Әләуләйщина
Қырқыншы жылдардың соңында ақын Сырбай Мәуленов Қостанай облыстық газетінде редактордың орынбасары болып біраз уақыт қызмет атқарады. Бастығы демалысқа немесе бір жаққа іссапарға кеткен кезде Сырбай ыңғайын тауып, газеттің бір бетіне тұтастай «Әдебиет бетін» салып жібереді екен.
Осы жайт төрт-бес рет қайталанған соң, мұны байқап жүрген облыстың бірінші бастығы Сағалбай Жанбаев Сырбайды өзіне шақырып алып: «Сен неге әләуләйщинаңа басасың? Газеттерің партияның органы, саяси газет... Ал сен болсаң әләуләйщинамен айналысасың!» деп ескерту жасапты.
Сырбай осылайша ауызша сөгіс естіп, үндемей шығып кетеді.
Арада жылжып жылдар өтеді.
Жанбаев біраз жерде басшылық қызметте болып, соңынан Орталық Комитеттегі партиялық комиссияға жұмысқа ауысады. Сол қызметте жүрген кезде бірде Қырымға барып дем алыпты. Демалып жүріп бір топ өлең жазыпты. Алматыға қайтып оралған соң Қырымда жазған әлгі өлеңдерін құшақтап «Жұлдыз» журналының редакциясына әкеледі ғой.
Ол кезде «Жұлдыздың» бас редакторы Сырбай Мәуленов екен. Сырағаң өлендерді оқып көрсе, көркемдік дәрежесі төмендеу, нашарлау дүниелер екен:
– Ақсақал, біз мұндай әләуләйщинаны баса алмаймыз. Біз қоғамдық-саяси журналмыз, – дейді Сырбай.
Сонда Жанбаев мырс етіп күліп жіберіпті де, басын бір шайқап, бөлмеден үнсіз шыға жөнеліпті.
Акробат
Әйгілі Шашубай ақын – Шашубай Қошқарбаев әнші, жыршы, сал сері, композитор, айтыс ақыны ғана емес, мың бұралтып би билей алатын, жүз құбылтып сиқыр ойын да көрсете алатын, әсемдеп акробатика да жасай алатын сан қырлы өнер иесі болған кісі екен. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар болса керек, сол Шашекең бірде сырнайын арқалап, жаяулатып жолға шығады. Үлкен жолда анда-санда өткен машиналардың бір-екеуіне қол көтерсе – алмай, зу етіп қасынан өте шығады. Шашекең ақыры қулыққа көшеді: қара жолдың қақ ортасына төбесінен шаншылып, аяғын жоғары көтеріп тұра қалыпты.
– Ойбай, ақсақал, сізге не болды? – дейді машинасын амалсыз тоқтатып, жерге түскен жүргізуші.
Сонда Шашекең алақанындағы шаңды қағып:
— Қол көтергендерге сендер тоқтамайды екенсіңдер. Сосын, тегі шопырдың жөні осы шығар деп, аяғымды көтеріп едім, – деп жауап беріпті.
Атақ үшін ақша төлеу
1958 жылдың көктемінде Ғабит Мүсірепов КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат болып тіркеледі де, қасына ақын Мұзафар Әлімбаевты ертіп, шағын ұшақпен Мәскеуге ұшады. Бірақ ұшақ апатқа ұшырайды да, абырой болғанда Қызылқұмның шағылына құлап, жолаушылар аман қалады. Аман қалған жолаушылар торғайдай тозып, құмды кешіп әлдебір ауылға жетеді. Бой жазып, дем алған соң Ғабең мен Мұзағаң ауылдың дүкеніне кіреді. «Самолеттен құлаған кезде бірдеңеге ілініп кеткен бе, іш киімім жыртылып қапты», — деп Ғабең ағараңдаған бірдеңені құлаштап өлшеп жатқан кезде, Мұзағаң оның бағасын біліп алып, сатушыға ақшасын төлейді. Мұны байқап қалған Ғабең:
– Әй, кедей (ол кісі Мұзафарды ылғи да осылай атайды екен), сен не істеп жатырсың? Немене, байып кеттің бе? – депті.
Сонда Мұзағаң:
– Әлі байи қойғам жоқ, Ғабе. Бірақ «қазақтың Ғабитіне дамбал сатып алып бергем» деген атақтың өзі неге тұрады?! Сол атақ үшін ақша төлеп жатырмын,– деген екен.
Әлібек АСҚАР
Нұр-Сұлтан
Қалжалы қайыршы
Белгілі театрдың бір кездердегі белді әртістері нарық заманының, әсіресе өнер адамын өлеусе етіп талапайын шығарғанда, кәсіптерін өзгертіп, беттің арын белге буып – өнерлерін «қайыр сұрауға» бағыттағандарына еш өкінбейді.
Қазіргі «мінейін» деп тұрған «Астана-Алматы» бағытындағы тек дөйлер ғана мінетін «Тұлпар» жүрдек пойызына дейін қай-қайда қайыр сұрап көрмеді дейсің... Әртістіктің арқасында – «жүдеп-жадап» жыртық-жамау да кие алады, көз жасқа ерік беріп еңіреу де қолдан келеді, ойһой, бұлар небірді айтып тілін безенгенде – ет пен сүйектен жаралған пенде атаулының қайырылмайтыны кемде-кем...
Бұл екеуі жүрдек пойыздың бас жағындағы бас вагон тұсында бұл пойыздың бас жібін ұстаған басекеңе «мінетіндерін айтып» есеп-айырысып бітіп, көлік қозғалғанша деп екеуара күбірлесіп тұр.
– Барған курортым ит арқасы қиянда болса да, самолет тіке ұшады екен, алты сағатта желдей есіп жеткізе қойды. Бес жұлдызды қонақүйі ғажап! Ертегідегідей елес кезіп, он күн тез-ақ бітіп, бала-шаға бола тұрайықшы деген соң тағы бір бес күнге ұзартып керіліп-созылып жаттық.
– Мен онда ертерек болғаным дұрыс болыпты. Ортаншы ұл үйленіп, әуре-сарсаңымен біздің де он күн өте шығыпты... Қарға тамырлы емеспіз бе, бес жүз адам бірден сыярлық мейрамхана болмай, екі күнге бөліп шақырып әупіріммен өткердім-ау әйтеуір.
Басқасын білмеймін, жылқының құны төрт жүз мыңның үстінде екен, молынан жетсін деп төртеуін бір-ақ тырапай асырдым.
Бір бітіргенім, той үстінде келін-баланың оңаша үйінің кілтін табыстадым.
– Жаңағы осында әкелген көлігің «Мерседес» емес пе, мен де соның мықтысын міндім. Онымды Қарағандыдағы вокзалға жібердім, қазір мұндағы жұмыс бітіп, онда түсе сала соған мініп Алматыға тартамыз. Ол мына жүрдек пойызыңды шаң қаптырады. Ертерек жетіп, Алатау бөктерінде бөгіп демалып, ертеңгі «Тұлпар» пойызына қайта шығамыз.
– Пойыздың қозғалатын сұрқы бар, бұл жолы мен қара көзілдірігімді кидім, тілімді тістедім, аянышты кейпіме түстім, өзің сөйле, зарла, жырла... ал кірдік.
– Жортқанда жолдарың болсын, жолаушы! Кім-кімде де арман-тілек болады, сол Алланың кұлағына шалынып, дегендерің болсын, абзал азаматтар! Біз бір бейшара пенделеріңізбіз. Ажал айтып келмейді, өрт – тілсіз жау, бір-ақ күнде ордамызды ойрандап, шаңырағымызды опырып ортасына түсірді... Төрінен көрі жақын әке-шеше боздап ол отыр. Бесіктен белі шықпаған бала-шаға аңырап айдалада қалды. Он екі мүшесі сау мына інім көрер көзден, сөйлер тілден қалып қалт-құлт құр сүлдерін сүйретіп қалды... Демеп-жебей көріңдер, еліміздің маңдай алды марқасқалары!..
Берік САДЫР
Нұр-Сұлтан
Пай, пай, пара!
Халық: «Айтшы, ақыным! Перзентханада да пара, балабақшада да пара, оқу, білім, ғылымда да пара, жұмыс табу да пара, баспана алу да пара, кәсіпкерлікте де пара, денсаулық сақтау да пара, жоғары зейнетақы да пара, үй салуға жерің де пара, парасыз не бар? Парадан қашан құтыламыз? Айтшы?!»
Ақын:
Туғанда кіндігіңді кесер пара,
Парамен «көзін ашар» өсер бала!
Парасыз таңың атып,
күнің батпас,
Парадан құтыласың өлсең ғана!
Параны алу да өнер,
беру де өнер,
Парамен бітпес ісің жөнге келер.
Парасыз бір қоғамды атап берші,
Мінеки, мұрным дайын
кесіп берер!
Тақ берген талайларға
жеке-дара,
Бақ берген жылпостарға
бермей сана!
Бастықты басқа қылар,
қасқа қылар
Жазылмас індет болған,
пай, пай, пара!
Àéìұõàíáåò ÁÅÉÑÅÌÁÅÊÎÂ
Øûғûñ Қàçàқñòàí îáëûñû
Сен ќалай кїн кґресіѕ?
Ќоян кїн кґреді, сылдыр етсе ќашып жїріп,
Маќтаншаќ кїн кґреді, арнасынан асып жїріп.
Жалєыз кїн кґреді, жалтаќтап жасып жїріп,
Сўраншаќ кїн кґреді, екі бетін басып жїріп.
Саудагер кїн кґреді, їстеме баєа ќосып жїріп,
Ўры кїн кґреді, иесінен шошып жїріп.
Ќотыраш кїн кґреді, ќышынєанда ќасып жїріп,
Байлар кїн кґреді, уыстап доллар шашып жїріп.
Ўятсыз кїн кґреді, абыройын ашып жїріп,
Би, тґре кїн кґреді, жалпаєынан басып жїріп.
Қазыхан ӘШЕ
Алматы
Мейрамханадағы мәймөңке
– Даяшы, маған ең жас балапанның етін беріңізші.
– Одан да жұмыртқа жей салмайсыз ба?
* * *
Кішігірім мейрамханада адамдар соншалықты көп емес. Бір көңіл көтеруші даяшыға:
– Кеше сіз маған бүгінгідей ақшаға екі есе көп тамақ беріп едіңіз. Бүгін не болды? – деп сұрайды
Даяшы:
– Кеше қайда отырып едіңіз?
– Онда тұрған не бар? Терезенің алдында отырдым.
– Бар мәселе сонда, – депті даяшы, – терезенің алдында отырғанға біз көп тамақ береміз. Себебі бұл сырттағы адамдарға жарнама.
* * *
Мейрамханада даяшылар бірнеше үстелді қосып әуре болып жатқанда, бір келуші:
– Не, банкет болайын деп жатыр ма? – деп сұрап қалады.
– Жоқ-а, бір антұрған керіктің мойнына тапсырыс беріп еді.
* * *
– Бір пенде аяқасты қиналып жатыр! Араларыңызда дәрігер бар ма?!.
– Дәрігер! Мардымсыз айлық алатын дәрігер мейрамханаға қайдан келсін!..