Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының ескі жұрты Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 шақырым солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағасынан оңтүстікте 2 шақырым жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан. Қаланың ежелгі аты жазба деректерде кездеспейді. Сырдария өзенінің бойында осы Үтіртөбеге ұқсас ортағасырлық 40 қаланың орны бар деген дерек те кездесіп қалады. Демек, біз сөз етіп отырған Үтіртөбе – Сыр бойындағы қырық қаланың бірі.

Ежелгі қаланың тарихын зерттегендер Үтіртөбе оғыздардың қаласы болуы керек деген пікірге көбірек басымдық береді. Қалашықтың орналасуына, табылған жәдігерлерге қарап, тарихшылар оның Сырдың орта ағысы бойындағы ондаған қаламен ұқсастығын байқаған. Тарихқа ден қойсақ, Махмұд Қашқари оғыз дәуірі кезінде Сырдың бойындағы қала мәдениеті даму сатысының жоғары деңгейінде болғанын, Сырдарияның жоғары саласы Келес даласында «Оғыздар қонысы» (Дех и гузз) болғанын, Шаш аймағында оғыздар мен қарлұқтардың исламды қабылдаған тайпалары қоныстанғанын жазып кеткен. Испиджаб пен Шаштың батыс аймақтары, оның ішінде Ұтырлы да оғыздардың жеріне кірген.
Бұл тек болжам ғана. Себебі күні бүгінге дейін бұл ежелгі қалашықтың орны көңілден де, көзден де таса болып келді. «Қаланы 1971 жылы Ю.Ф.Буряков, О.М.Ростовцев, кейін Сырдария археологиялық экспедициясы (жетекші М.Қасенов) зерттеген. Қаланың сыртын 5-10 м-ге дейін су шайып кеткен. Сондықтан оның пішіні сақталмаған. Қазіргі аумағы 388×180 м, батыстан шығысқа созылып жатқан төбе. Жобасы үтірге ұқсайды. Қаланың шығыс бөлігі 3-3,5 метрге дейін биік, бұл қала цитаделі болса керек. Оның сақталған аумағы 80×80 метр. Ал батыс бөлігінің биіктігі – 1 метр. Сумен шайылудың салдарынан биіктігі 1-2 м-лік жарқабақ пайда болған. Ол жерден табылған әртүрлі құрылыс пен үй қалдықтары, қыш ыдыс, кірпіш, тас, темір сынықтарына қарағанда қаланы тұрғындар VII-XII ғасырларда мекен еткен» дейді Уикипедиядағы мәліметтер.
Ежелгі қаланың жер бетінде сайрап жатқан іздерін 1930 жылдары Арыстың бойынан Мақтааралға көшіп барған бабам көрген, әкем көрген. 1940 жылдары, сол кездегі 7-8 жастағы ойын баласы әкем қалашықтың жер бетінде сайрап жатқан іздерін көзбен көргенін, жерді 1 метр тереңдікке қазып қалса, сынған қылыш, құмыра, тіпті кәріз су жүйелерінің әбден тотыққан қалдықтары шыға келетінін ертегідей етіп айтып беретін. Осы өңірде бұрыннан тұрып келе жатқан көнекөз қарилар Түркістан облысындағы Асық ата өңірі Үтіртөбе, Мыңтөбе, Күлтөбе деп аталатын ежелгі қалалардың үстінде орналасқанын, үлкен қорымдар барын, жоғарыда аты аталған ежелгі қалалардың ескі жұртын көзбен көргенін, қалашықтың орны, қорымдар тегістеліп, мақталық алқаптар мен совхоз-колхоздардың астында қалғанын күні кешеге дейін айтып келді.
Үтіртөбенің ежелгі өркениет тарихында орны бар қала болғанын дәлелдейтін деректер күні бүгінге дейін табылып жатыр. 2019 жылы Үтіртөбеден 10 километр қашықта, Сырдария өзенінің жағасынан 16-30 жас аралығындағы жас жауынгерлер жерленген ежелгі қорымның орны табылды. Жергілікті археолог Аманкелді Тұрмановтың зерттеуінде бұл қорым Х-ХII ғасырға тиесілі екені және әлгі жауынгерлердің шайқаста қаза болып, бірге жерленуі мүмкін екендігі де айтылған. Ежелгі зираттың ені – 200 метр. Қазба жұмыстары кезінде табылған құлпытастағы жерленгендердің аты-жөні, туған-өлген жылдарын көрсеткен жазбаларға дейін өшпеген.
