Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Асығыс шешім қателікке ұрындырмасын

199 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаман індеттің құрықтала бастауымен қатар мектеп оқушылары жаңаша оқу форматына шұғыл көшіріліп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова: «Өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты білім беру ісін ұйымдастыруда қалыпты режімге біртіндеп көшу басталды», деді.

Асығыс шешім қателікке ұрындырмасын

Соның ішінде 300-ге дейін оқушысы бар қала мен ауыл мектептері қалыпты жағдайда оқуды жалғастырады. 9, 11-сынып оқушылары да бұ­­­­рынғы қалыпта қалады, атап айтқанда, олардың оқи­тын пәндерінің 70 пайызы штат­тық, ал 30 пайызы қа­шықтан оқу режімінде болады. Сыныптарда 15 баладан артық болмауы да қадаға­ла­нады.

Ең басты өзгеріс –­­­­­ 1-5-сыныптарда. Ертеңнен бас­тап ондағы оқушылар құрамы то­лық форматта оқытылады. Мұ­ның мәнісі сол, оқушылар тегіс келеді. Тек балаларының дерт­ке ұшырауы себепті қа­шық­тан оқытуды қалаған ата-ана­лардың тілегімен ғана үйден оқытуға болады. Мек­тептер екі ауысымда оқы­ту­ға да бірден көшпекші. Бі­рін­ші ауысымда 1, 4, 9, 11 және екін­ші ауысымда 3, 4, 5-сыныптар оқытылмақ. Ал 6, 7, 8, 10-сыныптар қашықтан оқу­­ды жалғастырады.

Қаладағы Әбу Досмұха­медов атындағы дарынды ба­ла­лар­ға арналған мектеп-гим­на­зия сияқты арнаулы мек­тептерде сыныптардың то­лық болуына рұқсат етілген. Осы тәртіп барлық мектеп пен сынып жетекшілеріне жет­кі­зілді.

Г.Кәрімова бәрі де құ­лақ­тан­дырылып, жаңа тәр­тіпке көшуді бастайды де­генімен, көптеген ата-аналар мен журналистер жаңа тәр­тіпке көшудің шұғыл болуына наразалық білдірді. Бұл жаңалықпен ата-аналарды да құлақтандыру ке­рек екендігі көп айтылуда. Шынында, көптеген ата-аналар балаларының қашықтан оқы­тылатынына үйреніп, өз­де­­рінің жұмыс жоспарларын соған үй­лестіріп қойған. Енді аяқ астынан білім басқар­ма­сының мұн­дай ше­шім қа­был­дағаны бар­лық ата-ана­ға жайсыз тиіп жатыр. Бұдан кім не ұта­тыны белгісіз. Өзгеріс­тер­дің бәрін 20 күндей ғана қалған ке­лесі тоқсаннан баста­ға­ны дұ­­рыс еді деген сөздерді де есті­дік.

Осы асығыстықтың өзі дұ­рыс шешімдерді қабылдауға деген ықыластың жоқтығын көр­сетіп тұр. Қай күнде де асы­ғыс­тық жақсылыққа апар­май­ты­нын жас басшылар біле бер­мейтін сияқты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы