Автокөлікпен сапарға шығарда, баланы балалар креслосына отырғызыңыз, балалар оған тез үйренеді және басқа орынға отырмайтын болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін өзіңіз бекітіңіз, өйткені бұл балаға жақсы үлгі болады.
– Балаларды ерте жастан бастап жол ережелерін сақтауға үйретіңіз. Жеке мысал оқытудың ең түсінікті түрі екенін ұмытпаңыз. Есіңізде болсын! Бала сізден, ата-анадан және басқа ересектерден үлгі алып, “жол заңдарын” үйренеді. Сіздің мысалыңыз тек сіздің балаңызға ғана емес, сонымен қатар басқа балаларға да көшеде тәртіпті болуға үйретсін, – деп түйіндеді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында балалардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы орын алып, 13 бала түрлі дене жарақатын алды.