Қоғам • 18 Ақпан, 2021

«Самұрық-Қазына» тағылымдамадан өтушілерді қабылдайды

258 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Цифрлық жаз» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тағылымдамадан өтушілерді қабылдау басталды. Отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бакалавриатының үшінші-төртінші курстарының және магистратурасының бірінші-екінші курстарының қазақстандық студенттері Қордың портфельдік компанияларында үш айлық жазғы тағылымдамадан өте алады. Өтінімдер 2021 жылдың 31 наурызына дейін Бағдарламаның digital-summer.sk.kz. ресми сайтында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Самұрық-Қазына» тағылымдамадан өтушілерді қабылдайды

«Цифрлық жаз» бағдарламасының төртінші толқынының ерекшеліктері туралы «Самұрық-Қазына» цифрландыру және трансформациялау жөніндегі Басқарушы директоры Дәурен Керейбаев баспасөз брифинг барысында айтып өтті.

Оның айтуынша, биыл ТМД-да баламасы жоқ бірегей бағдарламаға IT саласындағы болашақ мамандар ғана емес, сонымен қатар HR, қаржыгерлер, экономистер және техникалық мамандық өкілдері қатыса алады.

Тағылымдамадан өтушілер Алматы және Астана қалаларындағы «Самұрық-Қазына» тобының: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК»  АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «QazCloud» ЖШС және т.б. компанияларында жұмыс тәжірибесін сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарламаның әрбір қатысушысына жеке тәлімгер бекітіледі. Тағылымдама кезеңінде 50 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы стипендия көзделген.

«Цифрлық жаз» жас таланттарға кем дегенде тағылымдамадан өтуге, өз мүмкіндіктерін сынауға, еліміздің ірі компанияларының жобаларын іске асыруға үлес қосуға, оқуға, ең көп дегенде жұмысқа орналасуға көмектеседі», деді Дәурен Керейбаев.

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық жаз» бағдарламасы жас мамандарды Қор компаниялары тобындағы цифрландыру және трансформациялау жобаларына тарту үшін 2018 жылы іске қосылды. Бағдарлама студенттер арасында танымал бола бастады: 2018 жылы қатысуға 500 өтінім берілді, ал 2020 жылы-4,5 есе көп. Өткен үш жыл ішінде бағдарламаның 54 түлегі Қор тобының компанияларынан жұмыс туралы ұсыныстар алды.