Қоғам • 25 Ақпан, 2021

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – сенатор

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы парламент өкілі үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек – сенатор

Депутаттың айтуынша, бүгінгі телевизиялық контенттің көрермен ең көп қарайтын уақыты – прайм таймда (18:00 – 24:00) ұлттық санаға соққы болатын, халықтың ар намысына тиетін тақырыптарға арналып отыр. Депутат рейтинг көтеруге бағытталған сенсациялық тақырыптарға арналған  ток-шоулар идеологияны насихаттау үшін жұмсыс істемейді деген пікірде.

«Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасында телеарналардың басты қағидаты болуға тиісті «ұлттық құндылықтарды сақтау», «дәріптеу», «насихаттау» деген ұғым-түсінік жоқ. Біз отандық арналардың барлық иелерінен эфирде көрсетілетін кез-келген контенттің ұлттық құндылықтар қағидасына негізделуін талап етпейінше қоғамдағы руханият деңгейі көтерілмейді. Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінен заңнамада жоғарыда аталған талапты көздейтін нормаларды қарастыруды және тиісті заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруды сұраймын», дейді сенатор.