Үтіртөбе қалашығының маңайында тұратын ауыл тұрғындары Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілген кезде адам сүйектері, қыш-құмыра қалдықтары жер бетіне жиі шығып қалатынын айтады. Бұл дерек өте ерте замандағы қалалар Сырдария өзенін жағалай орналасқан деген пікірді одан сайын нақтылай түседі. Бірақ мамандар әзірге бір тоқтамға келудің қажеті жоқтығын, ол жерлерде қалашықтардың орны бар деген шешім шығаруға әлі ерте екенін, әлі де нақтылай түсу қажеттігін айтып, ел-жұртты сабырға шақырумен шектеліп отыр.
ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Оңалбай Аяшевтің айтқанына ден қойсақ, ортағасырлық Ұтырлы қаласына жүргізілген археологиялық қазбалар Үтіртөбе қаласының өмір сүрген уақыты VІІІ-ХІІ ғғ тиесілі. Қаланың салыну кезеңі оғыз дәуіріне тура келеді. Оған қаладан табылған жәдігерлер дәлел.
–Үтіртөбе өзінің жобасы жағынан өте ерекше құрылыс. Қала дамуының шарықтау шегі Х-ХІІ ғасырлар. Бұл кезең бүкіл Орталық Азия мен Қазақстан қалаларына тән. Қала басқа қалалармен сауда және экономикалық байланыста болған. Қазбалардан табылған құмыра, металл, зергерлік бұйымдар басқа қаладағы жәдігерлерге өте ұқсас. Үтіртөбе қаласы геосаяси жағынан Ұлы Жібек жолының Сырдың сол жағалауындағы тармағында, тоғыз жолдың торабында, қолайлы жерде орналасқан. Қаланың құрылыс жобасы да ортағасырлық қалалардың жобасына сәйкес. Сонымен бірге бір ерекшелігі, қала сыртындағы зираттың орны ислам діні қала тұрғындарының негізгі діні болғандығын көрсететді. Бұл қаланың құрылыстары шикі кірпіш пен қыш кірпіштен салынған. Бұл дәстүрлі құрылыс Сыр бойы қалаларына тән. Үтіртөбеде сырттан келген әшекей заттар, шыны ыдыстардың табылуы оның Жібек жолының бір тармағында жатқандығына дәлел болады. Ұлы Жібек жолының бір тармақшасы осы өңірден өткен деп есептеуге толық негіз бар, – дейді Оңалбай Аяшев.
Осы қаланың тарихын зерттеген Марат Хасенов өзінің жазбаларында Үтіртөбе Ұтырлы қаласының тарихын VIII-ХV ғасырлардағы қазақ жерінде орналасқан қалалар тарихынан бөліп-жарып қарай алмаған. М.Хасенов ұсынған деректерді алға жылжытсақ, Шыңғыс хан заманындағы ежелгі қала Цитадель, Рабат және Шахристан деп аталатын, үш тарапқа жол бастайтын үлкен қақпалардан тұрған. Соның екеуі Сырдария өзенінің астында қалған, ал Рабаттың ізі жер бетінде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша өткен ғасырдың 60-жылдары салынған Шардара су қоймасы суының көтерілуінен қаланы сел баса бастаған. Қазіргі кезде қала үстін қамыс пен жыңғыл басып, жылда қаланың мәдени қабатын 1-2 метрге дейін су шайып кетеді екен. «Егер су осылай шая берсе, 15-20 жылда тарихи қаланың орыны тегіс жойылуы мүмкін» дейді тұрғындар.
Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының географиялық орналасуы шынында да заманында қаланың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына қолайлы болған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдардың мәліметінше, қаладан шығыс, солтүстік-шығысқа қарай жол Сырдан өтіп Чиначкентке (Шыназ), одан әрі Орталық Азияның ірі орталығы – Шашқа (Ташкент) барған. Ал Сырдың сол жағалауымен жоғары қарай өрлеген жол Хожентке жеткен. Сырмен төмен қарай жүрген тағы бір негізгі бағыт Сүткент қаласы арқылы өтіп Оқсызға (Весидж) барған. Одан әрі жол жан-жаққа (Яссы-Сауран-Сығанақ, Испиджаб және Орталық Қазақстан бағыттары) тармақталады. Ал қаладан оңтүстік-батысқа қарай «Жызақ жолымен» шыққан тағы бір бағыт Мырзаның шөлін басып өтіп, Жызаққа, одан әрі Самарқан, Бұхара асқан. Міне, осы ортағасырлық Үтіртөбе қаласы алғашқыда Қазақстан археологтері тарапынан аз зерттеліпті. Өткен ғасырдың 60-жылдары жүргізілген Шардара археологиялық экспедициясының зерттеу аясынан тыс қалған. Бұл ортағасырлық қала тіпті Қазақ Совет энциклопедиясы, «Археологическая карта Казахстана» (Алматы, 1960), «Свод памятников истории и культуры Казахстана в Южно-Казахстанский области» (Алматы, 1994) атты іргелі басылымдарға да енбей қалыпты. 1963-1971 жылдары Өзбекстан Республикасына қараған. 1971 жылы Өзбек КСР Археология институтының профессоры Ю.Ф.Буряков бастаған Шаш-Илак археологиялық тобы Үтірлітөбе (Үтіртөбе) қаласында болып, оның тарихи-топографиялық құрылымын анықтап, әртүрлі бөліктерінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Ортағасырлық қалаға алғаш назар аударып, зерттеуді қолға алған Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті болды. Аталған оқу орнының «Отан және шетел тарихы» кафедрасының профессор-оқытушылары Сабира Апашева мен Мырзабай Мейірбековтің дабыл көтеруімен ортағасырлық Ұтырлы (Үтіртөбе) қаласына университет тарапынан қаржы бөлінді.
Ғалым Сабира Апашова Үтіртөбе қалашығы археологиялық деңгейде аз зерттелгенін, бұған осы өңірдің 1970 жылдарға дейін Өзбекстанның қаруында болуы себеп болғанын, осы тақырыпты зерттеген Өзбекстанның Археология институтының профессоры Ю.Ф.Буряковты Ташкентке іздеп барып, кездескенін айтты. Бірақ өзбек ғалымы сол кезде өте егде жаста болғандықтан, толыққанды мәлімет бере алмапты. С.Апашованың айтуынша, Үтіртөбе қалашығын кешенді түрде зерттеген кезде ғана Мыңтөбе, Күлтөбе қалаларының сыры ашылады. Бірақ Үтіртөбе қалашығының Қазақстанның археологиялық картасына енбей қалуы оның тарихын тереңдете, індете зерттеуге көп кедергі келтіреді екен. Тарихшының айтуынша, Сырдарияның жағасында, мақталы алқаптың ортасында қалашық орнының сақталып қалуы – Тәңірдің сыйымен бірдей. Ендігі міндет қаланың жер астында тығылып жатқан ескі жұртына қазіргі заманғы технологияның көмегімен барлау жасау, құнды орындар табылса, оны мемлекет иелігіне қайтару.
–Үтіртөбенің екі бөлігі Сырдарияның астында қалды. «Сырдария» университеті қалған бөлігіне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын 3-4 млн теңге бөлінеді. Сырдарияның ернеуінен асып-төгілетін кезі болады. Біз өзен тынышталып, жер құрғаған кезде қазба жұмыстарын бастаймыз. Қаланың көп бөлігінің орны жекеменшік үй құрылысының, мақта алқаптарының астында қалды. Олармен келіссөздер жүргізіп, қажет болса мемлекет иелігіне қайтарып, қалашықтың зерттеу орнын кеңітетін кез келді. Үтіртөбе, тоғыз жолдың торабында орналасқан, Сырдария арқылы су жолымен де жан-жақпен байланыс орнатуға мүмкіндігі бар қала болғаны анық. Археологиялық картаға кірсе, әлемдік тарихтан Үтіртөбеге байланысты деректерді іздестіруге де мүмкіндік туар еді, – дейді С.Апашова.
Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте салық мәселесі қаралды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған топтарға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:16
Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды
• Бүгін, 17:14
Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:48
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 16:47
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Ұқсас жаңалықтар