Алғашқы қола жүлдені ел қоржынына жуырда ғана Қазақстан кубогында топ жарған Мария Гречаная салды. Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде сынға түскен жерлесіміз екі бағдарлама қорытындысы бойынша 144,08 ұпай жинап, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Бірінші орынды бельгиялық Нина Пинзароне, екінші орынды швейцариялық Кимми Репонд иеленді.
Екінші қола жүлдені Қазақстан кубогының тағы бір жеңімпазы 16 жастағы алматылық Михаил Шайдаров жеңіп алды. Әйгілі Олимпиада чемпионы Алексей Урмановтың қоластында жаттығатын Шайдаров екі бағдарлама қорытындысы бойынша 191,65 ұпай жинады. Бұл сында болгариялық Ларри Лоуполовер жарыс жеңімпазы атанса, Дэвид Леутенбрайн екінші орыннан көрінді.