Қазақстанда 2021 жылдың бірінші айында 801 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды.
Еліміздің өнеркәсіп секторындағы қазіргі жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады. 2021 жылдың қаңтар айында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталды.
Машина жасау саласында нақты көлем индексі 116,2% құрады. Автокөлік құралдары, трейлерлер және ашық тіркемелер, машиналар мен жабдықтар өндірісі, өзге де көлік құралдарын, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар жасау, жөндеу және орнату есебінен өсті.
Министрдің айтуынша, түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім 106,6% құрады. Оған тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, түйіршіктердегі күміс, катодты мыстың және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді. Қара металлургияда нақты көлем индексі 96,9% құрады. Шикізаттың жеткіліксіздігіне, тұтынушылардың тапсырыстарының азаюына байланысты шойын өндірісі, рельстер, болат құбырлар, арматуралық прокат төмендеді.
«Сонымен қатар кәсіпорындармен бірлесіп экспорттық әлеуетті өнімді өткізудің баламалы нарықтарына қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жыл соңына қарай бірлескен жұмыс нәтижесінде аталған көрсеткішке қол жеткізу жоспарда бар», деді Б. Атамқұлов.
Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4% артты. «Химфарм» акционерлік қоғамында және «Viva pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шығарылатын өнім көлемі 2 есеге өсті. «Dolce» кәсіпорнында 18% артты.
Негізінен, өсім халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды. Дезинфекциялық құралдар мен минералды тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 12,8% құрады. Құрылыс материалдары өндірісі 111,8% болды. Оған портланд-цемент, гипс, силикат және қож кірпіштері, құрылыс ерітінділері өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді. Биыл өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 1,2 трлн теңге болады деп жоспарланған. Бұл ретте еңбек өнімділігі 5,6% өсуі тиіс.
«Индустрияландыру картасы шеңберінде биыл жалпы сомасы 1,93 трлн теңгеге 112 жобаны іске қосу жоспарланған. 13,4 мың жұмыс орны ашылады», деді министр.
Сонымен қатар шектеу шаралары көлік саласындағы нақты көлем индексіне теріс әсер етуде. 2021 жылы қаңтар айында бұл көрсеткіш 82,6% құрады. Бұл ретте транзиттік контейнерлік тасымалда 81,4 мың жиырма фунттық балама көлемінде оң динамика сақталды. Өсім 27% құрады.
«Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 0,28 млрд тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 93,4% құрады», деді Б. Атамқұлов.
Жыл соңына дейін республикалық маңызы бар автожолдардың 90% және жергілікті жолдардың 76% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу жоспарланып отыр. 6,5 мың шақырым ақылы жол енгізіліп, ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисін 66% жеткізу көзделген.
«Теміржол көлігімен транзит 23,1 млн тоннаға дейін немесе 12% артады деп отырмыз. Оның ішінде контейнерлер транзитін 1 млн жиырма фунттық баламаға жеткіземіз», деді министр.
Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2021 жылдың қаңтар айында 107% болды. Барлық өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысында осы жылдың бірінші айында 801 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Яғни, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,4%. Республика бойынша барлығы 6810 баспана пайдалануға берілді.
«Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Маңғыстау облысынан басқа, 16 өңірде артты. Жалпы биыл елімізде 17 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыруға тиіспіз. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді», деді министр.
Сондай-ақ саладағы қажеттілікті айқындау мақсатында негізгі 24 позиция бойынша құрылыс материалдары нарығына талдау жүргізілді.
«Бүгінгі таңда отандық өндірушілер 10 тауар позициясы бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтей алады. 11 позиция бойынша еліміздің кәсіпорындары шамамен 50% қамтамасыз етеді. Ал линолеум, тұсқағаз, санфаянс сияқты 3 позиция бойынша ішкі нарықта әзірге өндіріс жоқ», деп түйіндеді Б. Атамқұлов.
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 13:35
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 12:20
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 11:20
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:40
Екібастұзда полиция қызметкерлері алаяқтарды құрықтады
Қоғам • Бүгін, 10:07
Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Спорт • Бүгін, 09:30
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Бүгін, 09:02
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Ұқсас жаңалықтар