүгін, 15:25
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Бүгін, 15:11
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Бүгін, 15:07
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастарға - 29 жыл
Саясат • Бүгін, 14:57
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді
Президент • Бүгін, 14:31
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың бірлескен мәлімдемесі жарияланды
Президент • Бүгін, 14:21
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Бүгін, 14:13
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Алматы облысында өткен жылы 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілген
Аймақтар • Бүгін, 13:48
Атыраулық әскерилер ардагерлер тұратын үйдің ауласын тазартып берді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Қытайлықтар елімізге визасыз кіре алатыны рас па?
Қазақстан • Бүгін, 13:31
Бағдат Мусин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті
Технология • Бүгін, 13:14
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Президент • Бүгін, 12:59
Ауыл шаруашылығын дамытуда арнайы гранттар бөлінеді
Білім • Бүгін, 12:57
Қыс басталғалы қар құрсауынан 1242 адам құтқарылды
Қазақстан • Бүгін, 12:57
БҰҰ-ның Нигериядағы базасына шабуыл жасалды
Әлем • Бүгін, 12:55
Әлем елдеріндегі коронавирусқа қатысты ахуалға шолу
Әлем • Бүгін, 12:48
АӨК мемлекеттік қолдау тұрақты әрі оңтайлы болады - Сапархан Омаров
Экономика • Бүгін, 12:47
Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Шымкентте көктемгі әскерге шақыру басталды
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады
Медицина • Бүгін, 12:14
Шымкенттік дәрігер 3 мыңға жуық ананы босандырған
Аймақтар • Бүгін, 12:05
ҚазҰУ белгілі ғалым Әлия Оспанованың 70 жылдығын онлайн режимде атап өтті
Руханият • Бүгін, 12:02
Жалған нөмір таққандар ісі сотқа жолданды
Аймақтар • Бүгін, 11:49
Алексей Цой ауылдағы дәрігерлер тапшылығын қалай шешуге болатынын айтты
Медицина • Бүгін, 11:44
2 наурызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 11:43
Бокстан ұлттық құрама Испанияда халықаралық турнирге қатысады
Спорт • Бүгін, 11:43
«Алғыс айту күнінде» ардагерлер тыс қалған жоқ
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Әскердің қауіп-қатерге даярлығы қалай?
Видео • Бүгін, 11:24
Шетелден келген 5 жолаушыдан коронавирус табылды
Қоғам • Бүгін, 11:15
Азық-түлік бағасын реттемеген әкім орынбасарлары жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 11:13
Қызылжарда Х қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасының ашылу рәсімі өтті
Спорт • Бүгін, 11:10
Нұрлан Нығматулин: Квазимемлекеттік сектордың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет
Парламент • Бүгін, 10:54
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Шығыс Қазақстанда жолда қалып қойған 194 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер жиі қолданылады
Қоғам • Бүгін, 10:46
Қазақстан 2020 жылғы экономикалық еркіндік рейтингінде 39-орынды иеленді
Экономика • Бүгін, 10:45
Үкімет медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту шараларын қарады
Үкімет • Бүгін, 10:34
Қырғызстан президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Саясат • Бүгін, 10:24
Ассамблея өкілдері алғыс айту күнімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 10:21
Өсімдіктер әлемі туралы Заң қабылданады
Қазақстан • Бүгін, 10:13
5 жылда ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желі қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 10:06
Дариға Назарбаева Тараздағы инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 10:05
Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды
Спорт • Бүгін, 10:02
Асқар Мамин: Әкімдер азық-түлік бағасын бақылауды күшейту қажет
Үкімет • Бүгін, 09:45
Ұқсас жаңалықтар