Қаржы • 17 Ақпан, 2021

Зейнетақы жинағынан жеке табыс салығы қалай төленеді?

764 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат ем қабылдауға ақы төлеуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану барысында салық салу тәртібіне түсіндірме берді. Бұл мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.

Зейнетақы жинағынан жеке табыс салығы қалай төленеді?

Жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын ұстап қалуды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізеді. Біріншіден, БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде – бір рет, екіншіден, БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады. Мысалы, салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы =

8 500 000 теңге; жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге; біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000) болса, ЖТС төлеудің 1-тәсілі есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге; ұстап қалуға және бюджетке аударуға ЖТС сомасы = 500 000 теңге; біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 4 500 000 теңге

(5 000 000 – 500 000) болады. Ал ЖТС төлеудің 2-тә­сілі есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге болса, біржолғы зей­нетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге болмақ. Бұл ретте ЖТС зейнетақыдан ұсталады.

«ЖТС ұстап қалудың екінші тәсілін таңдаған кезде (зейнетақыны аудару кезінде кейінге қалдыра отырып) кейінге қалдыруды алғаннан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалу бойынша жекелеген ережелер белгіленген. Яғни Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде – зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет; зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде – зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет; қайтыс болған жағдайда – мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде», деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитеті.