31 Желтоқсан, 2013

Аспаннан алтын жауған күн

927 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

GZ-MODUL-KAZ2Биыл Алматыда өткен әлем чемпионаты Қазақстанның ғана емес, төрткүл дүние боксының тарихында үлкен оқиға болғаны анық. Бұл дүбірлі бәсеке қа­зақ­стандық боксшылардың талайлардан бағы басым екенін, тіпті, төрден ойып тұрып алатын орны бар екенін айқын дәлелдеді. Қазақ елінде ерте заманнан-ақ жекпе-жек өнері өте жақсы дамыған. Күрес десе білегін сыбанып алыса кететін қазекем, жұдырықтасу өнерінен де алдына жан салмайды. Алматыда өткен әлем чемпио­натында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола олжалап, тұңғыш рет бірінші орынға шықты. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің 111 елінен 457 боксшы қатысты. Бокс – қазақтың ұлттық спортына айналғанына көп жылдар болса да, бір әлем біріншілігінде осыншама бас жүлде алынбаған еді.

 

GZ-MODUL-KAZ2

Биыл Алматыда өткен әлем чемпионаты Қазақстанның ғана емес, төрткүл дүние боксының тарихында үлкен оқиға болғаны анық. Бұл дүбірлі бәсеке қа­зақ­стандық боксшылардың талайлардан бағы басым екенін, тіпті, төрден ойып тұрып алатын орны бар екенін айқын дәлелдеді. Қазақ елінде ерте заманнан-ақ жекпе-жек өнері өте жақсы дамыған. Күрес десе білегін сыбанып алыса кететін қазекем, жұдырықтасу өнерінен де алдына жан салмайды. Алматыда өткен әлем чемпио­натында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола олжалап, тұңғыш рет бірінші орынға шықты. Бұл байрақты бәсекеге әлемнің 111 елінен 457 боксшы қатысты. Бокс – қазақтың ұлттық спортына айналғанына көп жылдар болса да, бір әлем біріншілігінде осыншама бас жүлде алынбаған еді.

Куба қабыландары кезінде 6-7 алтын жүлде алып, дүние жүзін бір дүрліктірсе, Қазақ елі де бокс тарихына өз атын ойып тұрып жазды. Егеменді ел болған жылдары олар барлық Олимпия ойындарында құрмет тұғырының жоғарғы баспалдағына шығып, үш рет әуесқой бокстан беделді олжа – Вэл Баркер Кубогына ие болды. Міне, осылайша қа­зақ­стандық бокс мектебі әлемдегі мық­тылардың бірі екенін дәлел­деді. Ең бастысы, қазақ боксының дамуы дұрыс жолда екенін көр­сетті. Сөз жоқ, еліміздің төрінде өт­кен бұл әлем чемпионаты тәуел­сіз Қазақстанның әлемдік спорт алаңында қол жеткізген жетіс­тіктерінің бірі.

Тағы бір айтарымыз – осынау жетістік, қуаныштың бәрі Қазақстан боксының жүйелі дамуына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келді. Ел боксының тарихына көз жүгіртер болсақ, біздің елімізде ең алғаш рет 1933 жылы спорттың осы түрінен алғашқы секциялар ашыла бастаған еді. Міне, осылайша біздің елімізде бокс – спорттың ерекше танылған түрі. Және біз әлемдік аренада спорттың осы түрін дамытуға мүдделіміз.

Біржан Жақып, Мерей Ақ­ша­лов, Данияр Елеусінов, Жә­ні­бек Әлімханұлы, Әділбек Ния­зым­бетов, Иван Дычко, Қай­рат Ералиев пен Берік Әбді­рах­мановтың Алматы төрінде өт­кен әлем чемпионатындағы жеңіс­тері елге үлкен күш, рух берді. Осы жеңістен кейін бай­рақты ағаларына еліктеп көп­теген жасөспірімдеріміз бокс сек­ция­ларының есігін айқара ашқа­ны ақиқат. Әрине, Қазақстан бок­сы осындай абыройға бір жыл­да немесе аз уақыттың ішін­де ие болған жоқ. Жоғарыда айт­қа­ны­мыздай бұл 80 жылдан бері тө­гілген тердің жемісі. Бұл Елба­сымыз Н.Назарбаевтың спорт­қа деген сүйіспеншілігі, осы сала­ға үлкен қолдау көрсетуінің арқасында қол жеткізген табыс. Жаттықтырушылар мықты бокс­шы тәрбиелеу үшін барын сал­ды. Әйтсе де, спорттың осы түрі­нің өркендеуіне ҚР Бокс феде­рациясының президенті Тимур Құлыбаевтың қосқан үлесі өте зор. Тимур Асқарұлы фе­дерацияға президент болып келгелі жаттықтырушылардың алаң­сыз жұмыс істеуіне барлық жағ­дай жасалды. Өз кезегінде жаттықтырушылар да үлкен жауапкершілікті сезініп, намыс­ты қолдан бермеді. Бірліктің ар­қа­сында жүйелі де ғылыми түрде жүргізілген жұмыс оң нәтижесін берді. Алла қолдап, Қазақ елі бокс­шыларының байрақты бә­­се­­­келерден жүлдесіз оралған кезі бол­­ған емес. Кешегі жеңіс алдағы, яғ­ни 2016 жылы өтетін Олимпия ойын­дарын­дағы тұғырдың ең биік саты­сына жасалған алғашқы нық қадам деп айтуға әбден болады.

Мырзағали АЙТЖАНОВ,

бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері,

Қазақстан Республикасына еңбек

сіңірген жаттықтырушысы.

ШЫМКЕНТ.