Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Көктемгі әскерге шақыру: Елордадан 800-ден астам азамат жіберіледі

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Пандемия жағдайында халықпен тікелей байланысты төмендету үшін әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберу жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көктемгі әскерге шақыру: Елордадан 800-ден астам азамат жіберіледі

Пандемия жағдайында тұрғындармен тікелей байланысты азайту, сондай-ақ көктемгі шақыру кезінде хабарландыру процесін автоматтандыру мақсатында, сынақ режимінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға SMS хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.

Көктемгі әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылушыларға ПТР екі рет жүргізіледі: әскерге шақыру кезінде – жиын пунктерінде, ал әскери бөлімдерде – жас толым келген кезде.

Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Берекполовтың ақпараты бойынша, көктемгі шақыру науқанын өткізуді 2021 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда. Көктемгі әскерге шақыру шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатары 18-27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан астам мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толықтырылады.

«Елордамыздан әскерлерге 1 600-ден астам шақырылушы жіберіледі. Оның ішінде көктемгі әскерге 800-ден астам азамат жіберіледі. Нұр-Сұлтан қаласының әскерге шақыру комиссиясының төрағасы болып қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин тағайындалды.

Бір жылға жуық уақыт бойы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру коронавирустық инфекцияның таралуы аясында жүзеге асырылуда.

Коронавирустың таралуының алдын алу шараларының жиынтығы үнемі Қорғаныс министрінің бақылауында. Алынған практикалық тәжірибе, сондай-ақ әскерге шақыру және жиын пунктерінде жіберілетін әскерге шақырылушыларды оқшаулауға байланысты шақырылушылар мен олардың ата-аналарының жағдайды түсінуі әскер ортасында инфекцияның жаппай таралуын болдырмауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Ол өз сөзінде кез-келген адам қажетті ақпаратқа жүгіне алатынын және сұрақтарына жауап ала алатынын айтып өтті. Осы мақсатта қалалық жиын пунктінде «Қарулы Күштер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді, электронды пошта жәшіктері және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар да құрылды.